Дәріс 16. ХҮііі ғасырдың соңындағы Қазақстан және Орта Азия мемлекеттері



Дата04.04.2023
өлшемі25,15 Kb.
#79067



Дәріс 16. ХҮІІІ ғасырдың соңындағы Қазақстан және Орта Азия мемлекеттері
16.1. 1839 жылғы Хиуа жорығы және оның нәтижелері. Сырдария шекара сызығының белгіленуі.
Ұлы жүз сұлтаны Суық Абылайханұлының Ресей бодандығын қабылдауы. І-ші Александрдың Ұлы жүз қазақтарын Ресей бодандығына қабылдағаны туралы Құрмет грамотасы. 1846 жылы Жетісу сұлтандарының Ресей бодандығын қабылдауы. Іле аймағын отарлау. Алатауокругінің құрылуы. В.Перовскийдің Қоқанға жорығы (1853 ж.). Қазақтардың 1858 жылғы Қоқан үстемдігіне қарсы көтерілісі. Жетісудағы 1860 жылғы әскери іс-қимылдар. Ұзынағаш шайқасы. Әулие-Ата, Мерке, Түркістанның алынуы. Генерал-майор Черняев басқаратын алдыңғы шептегіЖаңа Қоқан шебін құру туралы жоғары Жарлық. Шымкент, Сайрам қалаларының алынуы. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның Ресей империясы құрамына кіруі. Қазақстанның Ресей империясына қосылу тарихы.
18 ғасырдағы орта азия елдері Қазақ хандығы,Хиуа хандығы, Бұқар хандығы және Қоқан хандығы Хиуа-Астанасы бастапқы кезде Вазир мен Үргеніш қалалары болды. 16 ғасырдың 70-жылдары астана Хиуа қаласына көшірілді. Елбарыс хан билік еткен жылдары Хиуа хандығы ұлыстарға бөлініп, оларды ханның туыстары басқарды. Алғашқы кезде құрамына Хорезм, көшпелі түрікмендердің Маңғыстаудағы Дихистан мен Үзбой бойындағы аумақтары мен Хорасанн кірді.Орталық Азия үшін күресте Ұлыбританиямен бәсекелескен Ресей үкіметі 1839 — 40 жылы В.А. Перовскийдің басшылығымен Хиуа хандығына қарсы әскери шабуыл ұйымдастырды. Кіші жүзді билеген кейбір қазақ билеушілерінің көмегіне қарамастан Ресей империясының бұл әрекеті сәтсіз аяқталды. Бірақ Орталық Азияға біржолата орнығуды көздеген Ресей отаршылдары Хиуа хандығына үнемі әскери және экономикалық қысым жасап отырды. Ақыры 1873 жылы К.П. Кауфман бастаған Ресей әскерлері Хиуаны басып алды. 1873 жылы келісім бойынша Хиуа хандығы Әмударияның оң жағалауындағы жерлерден бас тартты, егемендігінен айрылып, Ресей протекторатына айналды. Хиуа хандығының тұрғын халқы өзбек, түрікмен, қарақалпақ, қазақтар суармалы егіншілікпен және мал шаруашылығымен айналысты. Экспортқа мақта, кептірілген жеміс, мал терісі мен жүн шығарылды. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін көп ұзамай кеңес үкіметінің қысымымен 1920 жылы 2 ақпанда Хиуа хандығы құлап, оның орнына Хорезм Халық Кеңес Республикасы құрылды. 1924-25 жылдары кеңес үкіметі орталық Азия республикаларының шекараларын межелеген кезде көпшілік бөлігі Өзбекстанның құрамына, қалған бөлігі Түрікменстанның құрамына енгізілді.
Абылай хан 1711-1781 жылдары өмір сүрген. Ол қазақ хандығының бұрынғы шекарасын қалпына келтіріп, елдің саяси-экономикалық дамуына өзгерістер енгізген мемлекеттік қайраткер. Абылай қаракерей Қабанбай, шапырашты Наурызбай, қанжығалы Бөгенбай, тарақты Байғозы, Малайсары, Баян батырлардың күшін біріктіре білді.
1740 жылы тамызда Абылай хан және Орта жүз ханы Әбілмәмбет, тағы да басқа 120 старшынмен Орынборға келіп, Ресей мемлекетіне ант берді. Сонымен қатар, қазақ халқының тұтастығын сақтау мақсатында Цинь империясымен де қарым қатынасты үзбеді. Ол Петербург пен Пекинге елшіліктер аттандырып отырды.
1745 жылғы қонтайшы қазасынан кейін таққа таласушылардың бірі – Əмірсана Абылайды паналап, Орта жүзге қашты. Әмірсананың қазақ жерін паналауын Маньчжур-Цин әулеті шабуыл жасау үшін пайдаланды. 1757 жылы маусымда қытай қолбасшылары Фу Дэ, Чжао Хой бастаған əскер Қазақ шекарасына басып кірді. 1757-1760 жылдары Қазақ елінің дербестігін, жерінің бірлігін қамтамасыз ету мақсатында Абылай Пекинде Қытай билігін мойындады. 18 ғасырдың 20-30 жылдары жоңғарлар басып алған шекаралық аймақтағы жайылымдар дипломатиялық жолмен қайтарылып алынды. 1760 жылы қытайлар Тарбағатай таулары маңайында көшіп жүрген қазақтарды қудалағанда, оны келіссөздер арқылы шеше білді. Жоңғария жойылғаннан кейін, оның жерін басып алған Маньчжур-Цин билеушілері Абылаймен келісе отырып жаңа шекара белгіледі.
Абылай Орта Азия хандықтарымен байланысын дамытуға көңіл бөлді. 1771 жылы үш жүз өкілдері Абылайды барлық қазақтың билеушісі деп таныды. Оның Жоңғарияға қарсы азаттық күрестегі, халықтың басын біріктірудегі рөлін, Ресей мен Қытайдың қыспағына қарамастан, іс жүзінде елдің дербестігін сақтап қалғандығын мойындады. 1778 жылы 24 мамырда II Екатерина Абылайды тек Орта жүздің ханы етіп бекітті. Абылай хан Ресеймен қарым-қатынаста бейбіт жағдайда болу қажеттігін ескеріп, ресми түрде бодандықты мойындады. Ал іс жүзінде тəуелсіздігін сақтады.
Хан билігіне қойылған шектеулерді Абылай хан мойындамады. Ірі ұлыстарды билеуге өзіне жақын сұлтандарды тағайындады. Билердің қызметіне шек қойды. Өз сарайында топтасқан халық батырларының қолдауына сүйеніп, жоспарларын қиындықсыз іске асырып отырды. Абылай хан қазақтардың Ертіс, Есіл бойы, Көкшетау, Тарбағатай өңіріне егін шаруашылығын дамытуын қолдады. Абылай хан төңірегіне белгілі жыраулар, ақындар топтасты: Үмбетей жырау, Тəтіқара ақын, Бұқар жырау. 1781 жылы Абылай хан дүние салды. 1781 жылы Абылайдың бас мирасқоры Уəли хан болып сайланды. Уәли сұлтанды Ресей мемлекеті Орта жүз ханы ретінде танығанымен, ол мемлекет басқаруға қабілетсіз болды. Қазақ хандығының бірлігін Абылай сияқты қамтамасыз ете алмады.
В.Перовскийдің Ақмешітті алу үшін жасаған келесі бір айласы жорық кезінде қоқандықтар мен хиуалықтардың күш біріктіріп шығуына тосқауыл қою үшін оларға қарсы дипломатиялық әдістерді қолдана отырып, екі хандықтың арасындағы араздықты өршітеді де Хиуаны соғысқа араласпауға көндіреді. Сонымен қатар Перовский Кіші жүздің билеуші сұлтандарына жорыққа қажетті заттарды таситын түйелерді қазақтардан күштеп жинап алу жөнінде тапсырма береді.Орынбор генерал-губернаторының бұл нұсқауы қазақтардың ашу-ызасын келтіргені соншалықты, шыдамы таусылған қазақтың көптеген рулары Есет Көтібарұлына барып қосылады да, Ақмешіт жорығына түйе жинап беруге көмектескен сұлтандар мен билердің ауылдарын шабады. Сыр өңірінің қазақтары өздерін жаулауға шыққан патша әскерлерінің жорығына барынша зиян келтіріп, оны әр түрлі амалдармен тоқтатуға тырысты.
Тіпті, жергілікті тұрғындар патша әскерлеріне Ақмешітке баратын оңай жолды көрсетуден бас тартқан. Мәселен, 1854 жылы 8 қаңтардағы Перовскийдің Сырдария шебінің қолбасшысына жіберген нұсқауында: «...Ал Досбол би осының алдында да бізге оң пейілін көрсетпеген болатын. Сұлтан басқарушылардың талабы бойынша оған Ақмешітке баратын жолдарды көрсет деген кезде ол және оның руластары Жөлектің маңында көшіп жүрсе де, жолды білмейтіндігін айтып, жол көрсетуден бас тартты», - делінген.
Орыс әскерлерінің Ақмешіт қаласында жорығы алдындағы дайындық барысында Орынбор қаласына түрлі себептермен көптеген көрнекті ғалымдар, өнер қайраткерлері бас қосты. Олардың ішінде композитор А.Алябьев, орыс түсіндірме сөздігінің авторы В.Даль, жер аударылған ақын А.Плещеев пен суретші Т.Шевченко, шығыстанушы ғалымдар А.Макшеев, Н.Ханыков, суретші баталист В.В. және т.б. болған.
1853 жылы 22 сәуірде әскер саны анықталғаннан кейін патша әскерінің Ақмешітке қарай жорығы басталады. Деректер бойынша жорыққа 1 генерал, 6 штаб офицері, 34 обер-офицер, 16 шенеунік, 113 унтер-офицер, 9 кернейші, 1561 қатардағы жауынгер, 424 саптан тыс жауынгерлер қатысқан.
Патша өкіметі бұл әскери іс-шараға жоғары деңгейде дайындалып, сол уақыттағы орыс әскерінің барлық түрлері: жаяу әскер, атты әскер, зеңбірек батареялары, инженерлік топтар, саперлік бөлімдер, казактар және әскери флотилия кірген. Жорыққа кейін тағы да 2 обер-офицер мен 158 жауынгер қосылып, жорық әскері 1068 түйеге артылған азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар Бутаков бастаған «Перовский» кемесі мен «Обручев» баржасы қосымша күш ретінде Сырдария өзенімен жоғары қарай жорық әскеріне ілесіп жүзді.
Ақмешітке жеткен Перовский бастаған патша әскерлері бекініске тіке шабуылға шығуға бата алмай, бекіністі қоршауға алып, батареяларды орналастыру үшін оның жан-жағынан траншеялар қазады. Бекіністі қорғаушыларға сырттан көмекке әскер келтірмеу амалын қарастырған Перовский Жаңадариядағы тоспаны бұзып жібереді.
Кейін орыстардаң осы амалы өз-өзін ақтады. Себебі Ақмешітке көмекке келе жатқан қоқан әскері тоспадан жайылған судан өте алмай, уақыттарын өткізіп алады. Жорыққа шыққан әскердің азық-түлігі санаулы күнге ғана жететін болғандықтан, В.Перовскийдің бекіністі қоршау арқылы бағындырмақ болған жоспары іске аспады. Оған қоса бекініс маңайындағы қазақтар да басқыншыларға мал мен жем-шөп сатудан бас тартты.
В.Перовский енді шешуші шабуылға көшпесе, онда жағдайының қиындай түсетінін біліп, 1853 жылы 8 шілдеде барлық батареялардан бекініске қарай оқ жаудырды. Бекіністі қорғаушылар жаудың күші әскери техникалық жағынан да, адам саны жағынан да көп басым болғанына қарамастан ұзақ уақыт төтеп беріп, патша әскерлерінің зеңбіректерден атқылауына қарсы шабуылмен жауап беріп, бірнеше орыс әскерін өлтіріп кетеді. Бекіністі қорғаушылардың ерлігіне Перовскийдің өзі де таң қалып, Булгаков деген досына жазған хатында былай дейді: «Бекіністегі 300 адамды өз еркімен берілуге мәжбүр ете алар емеспіз».
Қоқан хандығындағы өзара таластар, Ұратөбе билеушісі Абду-Гафардың Хұдияр ханға қарсы шығуы сияқты Қоқан хандығының өз ішіндегі бытыраңқылық Ақмешіт бекінісін Ресей империясының тез жаулап алуына жағдай жасады. Бірақ, осыған қарамастан, ташкенттіктер Ақмешітті қорғап жатқан өз қандастарына көмекке әскерлерін жібере алады. Қоқандықтардың күшті әскері Ақмешітке қарай көмекке келе жатыр деген хабар алғаннан кейін, В.Перовский жолдағы өткелдерден қоқандықтарды өткізбеу үшін, күшейтілген орыс әскерлерін жібереді де, генерал И.Падуровқа Жөлекті алуды тапсырады.
Генерал Падуровтың Жөлекті алып, жағдайы оңтайланған В.Перовский Санкт-Петербургтен алып келген галваникалық құралдарды қолдану арқылы Ақмешіт бекінісінің қабырғасын бұзып, күшті артилериялық атқылауға ұшыратады.
Ақмешіт бекінісін қорғаушылар өз күштерінің әлсіздігіне қарамастан, орыс әскеріне қарсы үш аптадан аса ерлік пен қарсы тұрып, аянбай соғысады. В.Перовский бекіністі қорғаушылардың берілуге дайын тұрғанына қарамастан 27 шілдеде 3 мыңдай жақсы қаруланған әскермен бекіністің ішіне басып кіреді.
Ақмешіт үшін болған шайқаста қорғаушылардың 206 адамы өліп, 35 адам жарақаттанса, орыстар жағынан 9 адам өліп, 16-сы ауыр жарақаттанып, 30 адамы жеңіл жарақат алған.
Тұтқынға түскен 74 қоқандықтың біреуі ғана бұхаралық саудагер, қалғандарының барлығы жергілікті жердің қазақтары болып шықты. Олардың бәрі кейін орыс билігіне қарсы шықпаймыз деген уәде бергеннен соң ауылдарына қайтарылған. Ақмешітті басып алған патша өкіметі бекініске мыңға жуық әскермен бірге 16 зеңбірегі бар күшті гарнизонды орналастырады. Сол жылдың 26 тамызында І Николай Ақмешіт бекінісін Орынбор генерал-губернаторының құрметіне «Перовский» форты деп өзгертті.
Осылайша, Перовский бастаған орыс әскерлерінің Сыр бойына жасаған басқыншылық жорығы Ресей империясы үшін әскери стратегиялық және саяси – экономикалық жағынан аса маңызды болды. Орыс әскерлерінің Ақмешітті басып алуы Ресей империясының иелігіне 500 шақырымдық жерді қосып қана қойған жоқ, бүкіл Кіші жүз қазақтарының жайлауларымен бірге қыстауларына да бақылау жасауға мүмкіндік берді.
Әскери және саяси-экономикалық жағынан үлкен маңызы бар Ақмешіт бекінісінен айрылып қалғанына көнгісі келмеген қоқандықтар орыс билігінен оны қайтару жолында бар күштерін салып, жанталаса күресті. Қоқан хандығындағы билік үшін талас-тартыс пен қазақ қыпшақтары мен сарттардың арасында болған өзара қырқысу соғысының зардабы зор болды.
Ақмешіттің қоршауда болған уақытында оған дер кезінде көмекке келуі және орыс әскерлеріне тойтарыс беру мүмкін болмады. Яғни, Қоқан хандығындағы отырықшы халықтармен көшпенділердің арасында жиі болып тұратын билік үшін соғыстың салдарынан қоқандықтардың орыстарға қарсы күресі жүйелі түрде жүргізілмей, үзік-үзік бөліктерден тұрды.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет