Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты: Мектепте оқыту сапасын жоғарылату Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.
Білім сапасын бағалау жүйесінде жаңарту мәселесі:
-Бес балдық жүйенің қазіргі заманға сай білім жүйесін қанағаттандыра алмауы;
- Оқушы танымындағы өзгерістер мен білім саласындағы қалыптасқан қайшылықтар;
- Әлеуметтік сұраныстардың өзгеруі
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі: алдын-ала ұсынылған бағалау шәкілі;
анық, айқындылығы;
бағаның әділдігі;
өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі
Критериалды бағалаудың функциялары: -Ынталандыру;
-Белсенділік;
-Түзету;
-Дамытушы
Жетінші ерекшелігі оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұсыным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысуы). Белсенді оқу — оқушының мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады. Бұл тәсілдер оқу үдерісі жаттығудың алдында емес, оны орындау барысында жүзеге асырылатын құбылыс екендігін түсіндіреді. Сыныпта қолданылатын бұндай тәсілдерге топтық жұмыс (Brodie, 2000), ойын «баламалары» (Bergen, 2002) және пән бойынша белгілі тақырыптағы ойындар кіреді (Peters, 1998). Бастауыш сыныптарда ойын шынайы өмірдің белгілі бір аспектілерін модельдеу және зерттеу үшін ұсынылған мүмкіндік болып табылады. Домино және карта сияқты дәстүрлі ойындар математика сабақтарындағы кездейсоқтық пен ықтималдық мәселесін қарастыруда оңтайлы болмақ. Шарада, тақтада сөздерді біріктіру немесе сөздерді жіктеу сияқты ойындар – тіл үйренуді қамтамасыз етудің және оны көрсетудің бірден-бір қызықты әрі тартымды тәсілдерінің бірі. Көптеген стратегиялық ойындарды (мысалы, «Алға» («Go») деп аталатын ежелгі қытай ойыны) тұрғындар мен қоғамның өсуін модельдеу үшін пайдалануға болады.
Қорыта келе, мен, баяндаманы ақын Міржақып Дулатовтың «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні – қараң, келешегі — тұман» деген сөздерімен аяқтағым келіп отыр. ХХІ ғасыр – ғылым ғасыры. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Ал осы жалпыеуропалық стандартқа сай жаңа білім беру - жеке тұлғаның жан-жақты дамуына әкелетін бірден-бір жол!