Қолданылуы: Дүниежүзіндегі хлордың жылдық сұранысы 1 млн тоннадан артық.
Бекіту тапсырмалары №1 тапсырма. Берілген сөйлемдерде қойылған көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазыңыз.
Өнеркәсіпте ______ ас тұзының ерітіндісі мен балқымасын __________ арқылы алады.
Хлор металдармен, сутекпен және фосформен __________ ретінде әрекеттеседі.
Хлор сумен әрекеттескенде ________ және _________ түзіледі.
Дұрыс жауабы: Өнеркәсіпте хлорды ас тұзының ерітіндісі мен балқымасын электролиздеу арқылы алады.
Хлор металдармен, сутекпен және фосформен тотықтырғыш ретінде әрекеттеседі.
Хлор сумен әрекеттескенде хлорсутек және оттек түзіледі.
№2 тапсырма Мына айналымды жүзеге асырып, тиісті реакция теңдеулерін жазыңыз:
СІ2→НСІ→СuCl2→NaCl→AgCl
Дұрыс жауабы 1.Н2+СІ2 =2HCl
2. 2HCl + CuO = CuCl2 + H2O
3.CuCl2 + 2NaOH = Cu(OH)2 + 2NaCl
4.NaCl+AgNO3=AgCl +NaNO3