«математика сабағында бастауыш сынып оқушыларының ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру»



Дата15.04.2023
өлшемі85,92 Kb.
#83161
түріСабақ

«МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АУЫЗША ЕСЕПТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ»
Ұлaғaтты ұcтaздaр «Мaтемaтикa өмір тіршілігіне қaжет ғылым. Қоғaмдa тіл қaндaй қaжет болca, мaтемaтикa тілі де cондaй қaжет, ол тaбиғaттың тілі, оны cүйіп оқып үйреніңдер, cырын aшыңдaр, cыйлығын aлдындa күтіп тұр»,─ дегендей, ауызша есептеу математика сабағында өте тиімді. Сабақта оқушылардың ойлау қабілетін дамытады, есеп шығарғанда орындайтын амалдарды ойша шешіп алуға дағдыландыра отырып, шапшаң тез есептеуге сонымен қатар логикалық ойлаудың дамуына жол ашады. Ауызша есептеу әдістерін практикада қолдану, заман талабына сай заманауи технологияның дамуына үлкен үлес қосады.
17х5, 84:4 түріндегі кестеден тыс ауызша көбейту және бөлу
мақсаты: ауызша есептеу әдістерін айқындап, оларды тиімді пайдалану; есептеу және жазуға кететін уақытты үнемдеу.
Мысалы: осы тақырыпты меңгерту үшін алдымен « Ширату» әдісін қолданамын. Көбейту кестесін еске түсіру мақсатында өткізіледі. Оқушылар көбейту кестесін айтады. Сәл кідірсе, келесі оқушы жалғастырып кетеді.
17х5, 84:4 түріндегі есептерді қалай ауызша шығаруға болатынын алдымен оқушылардан сұрап, кейін жауаптарына қарай байланыстырып, түсіндіремін.

Осы есептеулердің алгаритімдерін оқушылардан сұрап, талдап алып, ұқсас тапсырмаларды ұсынамын.
Топтық тапсырмаларға «Фишбоун» әдісін қолданса болады. Мәтінді есептерді шығаруға көмектеседі. Алдымен топта оқушылар тапсырманы оқып, сұрағын табады. Шартын дұрыс құру үшін ақылдасады. Шешуін тауып, жауабын жазып, кесесі топқа түсіндіреді.

«А,С,В» әдісі
А-сұрақ қояды.
В-жауап береді.
С – айтқан жауаптарды бақылайды, толық болмаса толықтырады.
А — сұрақ қоюшы, В – жауап беруші, С — бақылаушы рөлін атқарады. Бақылаушы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді.
Бұл әдісті сабақ барысында қолданамын. Мысалы: сол күнгі сабақтың мақсатына жету барысында оқушыларға ауызша есептей алу дағдысын арттыру үшін тапсырмалар беремін. Болмаса өздері ойластырып, есептерден тапсырмаларды қолданады. Бір оқушы 22*5 тің көбейтіндісі десе, екінші оқушы есептеу әдісін еске түсіре отырып жауабын айтады.Үшінші оқушы дұрыстығын тексереді. Бұл жеке жұмыс өткізуге пайдалы.
«Аударыспақ» әдісін қолданып та сабақтың мақсатына жетуге болады. Бұл жұптық тапсырма. Екеуіне де тең бөлініп шариктер беріледі. Сұраққа дұрыс жауап берген немесе есептердің мәнін дұрыс тапқан оқушы шарик алады, ал жауап дұрыс емес болған жағдайда немесе сұрақ қоя алмаған жағдайда өзі бір шариктен айырылады.

Сабақты бекітуге «Əріптестер» әдісін қолданамын.
Əр оқушыға не жауабы бар, не сұрағы бар қағаз беремін. Оқушылар сынып ішінде жүріп, сəйкес келетін сұрақ пен жауапты іздейді.
Осындай әдіс-тәсілдерді қолдану барысында сабағымның мақсатына жетіп отырамын. Жаңа сабаққа түсінбеген оқушыларды зерттеп, себебін анықтап келесі сабаққа жаңа әдіс-тәсілдер ойластырып келемін.


 Математика сабағында ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Сабақта оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін есеп шығарғанда орындайтын амалдарды ойша шешіп алуды дағдыландырған жөн. Ауызша жаттығулар орындаған кезде жақсы оқитын оқушылардан ғана сұраудың қажеті жоқ, қалғандарын жауап беруге тарту керек. Жақсы оқитын оқушылар жауабын жазып көрсетсе де жеткілікті, бірақ жауаптың дұрыс, қателігін бірден бермей, басқа жауаптың болуы мүмкін бе деген сұраққа жауап алуға тырысу керек.

Ауызша жаттығулар мүмкіндігінше өмірлік сұрақтармен байланыста болуы қажет, құрылымы бойынша жеңіл болуы керек, мазмұны және қойылған сұрақ толық, түсінікті және нақты болуы қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет