Мұғалімнің кәсіби өзін-өзі тәрбиелеуі



бет2/2
Дата11.10.2024
өлшемі30,95 Kb.
#147787
1   2
Байланысты:
Документ Microsoft Office Word


Өзін-өзі кәсіби тәрбиелеуге итермелейтін қарапайым мысал келтірейік. Мәселен өзіне деген сенімділік мұғалімнің маңызды кәсіби қасиеті болып есептеледі. Ол мұғалімге іс-әрекетінің тұрақтылығы мен нақтылығын қамтамасыз етеді. Әдетте, студенттер, тіпті жас мұғалімдер бұл қасиетке қажетті мөлшерде ие емес. Сенімділіктің жеткіліксіз екендігін сезінудің өзі-ақ өзін жақсы жаққа өзгертуге түрткі болуы мүмкін.
Кемшілікті тану факттерді талдауды, себепті анықтау мен оны жоюды талап етеді. Сенімділіктің жеткіліксіз болу себептерінің ішінен істі толық білмеу, компетенттіліктің төмен дәрежесі жиі кездеседі.
Кез келген кемшілікті жою үшін мынадай өзін-өзі тәрбиелеу әрекетінің бірізділігін қолдануға болады:

1. Өз іс-әрекетіндегі немесе мінез-құлқындағы кемшілікті табу және себептерін анықтау.

2. Осы кемшілікке деген эмоциялық қатынас, оны жағымсыз қасиет ретінде сезіну.

3. Келесі әрекет - өзін-өзі өзгерту ұстанымдарын анықтау.

4. Кемшілікті жою тәсілдерін анықтау.

Солардың ішінде үлгі-өнеге маңызды болып табылады. Мысалы студент өзіне мынадай сұрақ қояды: Менің орнымда идеал-педагог қалай әрекет жасаушы еді? және қиялдағы іс-әрекет үлгісі бойынша әрекет жасай бастайды. Немесе мынадай ұстаным қабылдау тиімді: мен не істеу және қалай істеу қажет екендігін білемін. Қолымнан келгенше әрекет жасаймын, бар назарымды іске аударамын.


Әрине, нақты өмірлік жағдайларда өзін-өзі тәрбиелеу үдерісі осылайша бірізді және тұтас бола бермейді. Ол әрқашан ойдағы нәтижені бере алмайды. Оған күтпеген қиындықтар, құралдар мен тәсілдерді дұрыс таңдай алмау т.б. кедергі болуы мүмкін. Дегенмен келтірілген өзін-өзі тәрбиелеу үдерісі жайлы түсінік өзін-өзі тану және өз-өзіне ықпал жасау процедурасының логикасын анықтайтын өзіндік қағиданык нұсқа ретінде қала береді.

2 Өзін-өзі тәрбиелеудің құрылымдық компоненттері



Дене тәрбиесі. Әрбір адам кем дегенде өз ағзасының құрылымы мен функцияларын, тамақтану, еңбек пен демалу тәртібін, жеке гигиена ережелерін орындау, салауатты өмір салтын ұстану және балалық шақтан бастап өз денсаулығын күте алуы керек. Бұл әсіресе ақыл-ой еңбегімен шұғылданатын адамдарға, солардың ішінде болашақ мұғалімдерге қатысты.
Өмір қарқынының өсуі және жүйке-психикалық ауыртпалықтары жағдайында денсаулықты сақтаудың басты шарты - адамның қозғалыс механизмдерін дамыту болып табылады. Қозғалыс - өмір, ал тыныштық - өмірдің аяқталуы. Ежелгі Элладада блылай айтылған: Егер күшті болғың келсе - жүгір, әдемі болғың келсе - жүгір, ақылды болғың келсе - жүгір.
Дене жаттығулары тек ағзаны ғана емес, психиканы да дамытады: ерік пен мақсатқа блағыттылықтың қалыптасуын, жақсы көңіл-күйге, рухтың сергуіне мүмкіндік береді, ойлау мен қабылдауды, ес пен қиялды жаттықтыруды, эстетикалық мәдениеттің жоғарылауына әсер етеді.
Психикалық үдерістердің ерекшеліктері және оларды дамыту мүмкіндіктері. Адам табиғаттан психикалық үдерістерді өз қабілеттерінің негізі ретінде қалыптастыру мүмкіндігін алады. Олардың табиғи жүруі тек қана үйреншікті жағдайда іс-әрекет жасау барысында жүзеге асады. Ал ерекше жағдайларда алдыңғы тәжірибе жеткіліксіз, тіпті кейбір жағдайда өнімді еңбек жасауға кедергі жасайды. Бұл психикалық үдерістерді бақылауды, оған қажетті түзетулерді енгізуді, оларды басқаруды талап етеді.
Сабаққа дайындалу, ғылыми мәселелерді шешу, материалдық мәдениет өнімдерін жарату - біздің психикалық дайындығымыздың жағдайы бірқатар ерекшеліктермен: эмоциялық қозу деңгейімен, интеллектуалды белсенділікпен, т.б. сипатталады. Бұл жағдайларды басқару - адамның өз қолында.
Өзінің интеллектуалдық қабілетін жетілдіруде қабылдауды дамыту маңызды болып табылады. Ол зейін мен қиялдың дамуына тікелей байланысты. Бұл қабілеттерді дамытуға арналған арнайы жаттығулар, белгілі интеллектуалды шынығулар бар. Олмен шұғылдана отырып, келесілерді есте сақтау керек.
1. Психика іс-әрекетте дамиды.
2. Ойлауды, есті шынықтыру үшін нақты проблеманы, нақты педагогикалық жағдайларды қолдану қажет.
3. Өз интеллектісін жетілдіру бойынша жұмыс жасай отыра, өзінің жеке дара ерекшелігін, мысалы, естің түрін, көлемін, дайындығын білу қажет.
4. Өзінің ерекшеліктерін анықтағаннан кейін, өзін-өзі тәрбиелеу тәртібін қалыптастыруы керек.
Бұл жалпы мәліметтерден басқа, студенттерге өзін-өзі интеллектуалды тәрбиелеуі үшін қарапайым, бірақ тәжірибеде дәлелденген ақыл-ой еңбегін ұйымдастыру тәсілдері көмек бере алады.
Бұл жазба мәліметтер жүргізу, кестелер құру, каталогтар жасау, өз жұмыс орнында тәртіпті сақтау, ойлау объектілерін - есте сақтау, жалпылаудың маңызын бағалау арқылы өзінің жадының іс-әрекетін жеңілдету.
Дене шынықтыру денсаулықты сақтаудың маңызды болғандығы секілді, психикалық шынығу да ақыл-ой қабілетін дамыту үшін маңызды болып есептеледі. Орталық жүйке жүйесін күнделікті 5-10 минуттық шынықтыру әдеттегі іс ретінде қалыптасуы керек.
Өзінің психикалық жағдайын реттеу не үшін қажет? Өйткені біздің психикалық үдерістеріміз сыртқы ортаға әсер етеді. Сондықтан олар қалыпты жүре алады немесе нашар, паталогиялық ауру жағдайларына жеткен стрестерге толы болуы мүмкін. Өзінің ерекшелігі мен мүмкіндігін білу, оларды реттей алу - еңбектің өнімділігін арттыруда да, денсаулықты сақтауда да аса қажетті болып есептеледі.
Негізгі танымдық икемділіктерді тәрбиелеу. Танымдық икемділіктер өз ішіне оқушыларды бақылау және түсіну, оқу ақпараттарында бағыттала алу, өзінің физикалық және психикалық жағдайын тани және бақылай алу, өз мінез-құлқын реттеуді қамтиды.
Бұл икемділіктер мен қабілеттер өздігінен іс-әрекет үдерісінде дами алады, бірақ оларды саналы дамыту нәтижелі болып есептеледі. Байқағыштық - қабылдау, ойлау, ес және зейінге негізделеді. Қарау мен көру, тыңдау мен есту бірдей емес.
Байқағыштық - бұл күрделі қасиет. Бұл тек тыңдау мен қарау ғана емес, ал қызығушылықпен қабылдау, ақыл-ойдың белсенді іс-әрекеті. Педагогикалық байқағыштықтың қалыптасуын ақыл-ой іс-әрекетінің бірізді қалыптастасу теориясы тұрғысынан түсінуге болады. Бұл үдерісс келесі негізгі өтпелі жағдайлардан өтеді: сыртқы белгілер тұлғаның эмоциялық, интеллектуалдық және еріктік үдерістері: мимика, ым-ишара, интуиция, т.б. туралы білім қалыптасады. Байқаудың бағыттылық негізі осылай құрылады. Келесі кезеңде бақылау тәжірибесі және басқа адамды қарым-қатынас және еңбек үдерісінде тану.
Ақпараттық икемділіктерге өзін-өзі тәрбиелеу. Кез келген практикалық іс-әрекет негізгі 3 функционалды бөлімдерден тұрады: бағыттаушы, орындаушы, және бақылаушы. Мұнда бақылаушы қызмет дербес емес, бағыттаушы мен орындаушы бөлімдермен бірге қызмет көрсетеді. Осылайша, болашақ мұғалім өзін-өзі тәрбиелеу үдерісінде педагогикалық іс-әрекеттің бағыттаушы, орындаушы және бақылаушы қызметтері бейнеленетін ақпараттық икемділіктерін кәсіби дәрежеде ... жалғасы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет