Жеке тұлғаға ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие беру Ғаббасова Г.Ж-№52 Б.Аралбаев атындағы орта мектеп география пәнінің мұғалімі, Қызылорда облысы, Жаңақорған акуданы, Сүттіқұдық ауылы
«Күллі ғажайыптың ең тамашасы –жақсы тәрбиеленген адам»
Эпиктет
Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақталған ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру,баланың қоршаған ортадағы қарым- қатынасын, өмірге деген көзқарасын қалыптастыру. Ал тәрбиенің негізгі мақсаты-дені сау, ұлттық сана сезімі, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, ар-ождан мол, іскер, бойында игі қасиеттер қалыптасқан адам тәрбиелеу. Жалпы оқушылардың өмірінде мектептегі тәрбиенің рөлі зор.
Мектептегі басты тұлға ұстаздың міндеті тек білім беру ғана емес,сонымен қатар әрбір оқушының жүрегіне жол тауып, оларды тәлім -тәрбиемен сусындату болып табылады. Оқушыларды жан жақты қабілетті азамат етіп өсіруде халықтың салт- дәстірлерінің тәлім-тәрбиелік, білім танымдық рөлі орасан зор.
Өзге халықтар сияқты қазақ елінің де бала тәрбиесі жөнінде атам заманнан бері жиып-терген мол тәрбиесі бар. Аға- буын өз бойындағы ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, елін- жерін, Отанын сүюшілік секілді асыл қасиеттерін жас ұрпаққа күнделікті тұрмыста үнемі үйретіп, қаны мен жанына сіңіріп келеді. Адамның жарық дүниеге келген күнінен бастап, оны есейіп, қартайып, о дүниеге аттанып кеткенге дейінгі өмірі мен іс-әрекеті, басқалармен қарым қатынасы атаулының барлығы салт- дәстірлерден өзекті орын алып, адамның дүние тану көзқарасын қалыптастыратын тәрбие мектебі. Өз ұрпағының «Сегіз қырлы, бір сырлы» өнегелі, өнерлі болып өсуін мақсат еткен ата- бабамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін әлденеше ғасырлар бойы өлең жырмен насихаттады.
Әсіресе «Өнер алды-қызыл тіл», «Жер астында жатқанды-қазбай қарап тіл табар» деп саналы сөзді сары алтыннан артық бағалаған халқымыз тілді тәрбиенің пәрменді құралы, ақыл ойдың асыл қоймасы деп таныды. Қазақтың айтыс өлеңдерінде,терме-толғауларында, бесік жырларында, ертегі, аңыз- әңгімелерінде, мақал-мәтел, нақыл сөздерінде , ел тағдыры келер ұрпақ қамын, бас бостандығы, адамгершілік, ар-оджан мәселелері жан-жақты сөз болып, ақыл-өсиет, насихат түрінде айтылып, жастарға өнеге айту, тәлім-тәрбие беру көзделеді.
Еліміздің ежелден дәріптеп, қастерлеп келген ұлттық өнерінің тегін тектеу, болмысын тану, оның асылын тарихтың рухани көш - керуеніне ілестіріп отыру арқылы бүгінгі және болашақ ұрпақ қамын ойлау өскелең өмір талабы болып отыр.
Ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрлері мен тағылымдарын оқып үйреніп өнеге тұтпай тұрып, жастарды ізгілік пен парасаттылыққа баулу мүмкін емес. Себебі Л.Н.Толстой айтқандай «Өткенді жақсы білмейінше, келешекке сапар шегу айсыз қараңғы түнде сүрлеу соқпақ іздеп адасумен парапар».
Жастар бойында ұлттық, имандылық, мейірімділік, адами қасиеттерді қалыптастыру мақсатында «Аталар сөзі – ақылдың көзі» атты тәрбие сағатын өттім. Қазақтың атақты билері Төле би, Қаз дайысты Қазыбек би, Әйтеке билердің айтқан өсиет сөздері кім-кімді бей - жай қалдырмасы анық.
Қазыбек би: «Кім жақын, не қымбат, не қиын?» деген сұраққа:
Тату болса , ағайын жақын, Ақылшы болса, апайың жақын Бауырмал болса,інің жақын Адал болса, досың жақын.
Асқар тауың әкең қымбат Туып өскен елің қымбат Ұят пенен ар қымбат Кіндік кескен жер қымбат
Арадан шыққан жау қиын Таусылмайтын дау қиын Жазылмаса дерт қиын Іске аспаған серт қиын,- деген екен.
Төле би ел тұрмысын, арғы-бергі тарихты, оның сабақтарын ой көзімен барлаған, алғыр шешен, көреген көсем болған.
Ақыл – адамды аздырмайтын ем, Білім таусылмайтын кен Адамның басшысы ақыл, Жетекшісі – талап, жолдасы - кәсіп Шолғыншысы – ой ,қорғаны – сабыр Қорғаушысы – мінез, - деп айтқан.
Ал Әйтеке би жаман мен жақсы туралы,
Жақсы деген адамның алды арты бірдей жарық болар, Жақсы деген ісінің бас-аяғы бірдей анық болар. Жаман деген кісінің алды-арты бірдей жау болар, Жаман деген ісінің бас-аяғы бітпей дау болар, - деп толғаған.
Осы айтылған өсиет сөздер оқушылар санасына құйылар болса, нұр үстіне нұр болар еді.
Ел аузында, жазба әдеби шығармаларда «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» білдіретін нақыл, қанатты сөдер көп кездеседі. Өткір, тапқыр нақыл сөздер – тілімізді байыта түсетін халықтың асыл қоры.
Оның оқушылар үшін пайдасы мен атқаратын рөлі зор.
I. «Ұлтарақтай болса да, ата қоныс жер қымбат» Отанын сүюге,елін-жерін қадірлеуге шақыратын нақыл сөз (Д.Әбілов. Өлеңдер мен поэмалары. 57-бет)
II.«Шындық шыңырауданда алып шығады» Адал жүріп, әділ сөйлесең, қор болмайсын.Шындық ескерілусіз қалмайды ол шыңырауданда алып шығады дейді жұрт. (С. Мұханов. Ажардың өлімі повесі. 261-бет)
III.«Намысты анаға сатпа» Туған ел намысынан жоғары ештеңе жоқ, оны еш нәрсеге айырбастауға болмайды дегенді Ұлы Отан соғысы кезінде Б.Момышұлы жауынгерлеріне айтқан. (Москва үшін шайқас. 229-бет)
IY.«Мал дәулеттің байлығы, бір жұтасың жоқ болар, Өнер – білім байлығы күннен – күнге көп болар» Бұл қазақтың алғашқы халық ағартушусы Ы.Алтинсариннің шәкірт ұрпақтарын оқуға, өнерге, білімге шақынған нақыл сөздері.
Y.«Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат» Абай өлеңдерінен алынған нақыл сөз.Бұл нақылдан : «жігіттер балдан тәтті жастық шақ, әлі-ақ өте шығады, оның қадірін арзан ойын-күлкімен өткізбейік» - деген мағына табамыз.
YI.«Туа сала даяр тұрған айлық жоқ Туа сала даяр тұрған байлық жоқ» Жастарға айтылған ғибрат. Бәріне де еңбек арқылы қол жеткізеді дегенді білдіреді. (Қ.Мырзалиев «Көш». 160-бет)
YII.«Мектеп – кеме, білім- теңіз» Мектеп пен білім жөнінде сөз болса, оған осылай деген метафоралы теңеу айтылады. «Мектеп - кеме, білім - теңіз, Барар жерге тез жетеміз.» (Қ.Аманжолов, шағармалары. 190-бет)
Жас ұрпақты тәрбиелеуде дінніңде алатын орны ерекше. Себебі, біздің қазақ халқы ежелден тәңірге табынған халық. Ал оның барар жері құдай, яғни мұсылмандық ұғыммен айтқанда – бір Алла.
Діни әдебиеттерді, әсіресе Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың хадистерін оқып отырсақ, олардың біздің халықтың даналық сөздерімен, мақал – мәтелдерінің мағыналарымен, мазмұндарымен кісі таңғаларлықтай дәлдігіне қайран қаласын...
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өз хадистерінде «Білімді игеру – әрбір мұсылманның міндеті» деп атап көрсете отырып, «білім үйрену ғибадаттанда артық және ол діннің де тірегі» деген даналық тұжырым жасаған.
Халифа Алтай Ғақыпұлы жазған «Таңдамалы хадистер» кітабында жастарды көркем мінезді болуға, турашылдыққа, шыншылдыққа шақырады. Ар-ұят жайлы мейірімділік пен кешірімділік туралы әңгіме қозғалады. Ислам діні - адамзатты жақсылыққа, мейірімділікке, тазалыққа үйретеді.
Оқушылардың бойында қазақстандық патриотизм, отаншылдығын қалыртастыруда өткізілетін тәрбие сағаттарының орны зор, сабақтан тыс өткізілетін іс-шараларда патриоттық сезімді оятуға септігін тигізеді.
Мысалы, тәуелсіздік күніне байланысты ұйымдастырылған «Тәуелсіздік-тұғырым» атты әдеби-музыкалық қойылымда оқушылар еліміздің өткенінен мол мағлұмат ала отырып, Қабанбай, Наурызбай, Райымбек сынды батырлардың елі, жері үшін аянбай күрескенін кешегі желтоқсан құрбандары Л.Асанова, Қ.Рысқұлбеков, Е.Сыпатаевтың ерлігін танып, үлгі етері сөзсіз.
Елін сүю – әркімнің жеке ісі, өз арының ісі. Сондықтанда жас ұрпақты отанды қастерлеу мен ардақтауға, халықтың мүдде-мақсатын қорғай білуге тәрбиелеу біздің басты мақсатымыз болып табылады.