«Мұғалімнің айналысатыны — үнемі қозғалып, өзгеріп, өсетін, өркендейтін тірі адам (тұлға) болғандықтан, біркелкі әдіске табан тіреп шектеліп қалуға болмайды…» Ж. Аймауытов



бет6/10
Дата27.09.2023
өлшемі48,4 Kb.
#111111
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
zhaartylan-blm-beru-mazmny-negznde-sabata-kriterialdy-baalaudy-zhrgzud-erekshelkter. (1)

Мұғалімдерге:

  1. Білім беру сапасын арттыруға;

  2. Оқытудың сапасын жақсартуға;

  3. Әр оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, жеке оқыту траекториясын құруға;

Оқушыларға:

  1. Өз нәтижелерін болжау арқылы табысқа жету үшін бағалау критерийлерін білуге және түсінуге;

  2. Өзінің және өз құрдастарының жетістіктерін бағалап, рефлексияға қатысуға;

  3. Шынайы міндеттерді шешу үшін өз білімдерін қолдануға, түрлі көзқарастарды білдіруге, сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік береді.

Ата-аналарға:

  1. Өз баласының оқытылу деңгейі туралы объективті дәлелдер алуға;

  2. Баланың оқудағы прогресін қадағалауға;

  3. Оқу үдерісінде оқушыға қолдау көрсетуге;

  4. Мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен кері байланыс орнатуға;

  5. Баласының мектепте және сыныпта жайлы сезінуіне сенімді болуына мүмкіндік береді.

Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні, баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек.
Бүгінгі заман талабы — жан-жақты дамыған, өзіндік «мені» қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Оқушы тұлға болып қалыптасуы үшін оның бойында түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтауға, өзіндік тұжырым жасай білуге, өзіндік бағалауға, сыни ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, логикалық операцияларды қолдана отырып дәлелдеуге, жалпы алғанда жеке адамның құзыреттіліктері қалыптасуы қажет.
Қорыта айтқанда, критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы біз оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттаймыз, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұлғалы нәтижеге, бағытқа жеткіземіз, білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез келген кезеңде анықтаймыз, әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға қол жеткіземіз. Бүгінгі оқушының білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіруге болатынына күнделікті оқу үдерісінде қолдануымыздан көз жеткізуге болады. Сыныбымда 21 оқушы бар. Математика пәнінен бөлім бойынша жүргізілген жиынтық бағалау барысында оқушылардың пайыздық есебі шығарылды: 100-81% — 4оқушы; 80-51% — оқушы; 20-50% — оқушының білім дәрежесі нақтыланды. Осы пайыздарды сайттарынан алынған электронды журналға тіркегенде әр оқушыға болжам бағалары қойылды: «5» — 4; «4»- 9;«3»- 8
Бағдарламаның ерекшелігін тәнті болғанымызбен әттеген-ай дерлік жағдайлар да кездесіп, мұғалім жұмысына кедергі келтіріп жатқан кездер де аз емес. Ол бағдарлама мен оқулықтың сәйкес келмеуі. Бұл ата-анаға да,оқушыға да,мұғалімге де аз қиындық болмай тұр.Әрине, жаңа бастаманың қашанда қиындығы да қызығы да аз болмайды. Бірақ осы үлкен міндетті абыроймен атқарып,шәкірттерді бәсекеге қабілетті жеке тұлға дәрежесіне жеткізе білу әр ұстаздың міндеті. Сондықтан заман талабына сай болып жатқан өзгерістерден қауіптенбей, мақсатқа сай,нәтиже аламыз деп сенемін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет