«Мұғалімнің айналысатыны — үнемі қозғалып, өзгеріп, өсетін, өркендейтін тірі адам (тұлға) болғандықтан, біркелкі әдіске табан тіреп шектеліп қалуға болмайды…» Ж. Аймауытов


Жұптық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау



бет4/10
Дата27.09.2023
өлшемі48,4 Kb.
#111111
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
zhaartylan-blm-beru-mazmny-negznde-sabata-kriterialdy-baalaudy-zhrgzud-erekshelkter. (1)

Жұптық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау
Жұптық жұмыс қалыптастырушы бағалаудың тиімді формаларының бірі болып табылады. Жұптық жұмыста жалпы мұғалім, жұптар бір-бірін және жұп ішінде бірін-бірі бағалауына болады. Мұндай өзара қарым-қатынас кезінде білім алушылардың дайындық деңгейіне қарамастан өзара көмегі, рефлексиясы, өзін-өзі реттеуі белсенді байқала бастайды. Жұптық жұмыста қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру, жоспарлау кезінде білім алушылар тапсырманы орындау, оның нәтижесіне бірдей жауапкершілікпен қарау қажет екенін түсінуі керек. Сондықтан оларды өз әрекетімен келісуге, өзара әрекеттесуге, пікір алмасуға, сындарлы (конструктивті) кері байланыс беруге үйрету маңызды.
Топтық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау
Қалыптастырушы бағалау кезінде мұғалім белгілі бір дағдыны бағалаудың тиімді тәсілі ретінде қолданып, топтық жұмысты ұйымдастыруына болады. Білім алушылар алдын ала бағалау критерийлерімен таныс болуы тиіс. Топтық жұмыс кезінде мұғалім әр топтағы білім алушылардың талқылауын тыңдайды, қадағалайды: кейбір білім алушылар оқу мақсатына жетуді бағалау критерийлеріне сәйкес тез көрсете алуы мүмкін. Мұғалім ол білім алушылардың атын жазып алуы қажет.
Әрі қарай мұғалім білім алушыларға қосымша қолдау көрсетуге қажетті сұрақтар қояды, бақылайды, мысалы:
- Бұл туралы сіз не ойлайсыз?
- Сіздің тобыңызда қандай талқылау болғанын айтып бере аласыз ба? Егер білім алушылар тәжірибелік тапсырмалар орындайтын болса, онда осы тапсырмаға қатысты сұрақтар болуы мүмкін, мысалы:
- Сіз қазір не істеп жатырсыз?
- Сіз қалай ойлайсыз, әрі қарай не болады?
- Осы тапсырмада ерекше бір нәрсе байқадыңыз ба?
Топтық жұмыс кезінде мұғалім барлық топтың және әр жеке білім алушының жұмыстарын бақылауы қажет. Топтарды бақылауды тапсырма орындау кезінде қатысып, бірлесе жүргізуге де болады. Бұл жағдайда білім алушыларға:
жаңа идеяны тұжырымдауды;
• екі (одан да көп) идеяларды салыстыруды
; • идеяларды бағалауды;
• топтық талқылау негізінде пікір білдіруді;
• сұрақтарға жауап беруді ұсынуға болады.
Жоғарыда аталған бөлімдер белгілі оқу мақсатына жетудің дәлелін көрсетеді.


Жиынтық бағалау – оқу бағдарламасындағы бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан, оқу жылы) аяқталғанда өткізілетін бағалаудың түрі. Жиынтық жұмыс – оқудың белгілі бір кезеңінде пән бойынша білім алушылардың оқу жетістігі деңгейін анықтауға арналған білім алушылар жұмысы. Жиынтық бағалау тапсырмаларын орындаған кезде, біз оқушыны емес,оның жұмысын бағалаймыз. Бағалау барысында біз жұмыстың кемшіліктеріне емес, жағымды жақтарына көп көңіл бөлуіміз керек. Ойлау дағдыларының деңгейлері – әрбір деңгейі ойлау дағдыларын анықтауды қалыптастыруға бағытталған оқу мақсаттарының иерархиялық өзара байланыстағы жүйесі.
Біз оқушыны емес,оның жұмысын бағалаймыз. Бағалау барысында біз жұмыстың кемшіліктеріне емес, жағымды жақтарына көп көңіл бөлуіміз керек. Ойлау дағдыларының деңгейлері – әрбір деңгейі ойлау дағдыларын анықтауды қалыптастыруға бағытталған оқу мақсаттарының иерархиялық өзара байланыстағы жүйесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет