Мұғалімнің аты-жөні



бет1/3
Дата12.01.2023
өлшемі234,45 Kb.
#61052
  1   2   3
Байланысты:
2-сабақ. Хлор





Мұғалімнің аты-жөні:

Сейтмагамбетов А.

Пән/Сынып:

Химия, 9 сынып

МЕрзімі

12.01.23

Тарау немесе бөлім атауы:

VІІІ тарау.9.3А 17 (VII), 16 (VI), 15 (V), 14 (IV) - топ элементтері және олардың қосылыстары

Сабақтың тақырыбы:

Хлор

Оқу мақсаты:

9.2.1.9-хлордың химиялық қасиеттерін сипаттау: металдармен, сутекпен және галогенидтермен әрекеттесуі

Бағалау критериі:

  • хлордың молекулалық, электрондық және құрылымдық формуласын түсінеді;

  • өндірісте және зертханада хлорды алу жолдарымен танысады;

  • хлордың физикалық және химиялық қасиеттерін анықтайды;

  • хлорды алу жолдарын және қолданылуын біледі.

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыпты цифрлық ресурстар арқылы түсіндіру.



Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Бекіту тапсырмасын бере отырып, дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету.

Жеке жұмыс
Оқу тапсырманы ұсына отырып, оқушылар өз бетімен орындайды.

Уақыты

Кезеңдері

мұғлімнің іс әрекеті

Оқушылардың іс әрекеті

Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Бағалау

Ресурстар

3 минут
00:00 – 03:00

Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме оқушылар!
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
ХЛОР
Бүгінгі сабақта меңгеретініңіз:

  • Хлордың молекулалық, электрондық және құрылымдық формуласы;

  • хлордың физикалық және химиялық қасиеттері;

  • хлорды алу;

  • хлордың қолданылу жолдары .

Жаңа сабақтың мақсатымен танысады







Презентация
Слайд 1, 2



14 минут

03:00 – 23:00




Жаңа сабақ

Хлордың ашылуы.
1774 жылы Швед ғалымы К. Шееле хлорды алғаш рет алды. Ол бұл затты күрделі затқа санап, «флогистиндірілмеген» тұз қышқылы деп атады. 1807 жылы ағылшын химигі Гемфри Дэви дәл осы газды алды. Ол бұл элементті «хлорин» деп атады. Мағынасы «хлорос» - сары-жасыл деген мағынаны білдіреді. 1812 жылы Гей-Люссак газға хлор деген атау берді.
Хлорға сипаттама
Менделеев кестесінің VІІ тобындағы химиялық элемент, атомдық номері 17, атомдықмассасы 35,45; галогендер тобына жатады. Молекуласы екі атомнан (Cl2) тұрады;


Хлор молекуласының құрылысы

Хлордың физикалық қасиеттері
Хлор - сарғыш-жасыл түсті тұншықтырғыш улы газ. Онымен тек тартпа шкафтың ішінде жұмыс жасау керек. Хлор ауадан 2,5 еседей ауыр. (Daya = М(С12)/М(ауа) = 71/29 = 2,45), сондықтан оны ауаны ығыстыру арқылы жинайды, ыдыстың аузын жоғары қаратып ұстауға да болады. Суды ығыстыру арқылы жинауға болмайды, себебі хлор сумен химиялық әрекеттесіп, хлор «суын» түзеді.
t0балқу = -1010С;
t0қайнау = -33,970С.
Хлордың алынуы
Өндірісте хлорды ас тұзының ерітіндісі мен балқымасын электролиздеу әдісімен алады:
2NaCl → 2 Na + Cl2
Зертханада марганец диоксиді (қыздырып), калий перманганаты КMnO4 немесе КСІО3 (бертолле тұзы) концентрлі тұз қышқылымен әсер етіп алады;
MnO2 +4HCl = Cl2↑ + MnCl2 + 2H2O
2КMnO4 + 16HCl = 5Cl2↑ +2KCl +2MnCl2+8H2O
КclO3 + 6HCl = 3Cl2↑ +KCl +3H2O


Хлордың химиялық қасиеттері
Құрғақ жерде хлор енжар келеді, ал азғана ылғалды ортада оның белсенділігі артады.
Хлор металдармен қосылып, тотықтырғыш қасиет көрсетеді.
2Fe0 + 3Cl02 = 2Fe+3Cl-3
Мыстың алдын ала қыздырылған ұнтақтары хлорда тұтанып, қоңыр түтін пайда болады:
Сu0 + Cl02 = Cu+2Cl-2
Сутек те хлорда жанады:
H02 + Cl02 = 2H+Cl-
Хлор кремний мен фосформен әректтеседі:
Si0 +2Cl02 =Si+4Cl-4
2P0 + 5Cl02 = 2P+5Cl-5
Оттекпен, көміртекпен және азотпен хлор тікелей әректтеспейді.
Хлор сумен әрекеттесіп, орынбасу реакциясы жүреді:
2Cl02 +2H+2O2- = 4H+Cl- + O20
Хлор – күшті тотықтырғыш, сондықтан жоғары тотығу дәрежесіне жеткенге дейін тотығуға бейім элементтер кіретін күрделі заттармен оңай әректтеседі:
2Fe+2Cl-2 +Cl02 = 2Fe+3Cl-3


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет