Сабақтың тақырыбы: Дессертоциялық хронология шеңбері
Сабақтың мақсаты: Дессертоциялық хронология шеңберін түсініп, тарихи шежіре туралы мағлұмат алады.
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі
ә) Жаңа сабақ
Жұмыстың хронологиялық шеңбері XV ғасырдың екінші жартысынан қазіргі уақытқа дейінгі кезеңді қамтыды. Бұл жағдай шежірелерді шартты түрде үш топқа бөліп қарауға байланысты: «Шыңғыснаманы» жазған Өтеміс қажы (XVI ғ.), Мұхаммед Қайдар Дулат (1499–1551), Қадырғали Жалайыри шежірелері мен Әбілғазы Баһадүрханның (1603–1664) «Түркі шежіресі»; ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басы: М.Ж. Көпейұлы (1858–1931), Қ. Халид (1846–1913), Ш. Құдайбердіұлы (1858–1931), Н. Наушабай (1858–1919) мұралары. Мәшһүр Жүсіп шежіре қолжазбасы ескі уақыттан бастап XХ ғ. бірінші ширегіне дейін орын алған оқиғаларды баяндайды. Шәкәрім шежіресі де солай. ХХ ғасырда шежіре жасаушылардың топтамалары. Шежірелер құрамында ескі тарихи дәуірлердің мәліметтері тарихи-тұрмыстық жыр, аңыз күйінде көп сақталған. Осылайша кейбір шежіре мәліметтері мерзім жағынан ерте дәуірден қазіргі күнге дейінгі уақытты қамтығанымен, генеалогиялардың дені қазақ хандығы дәуіріне қатысты. Мұнда моңғол мемлекеті күйрегеннен кейінгі уақыт пен қазақ жүздерін қалыптасуы дәуіріндегі қазақ ру-тайпаларының құралу принциптерін айғақтайтын тарихи-генеалогиялық жүйе сипатталады.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1. хронологиялық шеңбері қай ғасырдың екінші жартысынан қазіргі уақытқа дейінгі кезеңді қамтыды ?
2. Бұл жағдай шежірелерді шартты түрде қанша топқа бөлінді?
IV. Қорытындылау
29 - сабақ
Сабақтың тақырыбы: Шежіренің қазіргі маңызы
Сабақтың мақсаты: Шежіренің қазіргі маңызы туралы түсінік алады .
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі ә) Жаңа сабақ Бір ұлттың тарихының бір бөлімі болғандықтан, ұлт болудың жоғарғы шарты арқылы ата тегін тани білетін ұрпақты тарих пен қайта тәрбиелеу болып табылады. Біздің шежіре жинап, жария ету мақсатымыз халқымыздың өз шежіресін оқып, білу, танып, қайсысы шын, қайсысы өтірік екеніне зерттеп шындыққа көзін жеткізу, сөйтіп ұлтымыздың мұралық шежіресін табу.
Қазіргі шежіреде қазақтың екі жүзден көп ру шежіресі бар. Осылардың кемістігі айтқан, жазған, не жинаған адамдардың, шежірелік білім әртүрлі, көбіне руына тарту, діндік көзқас бойлап, шежіре тарату, басқаларды қорғау, кемсіту, жауластыру сияқты көзқарастар араласқан. Мысалы, VІІІ-Х ғасырларда қазаққа ислам діні таралуына байланысты қазақтың тегін араптың Аннас сахабасына қатысты таратулар, кейде уақыт жағынан ауыстырулар, жер-су, адам аттарының ауысулар сияқты жаңсақтық болады. Бұған шындыққа көз жеткізу тарихи, ғылыми дәлел сипатқа жеткенше іздеу керек. 4. Шежіре тарихтың бір бөлімі болғанмен, шежірені тарих орнына қоюға болмайды. Сонымен бірге шежіреде ұлтымыздың тарихи, этнографиялық, фольклорлық, тіл біліміндік мол мәлімет бар. Егер шежіреге немқұрайлы қаралса, осы мәліметтен сыр, тарихымыздың мәнді бір қайнар көзінен айрылып қаламыз.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.
IV. Қорытындылау