«Мұғалімдер- қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады»


-тақырып Педагогикалық шеберлік компоненттері және оларға сипаттама



бет4/53
Дата01.02.2023
өлшемі259,23 Kb.
#64359
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Байланысты:
Педагогикалық шеберлік пәнінен сабақ жоспарлары топтамасы

2-тақырып Педагогикалық шеберлік компоненттері және оларға сипаттама
 Педагогикалық техника негіздерін білу- қарым-қатынас жасау тнхнологиясын игерудің қажетті шарты.
А. С. Макаренко: «Мен тек «бері кел» деген сөздерді 15-20 түрлі реңмен айта білгенде, бет әлпетімнің, тұрған тұрысымның, дауысымның 20 түрлі қылып өзгертуді үйренген кезде ғана өзімді нағыз шебер деп есептей бастадым. Бірақ, маған біреу осыдан кейін келмесе де және не керек екенін сезбесе де мен қорыққан жоқпын»,- деп жазған болатын. А. С. Макаренконың айтқан бұл ойынан педагогикалық техниканың білі, дағдыларының қатарында ең маңызды тәрбиелеу құралдарының бірі мұғалімнің сөз сөйлеу шеберлігінің дамуы екенін байқаймыз. Егер педагогикалық техниканың көптеген білік, дағдыларын бір топқа біріктіретін болсақ, онда мұғалім шеберлігінің бұл маңызды компонентінің құрылымы төмендегі жалпы біліктерімен сипатталады: сөз саптау білігі, бет әлпетінің өзгеруі және пантомималық өзгеруінің айқындылығы, өзінің психикалық жағдайын басқара білуі және эмоцианалдық-шығармашылық жағдайын қолдай білуі, актерлік-режиссерлік біліктер, осының барлығы тәрбиеленушілердің ойына, сезіміне әсер етуіне, дүниеге деген эмоционалдық-құндылық қарым-қатынас тәжірибесін бере білуге мүмкіндік береді.
Мұғалімнің сыртқы мәдениеті дегенде педагогикалық әдепті айтсақ болады. Педагогикалық әдептің негізі - оқушыға деген шын ықыласты және олардың адамдық ар-ұятына деген қөзқарасында жатыр. Педагогикалық әдеп баланы адам ретінде сыйлау деп есептеуге болады. Мұғалім жұмысында педагогтік әдеп сақталмайынша оқушылармен тіл табысу мүмкін емес, ал оқушылардың тілін таппайынша оқу–тәрбие үрдісінде ілгерілеу жоқ. Педагогтің әдебі ілтипаттылық, сенім білдірушілік, әділдік, төзім мен сабыр сақтау деген сияқты қасиеттермен өлшенеді. Әдетте оқушылар өздері жақсы көретін мұғалімдер оларға дауыс көтеріп сөйлесе де көңілдеріне ауыр алып қалады. Дауыс көтеру, жазықсыз жазғыру, әділ қойылмаған баға ғана емес, мұғалімдер көзге ілмей, өтініштерін құлықсыз, жүрдім–бардым тыңдаса да, ең болмағанда қастарына жақындап көңіл аудармаса да, ренжіп қалады. Өздеріне мұғалімнің назарын аудару үшін тәртіп бұзатын бірді-екілі балалардың болатыны да бар. Мұғалім оқушыларға жаңа материалдарды түсіндірумен қатар оларға назар аудара білуі керек. Өйткені мұғалімдер тарапынан оқушыларға ілтипат болмаса, олардың араларына жарықшақ сызаты түседі. Сабырлылық, өзін-өзі ұстай білушілік сияқты қасиеттер ұстаздың белсенді құрамы болуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет