Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі – нәтижелі білім берудің негізі


Сабақта қолданылатын әдіс



бет10/48
Дата20.05.2023
өлшемі0,87 Mb.
#95526
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   48
Байланысты:
Семинар 9

Сабақта қолданылатын әдіс

Оқушы әрекеті

ББҮ кестесі

Оқушы ойланады, табады, өзіне-өзі баға береді.

Кубизм әдісі

Окушы ойланады табады зерттейди колданады салыстырады

Интервью немесе сұхбат алу әдісі

Оқушы алған білімінің негізінде жауап қайтарады.

Сәйкестік тесті

Оқушылар жеке дара жұмыс істеуге ұмтылады, өз білімдерін тексереді

Кластерлеу әдісі

Оқушы өткен білімін нәтижеге қарай бағыттайды.

Бұл технологияны сабақта пайдалану оқушылардың белсенділігін, шығармашылық қабілеттерін, салыстыру, талдау, танымдық қасиеттерін арттырады.
ХХІ ғасыр мектебінің мақсаты – жас жеткіншектерді жауапкершілігі жоғары, парасатты, адамгершілік мәдениеті қалыптасқан, өмірге икемді, ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыру болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер
«Биология және салауаттылық негізі» 2009 жыл №2
«Сыр мектебі» 2012 жыл №3
Ғаламтор желісі
«Қазақстан мектебі» 5/2011
«Қазақстан мектебі» 2/2009
Интернен желісі
Биология аныктамалығы №2 2008
Н.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы.
Сабақта жаңа технологияларды пайдалану іс-тәжірибесінен
Ақымова Аяш №54 мектептің бастауыш сынып мұғалімі, Қызылорда облысы,Жаңақорәан ауданы,Бесарық ауылы
«Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз.Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шаәын да болса өзіне лайық «орнын» иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларәа жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз».(Н.Назарбаев).
Білім қоғам өмірінде қай заманда да маңызды роль атқарған.
«Білімді мыңды жығар» деген бабаларымыз асылын ардақтап, данышпандарын аялай білді, кең байтақ жерімізді бізге мұра етіп қалдырды. Жаһандану үрдісі жалпақ әлемге қанат жайып келеді. Ақпараттық технологиялар тез дамып, өңіріміздің өзегіне айналуда. Заман талабын дұрыс ұғынып, балаларға сапалы білім беретін осы заманғы білім беру жүйесін жасап, үлгермесек мүмкіндікті жіберіп алып, көш соңында қалып қою қауіпі де жоқ емес. Сондықтан да білім беру жүйесін дамытуға бүкіл ел болып атсалысуымыз керек.
2006 1 наурызында Қазақстан халқына жолдауында Елбасымыз Н.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын ұсынды. «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманәы білім беру жүйесі қажет» - деп атап өткен Елбасымыз білім саласының нақты міндеттерін айқындап берді.
Оқыту технологияларын жоспарлау, жүйелеу әдісі оқытудың тиімді формаларына жету үшін адамдық және техникалық үрдістерді меңгеру керек және олардың өзара байланысын ескере отырып білімді оқыту үлгісінде қолдана білу қажет.
Жаңа заман талабына сай білім беру бүгінгі таңда өзекті мәселе, шығармашылық қабілеті мол, жан-жақты дамыған адамзат тәрбиелеуде жаңа педагогикалық технология ауадай қажет. Білім беру технологияларының басты мақсаты – білім беру сапасын арттыру, оқушылардың білім, білу дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және басқа да көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді.
Оқыту үрдісінің негізгі мәселесі оқушыға өнегелі де терең, тиянақты, жүйелі білім беру.Іргелі білім берудің міндеті адамды ғылыми ойлауға, оның әдіс-тәсілдерін білуге, өзін-өзі дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге іштей қажеттілік туғызады.
Бүгінгі күні бұл міндетті электрондық оқулық жүзеге асыруға тікелей қатысуда. Электронды оқулықтың ақпараттарын қолданып,дисктерге суреттер, иллюстрациялар,кестелер,мәтіндерді шығарып алуға болады.
Міне,осылай электрондық оқулық заман ағымына сай оқушылардың қызығушылыәын арттырып, түсінбей қалған сәттерін қайтадан көруге, алған маәлұматты нақтылауға мүмкіндік береді.
Электрондық оқулық есте сақтау үшін білімді жақсы меңгерткізеді.Оқу үрдісінде оқушының өзінің қатысуы оның ассоцациялық ойлау қабілеті мен оқуға деген ынтасын арттырады.Өзінше баға беруге, талдауға үйретеді.
Мысалы, мектепалды даярлық сыныбында жүргізілген 5 саны мен цифры тақырыбы бойынша математика пәнінен электронды оқулықты пайдаландым. Ондағы цифрлардың қимылы арқылы қандай заттарға ұқсайтыны көрсетіледі.
Көбелектің қанаты 3 цифрына , алманың жарты бөлігі 5 цифрына т,б. Ұқсастығын ажыратады, әрі қызығушылығы артады. Және де 5 цифрының қасиетті сан екені , 5 күн оқимыз, 5 қару, 5 уақыт оқытылатын намаз т,б. жайлы айтылады.
Санамақтар жаттау арқылы баланың тілі ,ой-өрісі дамиды. Сын тұрғысынан ойлау өте күрделі,маңызды құбылыс.Мұғалім осы әрекетті ұйымдастырушы бағыттаушы.Ол өте білімді,әділетті.Оқушы түрлі ақпарат көздерімен сусындап өз түйінін айта білуі керек. Кез-келген мазмұнды талдау барысында өз тобымен ұжымдасып,пікірлесіп ең ұтымды жауапты іздеу керек.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Бастауыш мектеп / №8, 2004ж, 2006ж. №9, 2003 ж. /
2. Қазақстан мектебі /№2, 2003 ж/


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет