Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі – нәтижелі білім берудің негізі



бет15/48
Дата20.05.2023
өлшемі0,87 Mb.
#95526
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   48
Өзін-өзі басқару ұйымы
1-4 сынып «Балдырған» тобы
5-8 сынып «Ұлан» тобы» тобы
9-11 сынып «Жас қанат» тобы құрылса және жүйелі түрде жұмыс жасалса.
Ұсынысым:
1.Жалпы адамзаттық құндылықтарды жеке тұлғаны қалыптастыруда негіз етіп алу.
2.Өз отанына пайда келтіретін қоғамымыздың білімді,парасатты,адамгершілікті,қайратты тұлғаларды даярлау.
3.Әлемде бейбітшілік болуына үлес қосу,экологиялық,қайырымдылық,рухани,танымдық мәдени шараларына ат салысу.
4.Ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды,тарихты,тілді,халықтың рухани қазыналарын қастерлеу,насихаттау.
5.Баланың бойында адамгершілік құндылықтардың дамуына ықпал жасау.
Бір кемшілігі байқалса,оқушыларға өкпелейтініміз бекер.Салт-дәстүрді өз орнымен іске асырып,үлгі-өнеге ете алмаған кінә бізден.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні:
«Шындығы сол,мына өмірге,
Біздер келген қонақпыз.
Кешке келіп,таңертең жоқ,
Келіп-кетер толассыз» деген ой шумағын зерделесек халықтың тағылымы тек балалар үшін ғана емес,барлық буын,күні ертең соңғы сапарға аттанғалы отырған үлкендер үшін де керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Р.Қоянбаев Педагогика
2.Білім технологиялары журналы 2010ж
3.Тәрбие құралы 2009ж
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда проблемалық әдістерді пайдаланудың тиімділігі
Байжанова Мысырша Сұлтанқызы-. Қыдыров атындағы № 54 орта мектеп,
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қызылорда облысы, Жаңақолрған ауданы, Бесарық ауылы
Сабақ беру жәй ғана үйреншікті шеберлік емес,ол - жаңадан жаңаны табатын өнер.Ж.Аймауытов.
Проблемалық оқыту-шығармашылық жұмыс көзі. Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты қоғам шығармашылық әрекет пен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екенін күнделікті өмірдің өзі дәлелдеуде. Осыған орай бүгінгі күні орта білім беретін мектептерге үлкен талап қойылуда.
Баланы кез-келген пәннен жалықтырып алмау,оның қызығушылығын арттыру үшін қандай әрекеттер жасау керек?деген сұраққа жауап іздеу көптеген технологияны, әдіс-тәсілдерді дүниеге әкелді.
Сондықтан педагогика ғылымында педагогикалық үрдісті ұйымдастыру формалары өзекті мәселеге айналып, қазіргі кезде Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үрдісі қалыптасуда.Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді.Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я.А.Коменскийдің,И.Гербарттың дәстүрлі объект-субъектілі педагогикасының орнын басқасы басты.Ол балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде,өзін-өзі өзектілендіруге,өзін танытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған.Мұндай жағдайда педагогикалық процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер—оқытушы мен оқушының тұлғалық-бағытталған өзара әрекеті болып табылады. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін,білігі мен дағдысын емес,оның тұлғасын,білім алу арқылы дамуын қояды.
Бүгінгі таңда В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы,М.Чошановтың проблемалық модульді оқыту технологиясы,Қазақстанда Ж.Қараевтің, М.Жанпейісованың және т.б.ғалымдардың технологиялары кеңінен танымал.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы»Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалылық қағидасы бекітілген,бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне,педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға ,педагогикалық процесті кез келген үлгімен,тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді.
Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда проблемалық әдістерді пайдалану жолдарына тоқталамын
Проблема дегеніміз – субьектінің өзінде бар іздену құралдарымен (білім,икемділік,іздену тәжірибесі т.б.) шешуге болатын проблемалы жағдай.Сондықтан да кез-келген проблемада проблемалы жағдай болады да, кез-келген проблемалы жағдайда (субьект шешу құралын игермеген болса) проблема бола бермейді.
Проблемалық оқытуда көздейтін мақсат оқушыларға білімді даяр күйінде бәрін мұғалімнің өзі баяндай бермей, олардың алдына белгілі проблемалық міндет қойып, соны өздеріне шештіруге бағыттау. Проблемалы міндет дегеніміз – проблемалы жағдайдағы іздену, зерттеу барысында шешілетін проблема.
Проблемалық оқыту: проблема, проблемалық сұрақтар, проблемалы тапсырма, пробдемалы жағдай деген ұғымды қамтиды. Бұл ұғымдардың мазмұнын дұрыс түсінудің маңызы зор.
Проблемалық оқыту шығармашылық жұмыстарды жүргізудің ең өнімді жолы болып табылады. Оның басты себебі, проблемалық оқыту технологиясының өзіндік ерекшелігінде жатыр. Проблемалық оқытуда оқушылар бейтаныс, белгілі емес мәселелерді өз бетінше шешуге жұмылады. Проблемалық ситуцияны шешу арқылы оқушылардың шығармашылық ойлауы дамиды, интеллектуалдық таным үрдісі жетіледі. Пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық тапсырмалардың тіл дамытудағы тиімділігі – оқушылардың бұл оқыту түрінде ғылыми ізденіспен, зерртеушілікпен айналысады. Ойлау үрдісі тоқтаусыз жұмыс істейді. Ойлауымен бірге тілдері де дамиды.Мысалы 5-сыныпта «Фонетика» бөлімін оқытқанда мынадай сұрақтар қоюға болады:
1.Қолда буын көп пе аяқта буын көп пе?(а-яқ )
2.Шалға қарағанда балада не көп?(ба-ла)
3Ант пен қант,оқ пен тоқ,ұрт пен мұрт деген жұп сөздерде екі ұқсастық айтылуы,буын саны және айырмашылық буындардың жасалу түрі,дыбыс саны бар екен.Соны тауып дәлелде.
4.Бота мен қозы ұқсас.Олар қалай ұқсас?(Дыбыс және буын саны,буын түрі).
Проблемалық оқытуға негізделген жұмыстар, тапсырмалар оқушылардың ғана өзіндік ойлауына, өзіндік ізденісіне ғана бағытталады,білімді өз беттерімен алуға жол ашады, таным белсенділігін арттыруға түрткі жасайды. Проблемалық сұрақтарды, ситуацияны шешу- шығармашылық үрдіс. Ал шығармашылық, өнерпаздық сөзінің мәні – жеке тұлғаның бір нәрсе жасап шығаруы немесе өзіне ғана тән бір нәтижеге қол жеткізуі. Шығармашылық – ешкімнің қол жеткен табысын өзіне пайдаланбайды, өзінің ғана жасап шығарған тың,жаңа өнімі.
Шығармашылық тапсырмалардың ең басты белгілері оқушылардың белсенді дербес ізденісі, өзіндік, шығармашылық ойлауы арқылы проблемалық ситуацияны шешулерінде.
Білім беруді проблемалықпен оқытудың үш түрлі әдісі, үш түрлі жолы бар:

1

Білімді проблема негізінде баяндау

Мұғалім сабақты жәй хабарлап не баяндап түсіндірмейді.Проблема қоя отырып түсіндіреді.Оқущылардың тану белсенділігін арттыру, бірге отырып оны шешу жолдары мақсат етіледі. Оқушыларды іздендіруге, табуға жұмылдырады.

2

Оқушыларды іздену, зерттеу іс әрекетіне кіргізу.

Мұғалім оқушылар алдына проблема қояды,ол проблемаға балалардың назарын аударады, сабақ түсіндіру барысында сұрақ-жауап,басқа да өнімді тәсілдер арқылы оны шешуге түрткі жасайды.

3

Оқытудың зерттеу әдісі

Оқушылар проблеманы шешу үшін болжам жасайды,дәлелдеу,салыстыру,қорытынды шығару тәсілдерін,амалдарын іздейді.Өз беттерімен,өз ізденістерімен мақсатқа жету үшін еңбектенеді.




Тәжірибе жасап көрсату




Суреттеу, түсіндіру




Фактілер мен ережелерді хабарлау




Ақпаратты мәселелерді қою













Басқа әдістер






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет