Мұғалімнің кәсіби өзін-өзі тәрбиелеуі
Мұғалімнің кәсіби өзін-өзі тәрбиелеуі
Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу кез келген әрекет сияқты мотивтер мен белсенділіктің күрделі жүйесіне ие. Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеуінің қозғаушы күші өздігінен даму қажеттілігі. Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу негізінде, педагог әрекетіндей сияқты, мақсат пен мотив арасындағы қарама-қайшылық жатыр. Мотивтің мақсатқа жылжуын қамтамасыз ету - өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігі болып табылады. Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеудегі мұндай қажеттілік белсенділікпен анықталады: борыш, жауапкершілік, кәсіби намыс т.б.
Психологтар өзін-өзі бағалауды қалыптастырудың екі тәсілін көрсетеді. Біріншісі, өзінің ұмтылыс деңгейін жеткен нәтижемен салыстыру, екіншісі - әлеуметтік салыстыру немесе өз пікірін айналасындағылармен салыстыру. Осы тәсілдерді қолданғанда адекватты өзін-өзі бағалау өңделеді.
Педагогтың өзін-өзі бағалауын қалыптастыру тәсілі - өз нәтижесін жеке тұлға идеалымен, педагог іс-әрекетінің нәтижесімен салыстырады. Бұндай жұмыс бірінші курстан басталу қажет. Кәсіби идеалды қалыптастырудың қарапайым тәсілі - арнайы әдебиет оқу, көрнекті педагогтардың өмірі мен шығармашылығымен танысу. Мұғалімнің дұрыс қалыптасқан идеалы - оның өзін-өзі тәрбиелеу жағдайларының тиімділігі.
Өзін-өзі тәрбиелеу процесінің сыртқы факторлары:
- педагогикалық ұжым,
- мектепті басқару стилі,
- бос уақыт.
Педагогикалық ұжымға алған келген педагог оның талаптарын,
принциптерін, сындарын көріп, кәсіби идеал талаптарына үйренеді.
Мектеп басшылары педагогтарға жағдайлар тудыру керек.
Уақыт не үшін қажет. Уақыт педагогқа көркем әдебиет оқуға, музей, театр, көрмеге баруға, фильмдер көруге, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық әдебиет оқуына қажет.
Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу процесінде бір-бірімен тығыз байланысты 3 кезеңді көрсетуге болады:
- өзін-өзі тану,
- өзін-өзі бағдарламалау,
- өз-өзіне әсер беру.
Мұғалімнің кәсіби өзін-өзі тануына психология көмектеседі. Ол үшін
әр түрлі әдістемелер бар. Кәсіби өзін-өзі тануы ерік, эмоционалды, темперамент, мінез, танымдық процестерінің ерекшеліктерін, қабылдау, ес, қиял, ойлау, сөйлнеу, зейін ерекшеліктерін зерттеуге мүмкіндік береді.
Өзін-өзі бағдарламалау процесін дамыту үшін төмендегі вариантты бірінші курс студенттеріне ұсынуға болады:
Өзін-өзі тану, Өздігінен білім алу
НОТ дағдыларын игеру
Өзін-өзі тәрбиелеу
міндеттер
Жолдар мен құралдар
Өз-өзіне әсер беруқұралдары мен тәсілдері әр түрлі. Жеке бас ерекшеліктерін және нақты жағдайларды ескере отырып әр адам оларды таңдай алады. Өзін-өзі тәрбиелеу құралдарына өзінің психикалық жағдайын басқару, яғни өзін-өзі реттеу құралдары жатады. Олар: релаксация, аутотренинг.
2. Педагогикалық ЖОО-ның студенттері мен мұғалімдердің
өздігінен білім алуының негізі
Мектеп бітірушілер педагогикалық жоғары оқу орнына келгенде жаңа жағдайларға тап болады, себебі оларға жоғары талаптар қояды: өз уақытын дұрыс бөлу және жоспарлау, өз жұмыс орнын ұйымдастыру, кітаппен, арнайы әдебиетпен жұмыс істеу және т.б.
Өзіндік жұмыс іскерлігі мен дағдысын игеру педагогикалық түрде дұрыс жасалған күн режиміне байланысты басталады. Оқу және оқудан тыс әрекетін дұрыс жоспарлау, демалысқа, өзіндік білім алуға уақыт қалдыру қажет.
Өздік жұмыс дағдыларын игеру және оқу еңбегін ұйымдастыру іскерлігі ойлау мәдениетін, яғни анализ бен синтездеуде, салыстыруда, классификациялауда, жалпылауда, нақтылауда көрінеді, алған білімін қолдана білуді, танымдық қызығушылық, танымдық есептерді шеше алу іскерлігі мен дағдысын, өздігінен білім алуды, ауызша және жазбаша сөйлеуді үйренуді, өз уақытын дұрыс қолдана білуді, рухани және дене күштерін дұрыс жмсауды қалыптастыруға байланысты.
Мұғалімнің кәсіби өзіндік білім алуының тиімді жолы - мектептің комплексті тақырыбының көлемінде ғылыми немесе әдістемелік өңдеу жасау болып табылады.
Өзін-өзі тәрбиелеу тұлғаның жетілуіне ұмтылу ретінде әрқашан да адамдарға тән болды, және ол өмірлік қажеттік ретінде басқа ұйымдастырылған тәрбие түрлерімен салыстырғанда анағұрлым ерте - адамзат тарихының алғашқы кезеңінде-ақ пайда болды. Өзін-өзі тәрбиелеудің гносеологиялық тамыры алғашқы қоғам дәуірінде жатыр. Сол кезде-ақ адамдардан өмірлік қажетті қасиеттерді (батылдық, тұрақтылық, аштыққа, суыққа төзімділік) дамытуды талап ететін салттар мен сенімдер болды.
Содержание работы
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Өзін-өзі тәрбиелеудің құрылымы мен мазмұны
2. Өзін-өзі тәрбиелеудің құрылымдық компоненттері
3. Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Тәрбиеленуші үшін өмірлік міндеттерді шешуге реализмнің көп мөлшерде болуы оларды іске асырудағы сәттілік пен сәтсіздік басты фактор болып саналады. Сонымен қоса тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруда өзін-өзі тәрбиелеу мен ұжымдық іс-әрекетті ұштастыра отырып, біршама жетістіктерге жетуге болады. Себебі әрбір индивидтің өз қабілеттерін жан-жақты дамытуы осы жерден басталады.
Студенттердің өзін-өзі кәсіби тәрбиелеуінің қозғаушы күштері сыртқы, әлеуметтік талаптар және сұраныстарда ғана емес, сонымен бірге оның өзінің осы талаптар мен сұраныстарға деген қатынасында анықталады. Осы екі фактордың арасында пайда болатын қарама-қайшылықтарды жеңіп шығудың өзі студенттің өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу үдерісі болып табылады. Бірақ берілген жағдайда тұлғаның ұстанымы, оның жас ерекшелік сипаттамасы оның кәсіби бағыттылығының сипаттамасымен толықтырылады.
Өзін-өзі тәрбиелеу теориясының дамуында оның қозғаушы күштерін анықтау үлкен маңызға ие болды. Классик психологтар мен философтардың адамның әлеуметтік табиғаты және оның санасы мен іс-әрекетінің дамуы жайлы зерттеулеріне сүйене отыра, Л. И. Рувинский өзін-өзі тәрбиелеудің жетекші факторларын атап өтті: Өзін-өзі тәрбиелеу құбылысының даму негізінде адамның сыртқы ортамен өзара іс-әрекеттестікте өз позицияларын өзгерту және өз тұлғасын тануының өзара байланысты үдерістерінің қалыптасуы мен өзгеруі жатыр. Әрбір жасқа сыртқы ортамен іс-әрекеттестіктегі өз позициясын өзгерту және өз тұлғасын танудың белгілі мүмкіндіктері және өзін-өзі тәрбиелеу ерекшеліктері тән. Өзін-өзі тәрбиелеу қоғамдық жағдайлармен, тәрбиемен әрекеттесе отыра, өз дамуында тікелей сыртқы ықпалдармен салыстырғанда тұрақты болып қалыптасады.
Өзін-өзі тәрбиелеуді іс-әрекет және тұлға белсенділігінің жоғары формасы ретінде қарастыра отырып, бұл іс-әрекеттің өзіндік әлеуметтік тәжірибе екендігін, және бұл тәжірибе басынан ешкімге берілмейтіндігін, оны игеру қажеттігін есте сақтау қажет. Кез келген ұрпақ өзін-өзі тәрбиелеумен өз заманының талаптарына сәйкес айналысады.
Өзін-өзі тәрбиелеу үдерісі қоғамдық тәрбиенің жалғасы мен табыс шарты болып табылатындағы сияқты, өзін-өзі кәсіби тәрбиелеу де студентті кәсіби тәрбиелеудің жалғасы болып табылады.
Адамның өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажеттіліктің пайда болуының жалпы және алғашқы шарты - бұл оның бала, яғни тәрбие алушы позициясынан (Мен оқушымын (студентпін), мені оқытсын және тәрбиелесін) ересек адам, маман позициясына (Мен ержеттім. Мен өзімнің ісіме жауаптымын, Мен болашақ мұғаліммін. Мен өзімді осы жоғары қызметке дайындаймын) өтуі. Бірақ осымен бірге, ол өзінің білімі мен икемділіктерін байыту, өз тұлғасын дамыту бойынша дербес жұмыс жасау тәжірибесіне ие болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |