Сабақтың тақырыбы: Ауызша дәстүрдегі , шежіредегі түсіндіру.
Сабақтың мақсаты: Ауызша дәстүрдегі тарихи-шежірелі ,жерлерін танып білуге баулу, мақтан тұтар ізгі азаматтар туралы мәлімет алады.
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі ә) Жаңа сабақ Ақпарат айналымы ауызша дәстүрге негізделген байырғы қоғамдарда адам санасы мен жады қызметінің орны ерекше болғаны белгілі. Жады кез келген адам үшін аса білім сақтаудағы қолайлы құрал және сенімді архив, әр адамның өзінше «жеке мұрағаты» бола алады. Бұған ешбір күмән жоқ. Жады мағынасындағы қазақтың балама ұғымы ес, сана.
Жадының негізгі өнімі – естеліктер. Жадыға тоқылған ақпарат тарихи мазмұнда болса, тарихи естеліктер болады, ата тарату, туыстық реті жайында болса, генеалогиялық мағынадағы дерек болады. Осындай естеліктер кешенін кез келген адамның бойынан табуға болатыны сөзсіз. Сол естеліктердің барлығын тарихи дерек мақсатына жарату мүмкін болмаса да, олардың жиынтығын талдау арқылы тарихи шындық туралы түсінік қалыптастыруға болады.
Тарихи факт болмай тарихи дерек жоқ. Тарихи дерек болмай тарихнамалық факт жоқ. Тарихи факт болмай тарих та жоқ екені белгілі. Яғни тарихтың өзі қоғамдық мәні бар әртүрлі орын алған оқиғалардың тіркеліп, себеп-салдары анықталып, түсіндіріліп, тәпсерленіп, баға берілген соң тарихи оқиға ретінде баяндалып, қағазға хатталатыны белгілі.
Осы амалдар арқылы ғана ауызша дәстүр төңірегінде сақталған қазақ шежірелері толымды түрде қордаланып, жүйеге түсіріліп, ғылыми әдіс арқылы талдануы мүмкін. Ал шежірелер – қазақ мәдениетінің дәстүрлі негізін тану құралы, оның маңызды деректік негізі екенін есте ұстау қажет. Ауызша шежірелік үрдістің өзінше даму заңдылықтары да бар. Шежірелердегі ауызша айтылған мәліметтер сол деректерді тудырған ұрпақтан тыс берілген дерек болса, олар ауызша дәстүрге айналады.
Айғақты дәстүр негізінде қалыптасқан үлгілердің өзі "шын" немесе "шын сөз сияқты" дегендей бағалануы мүмкін. Ой, қиял үлгідегі сөз ретінде аңыз, әпсаналарда әртүрлі жеке тәмсіл әңгімелер айтылады. Әрине, осының арасын нақты жік-жігімен айыру үшін «шын» мен «өтірік», «ақиқат» пен «жалған» деген ұғым туралы нақты бір ұстаным қалыптасуы қажет. Мәдениеттануда "ақиқат" Жалпы, қазақта – қара сөз, қара өлең, жоқтау, билер сөзі, мадақ өлең әртүрлі дамыған. М.Ж. Көпейұлы: "Орта жүз арғын төртуыл-қаржас Алтынторыдан шыққан Қалқаман батырдың баласы Бұқар жырау атанған қария тоқсан үш жасында Абылай ханның алдында жыр толғаған. Өз заманындағы жандар бұл кісіні "көмекей әулие" деседі екен. Бір жәй сөз білмейді, тек сөйлесе көмекейі бүлкілдеп жырлай бастайды екен" – дейді.
Ауызша тарих айтушы тұлға, орны, уақыты, туралы түсінік: ауызша тарих айтушы көбіне оқиғаға өзі қатысқан, немесе тікелей оқиғаны көзімен көрген баяндаушының айтқан хабар-деректерін еске сақтауға алады. Осындай тікелей тіркелген жағдайды "нақты тарих", ең дұрысы "нақты шежіре" деп атауға болады.
Қазақ айтады: "көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра" – деп, демек көп ғұмыр кешкен адамның азды көпті көргені аса мәнді болмақ.
Шежіре, немесе аузыша тарихи дәстүр үлгілерін зерттеу бірнеше жолмен іске асады. Біріншісі, қазіргі күндегі шежіре жинаушылардың, сақтаушылардың өнерін зерттеу. Екіншісі, қағаз бетіне түскен ауызша тарихи дәстүрді қолжазба үлгісінен зерттеу. Және соңғысын айтушының өзі жазып қалдырған қолжазба мен айтушының сөзінен жазылып алынған деп айырып қарау қажет.
Тарихи ақпаратты жалғастыру мақсатында ауызекі жанрлар үлгілерінің кең мүмкіндіктерінің барлығы іске қосылып, тарихи оқиға, генеалогиялы дерек туралы мәлімет хадис, тарихи әңгімелер, жыр (тарихи, батырлық), дастан, өлеңмен таратылған шежіре үлгісінде болса да айтылып қалуы керек болған. Сөйтіп тарихта орын алған жаңа оқиға туралы ауызша дерек айтылумен осылайша жалғаса береді.
Нақты айтқанда, шежіререлердің деректері дәстүрлі мал кәсібін дамытып көшпелі тұрмыс кешкен қазақ халқының әлеуметтік-мәдени өміріндегі күнделікті экономикалық, діни, саяси іс-қымалдарын, тұрмыс жайын, шағармашылық қабілеттері мен отбасылық салтын мейілінше дұрыс, ғылыми объективті түсінуге қызмет етеді.
Шежірелердің субъективті қасиеттерінің табиғаты:
– шежірелік дерек ауызекі тарихи дәстүр және біраз уақыт өткеннен соң жатталған сөз болғандықтан байқалады;
– шежірелерде сөзсіз әртүрлі деректік өзгертулер орын алған. Мысалы, Уыз ханның әңгімесінің өзі бірнеше нұсқада айтылады;
– шежірелерде шартты түрде авторлық болжамдар мен автордың жеке теориясы да орын табады;
– субъективтілік шежірелердегі әңгімелерді есте сақтау шаралары тәуелділіктен туындайды.
Шежірелер көбінесе объективті әлеуметтік шындық ортасында айтылған ауызекі тарихи әңгімелерден құралғандықтан, көшпелі тұрмысты сипаттауда оның шаруашылық, ихсаттық жай-күйін баяндайтын дерек ретіндегі тарихи шындықты жеткізу маңызды.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1. Шежірелердің субъективті қасиеттерінің табиғаты?