10.6.1.1 Дүниежүзін физикалық географиялық, тарихи-мәдени аудандастыру
Сабақтың мақсаты
Дүниежүзінің түрлі белгілері бойынша физикалық географиялық, тарихи-мәдени жағдайларын түсіндіру, сипаттау
Бағалау критерииі
Дүниежүзінің физикалық-географиялық, тарихи-мәдениетін түсінеді, мақсаты мен міндеттерін анықтайды;
елдер мен аймақтардың түрлі белгілері дамуындағы физикалық- географиялық жағдайын қарастырады;
Сабақтың кезеңі/ уақыты
Мұғалімнің әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі 2-минут
Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру
Амандасу
Оқу құралдарын түгендеу;
Кіріспе
Ой шақыру
Дүниежүзінің түрлі белгілері бойынша физикалық географиялық, тарихи-мәдени жағдайлары?
Сабақтың тақырыбы анықталады. Сабақтың мақсаты айқындалып,
бағалау критерийлерімен танысады
Жаңа сабақ
10-минут
6минут
7минут
6минут
4-5минут
Физикалық-географиялық аудандастыру-жер бетінің беткі бөліктерін табиғатының ортақ белгілері мен ерекшеліктеріне негізделе отырып, түрлі деңгейлердегі аумақтарға бөлу жүйесін айтады. Аймақтарды жіктеуде алуан түрлі ұстанымдар мен белгілер жүйесі қолданылады. Жүйелік ұстаным тұрғысынан алып қарасақ, аймақ деп табиғи, әлеуметтік-экономикалық кешенді атауға болады.Әкімшілік-аумақтық тұрғыдан аймақ белгілі бір әкімшілік шекаралар негізінде анықталады. Экономикалық тұрғыдан ажыратылатын аймақ, ең алдымен, аумақтың шаруашылық мамандануы, әкімшілік, әлеуметтік
және экономикалық біртұтастығына негізделеді. Физикалық-географиялық аудандастыру географиялық қабықты құрайтын құрамбөліктердің біртектес болмауына негізделеді. Ол құрамбөліктерге кез келген жердің геологиялық құрылым, жер бедері, климаттық ерекшеліктері, топырақ жамылғысы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жатады. Аудандастыру жіктемесі төмендегі көрсетілген бірліктерден тұрады.
Физикалық-географиялық аудандастыру жер бетін белдеулерге, зоналарға, табиғат аймақтары мен облыстарына, провинциялар мен түрлі деңгейдегі ландшафт бірліктеріне бөліп қарастырады.
Дүниежүзін тарихи-мәдени аудандастыру. XX ғасырда ағылшын ғалымы А.Тойнби адамзат тарихын жекелеген өркениеттерге жіктеп, олардың қалыптасуына табиғи және әлеуметтік факторлар ықпал ететінін талдаған. Жер шарында табиғат жағдайлары әртүрлі аймақтардың өзіндік тарихи-мәдени бейнесі қалыптасатыны туралы идеялар пайда болды. Тарихи-мәдени аймақтардың алып жатқан аумақтары физикалық-географиялық аймақтар шекараларына сәйкес келеді. Тарихи тұрғыдан алғанда, шағын аймақтар аумақтың тарихи кезеңдердегі табиғи, әлеуметтік-экономикалық біртұтастығы негізінде ажыратылады.
Табиғат жағдайлары салыстырмалы түрде біртекті болатын осы аймақтарда халықтың материалдық және рухани мәдениеті, рухани құндылықтары, ұлттық сипаты қалыптасқан. Халықтардың көші-қонына, діндер мен философиялық ілімдердің таралуына, аумақтың шаруашылық игерілуіне немесе отарлануына қарамастан, мәдени аймақтардың бастапқы шекаралары онша өзгермеген күйінде сақталған. XX ғасырдың соңына қарай барлық халықтар бірыңғай жалпы адамзат өркениетіне қамтылғанын ғалымдар қазіргі заманғы негізгі төрт өркениетті бөліп көрсеткен.
Батыс өркениеті. Оның түпқазығы- Солтүстік Америка мен Еуропа. Бұл өркениет қазіргі заманғы ғылымды және оның негізінде жоғары дамыған техниканы жасады, нәтижесінде алғашқы ғылыми-техникалық өркениет аталып отыр.
Қытай өркениеті. Қытайда дәстүрлі конфуцийлік құндылықтар жүйесі коммунистік идеологиямен үйлесе отырып, Қытай халқының рухани бейнесін анықтаған.
Мұсылман өркениеті. Ислам елдерінде діни сана қоғамдық сананың басты формасы болып табылады, ол адам өмірінің барлық қырларын реттейді.
Үнділік өркениеті. Бұл өркениеттің бейбіт, рухани сипаты басым, екінші бір ерекшілігі қоғамда касталық құрылымның сақталуы орын алады.