Мұғалімнің жетістігі-мектептің жемісі



Дата13.10.2022
өлшемі14,67 Kb.
#42879
Байланысты:
Жұмағалиева мақала


Мұғалімнің жетістігі-мектептің жемісі
Мектеп— киелі мекен. Дана да, данышпан да, ғалым да мектеп деген асыл шаңырақтан нәр алып, көктеп қана білім шыңына шыға алады. "Тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан" әрбір түлектің жүрегінде мектебінің мәңгі сақталары анық. Балалық бал күндері мен жасөспірімдік кезеңінің ең тәтті естеліктері де осы мектептен бастау алады. Солай емес пе?!
Мен Абай атындағы орта мектебіне 2021-2022 оқу жылының ортасында, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып орналастым. Ешкімді жатсынбайтын ұжым мен өз ісіне мығым, директорымыз, менің аз уақытта мектеп өміріне етене араласып кетуіме көп септігін тигізді.
Ұстаздың еңбегі еленіп, оқушының жетістігіне шын қуанатын бұл мектепте әрбір адал ниетті адамға бір кісілік орын табылатыны анық.
Мен көрген оқу жылының ішінде:
1.Мектеп директоры Алтынбекова Л.К- Облыстық «Жас .менеджер» байқауынан алғыс хатпен марапатталды
2. Облыс бойынша «Тоғызқұмалақтан» 2 орын, Тоғызқұмалақтан Құсман Елшат 3 орын, «Қыздар командасы» баскетболдан 3 орын , Үстел теннисінен Шаймұрат Айбек 3 орын иегері атанды Жетекшісі-Қожабекова А.А
3. Башикбаева А. Е -аудан бойынша «Үздік портфолио» байқауынан 2 орын иеленді.
4. Құрмет грамотасы ҚР әскери әуе күштері, Диплом төтенше жағдайлар департаментінен, Құрмет грамотасы Автоматты шашып жинау дан 10-сынып оқушысы Еркінай Дәміл 1-орын, Жас құтқарушы жасөспірімдер арасындағы жарыста 1 орын, Өрт сөндіру эстафетасы бойынша 3 орын,ІІ орын автоцистернадан жауынгерлік жайылу Алғашқы медициналық көмек көрсету 2 орын.Жетекшісі-Кукеев А
5. Аудандық пән олимпиадасынан тарих пәні бойынша 1орын-Қасен Сезім.Жетекшісі- Укешова К.

6. Аудандық пән олимпиадасынан математика пәні бойынша 2орын-Бейсенбай Әдия .Жетекшісі- Серік А.


7. «Үздік өзін өзі тану» мұғалімі байқауында 3 орын, «Табиғатты аяла» байқауында Ырысәліқызы Ақерке 3 орын, «Зерде» ғылыми жобасында Есімқанұлы Азамат 2 орын. Жетекшісі-Нұртаева А.А
8.Жұмағалиева А.Ә -Аудандық «Үздік сынып жетекші» байқауында 2орын, «Желтоқсан тәуелсіздік бастауы» байқауында Серікқызы Кәусар дипломмен марапатталды, «Зерде» ғылыми жобасында Әсетқызы Айнара 2 орын иеленді.
9.Республикалық «Ай қанат» байқауынан физика пәні бойынша Кенжебекқызы Асем 1 орын иегері атанды.Жетекшісі-Жанимхан Е
10. «Қадыр оқуларынан» Нұрланқызы Бөпенай 3 орын, Аудан бойынша «Эверест» дебат клубы 3 орын, «Зерде» ғылыми жобасы бойынша Ырысәліқызы Ақерке ІІІ дәрежелі дипломмен, «5-6 сынып олимпиадасынан» Ырысәліқызы Ақерке 1 орын, «Бас жүлде» Қасен Сезім, «Креатив спикер» номинациясымен Серікқызы Кәусар марапатталды.Жетекшісі-Құрманғали Ш. Осыншама жетістікке жету ұстаздар мен мектеп басшылығының тығыз қарым- қатынасының айғағы деп білемін.
Абай атамыздың атына кір келтірмей, келесі оқу жылында бұдан да көп жетістіктерге қуанып, мектебіміздің аты асқақтай берсін деген ұстаздық тілегімді білдіргім келеді.


Абай атындағы орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі-Жұмағалиева А.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет