Балдар жиынтығы
|
Деңгейлер
|
10-18
|
Өте төмен
|
19-27
|
Төмен
|
28-36
|
Орташадан төмен
|
37-45
|
Орташадан сәл төмен
|
46-54
|
Орташа
|
55-63
|
Орташадан сәл жоғары
|
64-72
|
Орташадан жоғары
|
73-81
|
Жоғары
|
82-90
|
Өте жоғары
|
Жеке тұлғаның шығармашылық
әлеуетінің деңгейін бағалау
Төменде ұсынылып отырған тест 9 балдық шәкіл бойынша тұлғалық сипатты немесе тұлғаның шығармашылық әлеуетінің даму деңгейін сипаттайтын олардың пайда болу жиілігін өзінше бағалауға мүмкіндік береді (бағалау әдістері алдыңғы тестідегідей).
Тест сұрақтары
|
Бағалар шәкілі
|
1. Бастаған істі логикалық аяқтау сізде жиі бола ма?
|
1,2,3,4,5,6,7,8,9
|
2. Егер барлық адамдарды ойша логиктерге және эвристиктерге, яғни идеялардың генераторына бөлетін болсақ, сіз қандай дәрежедегі идеялар генераторы болар едіңіз?
|
1,2,3,4,5,6,7,8,9
|
3. Өзіңізді қандай дәрежеде табанды адам деп санайсыз?
|
1,2,3,4,5,6,7,8,9
|
4. Сіздің соңғы «өніміңіздің», еңбектеріңіздің көбіне батапқы жобаңыздан, ойыңыздан айырмашылығы қандай деңгейде?
|
1,2,3,4,5,6,7,8,9
|
5. Адамдардың берген уәдесін орындау үшін талап қоя білу және табандылық көрсетуге қабілетіңіз қандай деңгейде?
|
1,2,3,4,5,6,7,8,9
|
6. Сіз басқалардың атына жиі сын айтасыз ба?
|
1,2,3,4,5,6,7,8,9
|
7. Туындаған проблемалар шешімінің сіздің күш-қуатыңыз бен табандылығыңызға байланыстылығы қандай деңгейде?
|
1,2,3,4,5,6,7,8,9
|
8. Ұжымыңыздағы адамдардың қанша пайызы сізді, сіздің батамаңызды, ұсыныстарыңызды қолдайды? (1 ұпай 10% шамасында)
|
1,2,3,4,5,6,7,8,9
|
9. Көңіл-күйіңіз көңілді және оптимистік жағдайда жиі бола ма?
|
1,2,3,4,5,6,7,8,9
|
10. Егер соңғы жыл бойында сіз шеккен проблемаларды шартты түрде теориялық және практикалық деп бөлсе, онда соның ішіндегі практикалық проблемалардың үлес салмағы қандай?
|
1,2,3,4,5,6,7,8,9
|
11. Өз принциптеріңізді, көзқарастарыңызды жиі қорғайсыз ба?
|
1,2,3,4,5,6,7,8,9
|
12. Сіз үшін өмірлік маңызы бар проблемаларды шешуге көпшілдігіңіз бен тіл табыса білушілігіңіз қандай дәрежеде ықпал етеді
|
1,2,3,4,5,6,7,8,9
|
13. Ұжымдағы күрделі проблемалар мен істерді шешудегі басты жауапкершілікті өзіңізге жиі аласыз ба?
|
1,2,3,4,5,6,7,8,9
|
14. Идеяларыңыз бен жобаларыңызды өмірде қандай дәрежеде іске асырдыңыз?
|
1,2,3,4,5,6,7,8,9
|
15. Жұмыста немесе оқуда тапқырлық және ұтымдылық көрсету арқасында өз қатарластарыңыздан жиі ала шығасыз ба?
|
1,2,3,4,5,6,7,8,9
|
16. Жолдастарыңыздың, жақындастарыңыздың арасында көпшілігі сізді тәрбиелі, интелегент деп санай ма?
|
1,2,3,4,5,6,7,8,9
|
17. Сіздің өміріңізде қабылдағандарыңыз достарыңыз үшін күтпеген, жаңа іс болып көрінген жағдайлар жиі бола ма?
|
1,2,3,4,5,6,7,8,9
|
18. Өз өміріңізді түбегейлі өзгерту немесе көне проблемаларды шешуде жаңа тәсілдер табу жиі кездесті ме?
|
1,2,3,4,5,6,7,8,9
|
Жинақталған қорытынды ұпай негізінде өзіңіздің шығармашылық әлеуетіңізді анықтаңыз.
Балдар жиынтығы
|
Деңгейлер
|
18-39
|
Өте төмен
|
40-54
|
Төмен
|
55-69
|
Орташадан төмен
|
70-84
|
Орташадан сәл төмен
|
84-99
|
Орташа
|
100-114
|
Орташадан сәл жоғары
|
115-129
|
Орташадан жоғары
|
130-142
|
Жоғары
|
143-162
|
Өте жоғары
|
Мұғалімнің конструктивтік-мазмұндық және конструктив-тік - жедел білігінің қалыптасуын бағалау.
2 балл - білігі жоғары; 1 - білігі бар; 0 - жоқ.
№
|
Біліктілік сипаты
|
Балл
|
1.
|
I. КОНСТРУКТИВТІК-МАЗМҰНДЫҚ Алдағы және ағымдағы жоспарлауды іске асыра білу
|
|
2.
|
Сабақтың тиімді құрылымын таңдау және оны композициялық құруды анықтай білу
|
|
3.
|
Сабақ материалын анық жоспарлай білу:
1-бір сабаққа керекті материалдарды таңдап алу, ондағы негізгісін, бастысын ажыратып көрсету;
2-теориялық материалды жеңіл және қарапайымнан қиындау және күрделіге қарай орналастыру;
3-сабақтағы демонстрациялық эксперименттің орны мен сипатын анықтау; 4-есептер мен жаттығуларды оқушылар үшін қиындығының артуына қарай орналастыру.
|
|
4.
|
Оқушылардың сабақтағы жұмысын жоспарлай білу:
1-жаңа материалды игерудегі сынып-тың, жекелеген оқушылардың оқу жұмыстарының тиімді түрін таңдау;
2-оқушылардың әр түрлі топтарының өткен материалды тексеру кезіндегі қызметінің сипатын анықтау;
3-іс-әрекеттің кейбір түрінде оқушыларда туындайтын қиындықтарды қарастыру;
4-оқушылардың оқу жұмысындағы бір сабақтан екінші сабаққа дербестік дәрежесін көтеру.
|
|
5.
|
Сабақта өз жұмысын жоспарлай білуі:
1-сабақтың әр кезеңіне уақытты тиімді
бөлу;
2-бір кезеңнен екінші кезеңге қисынды
көшуді жоспарлау;
3-сабақтың әр кезеңінде оқушылардың
жаңа материалды меңгеруіне басшылық
сипатын анықтау;
4-сабақ барысын өзгертудің мүмкін
жолдарын қарастыру.
|
|
6.
|
II. КОНСТРУКТИВТІК-ЖЕДЕЛ
Педагогикалық қызметті психологиялық-педагогикалық ғылымның және озық педагогикалық тәжірибенің ұсыныстарына сәйкес жүзеге асыра білу
|
|
7.
|
Оқытуда ақылмен тәрбиелеуді іске асыра білу
|
|
8.
|
Оқушыларды оқу білігі және дағдысымен қаруландыра білу
|
|
9.
|
Шығармашылық іс-әрекетке жағдай жасай білу
|
|
10.
|
Оқушылардың оқуға оң көзқарасын, танымдық қызығушылығы мен білімге құштарлығын қалыптастыруға жағдай жасай білу
|
|
11.
|
Қолайлы психологиялық жағдай, педагогикалық оптимизм жасай білу
|
|
12.
|
Оқытудың барлық құралдарын пайдалана білу
|
|
13.
|
Әр түрлі озық әдістерді пайдалана білу
|
|
14.
|
Оқушылардың оқу материалын игеруіне, олардың салыстыру, жинақтау, қорытынды жасау қабілеттеріне бақылау жасай білу
|
|
15.
|
Оқушылардың ауызша және жазбаша жауаптарын талдай және дұрыс бағалау білу
|
|
16.
|
Педагогикалық қызметтің барлық түрін жоспарлай білу
|
|
17.
|
Дайын конспектіні тиімді пайдалана білу
|
|
18.
|
Оқушыларды тану әдістерін пайдалана білу, жеке тұрғыдан келуді жүзеге асыра білу
|
|
19.
|
Сабаққа, оның ішінде өзінің сабағына психологиялық талдау жасай білу
|
|
20.
|
Өз қызметін, оның нәтижелерін талдай білу
|
|
Зерттеу білігін меңгеруі
Мақсаты: білім беру қызметкерінің зерттеу білігінің кешенін анықтау.
Білім беру қызметкері меңгерген және сүйенетін біліктің тұсына
«+» белгісін қойыңыз.
№
|
Зерттеу білігі
|
Меңгеру дәрежесі
|
|
|
жақсы
|
нашар
|
меңгер-меймін
|
1.
|
Өзінің педагогикалық шеберлігін саналы түрде жетілдіру
|
|
|
|
2.
|
Өз қызметінің басты идеяларын және нәтижелерін талдау, сыни бағалау, бөліп көрсету
|
|
|
|
3.
|
Өз жұмысына психологиялық-педагогикалық ғылымның ұсыныстарын енгізу
|
|
|
|
4.
|
Зерттеу тақырыбын таңдау және негіздеу
|
|
|
|
5.
|
Зерттеу тақырыбын ұғынуға қажет әдебиетті таңдау, өз тәжірибесін әдебиеттегі сол проблемаға сәйкес тәжірибемен салыстыру
|
|
|
|
6.
|
Зерттеу құралдары мен әдістерін болжау
|
|
|
|
7.
|
Зерттеу нысанын, пәнін, гипотезасын, мақсатын, міндеттерін, кезеңдерін анықтау және негіздеу
|
|
|
|
8.
|
Зерттеудің өзіне сай әдістемелерін табу және пайдалану
|
|
|
|
9.
|
Алынған нәтижелерді жинақтау, сипаттау және әдеби көркемдеу
|
|
|
|
10.
|
Зерттеудің соңында қорытындылар мен ұсыныстарды тұжырымдау және соның негізінде шешім қабылдау
|
|
|
|
11.
|
Зерттеу жұмысының қорытындысы бойынша рефлекстеу
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |