Мұғалімнің кәсіби құзырлылығы – нәтижелі білім берудің негізі


«Қазіргі заман оқушысының мұғалімі қандай болу керек?»



бет2/2
Дата25.07.2023
өлшемі115,5 Kb.
#104750
1   2
«Қазіргі заман оқушысының мұғалімі қандай болу керек?»

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев "Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр" деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологикалық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың қазіргі жаңа технологиясын шебер терең меңгерген болғанда ғана білігі мен білімі жоғары, жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.


Мұғалімнің бір ғана сыры - оның мамандығы. Бұл дүниеде теңдесі жоқ мамандық тек мұғалімге ғана лайық. Сондықтан ұстаз адам - кәсіби мамандығына құштар, оны жан-тәнімен сүйетін, барлық өмірін соған арнауы тиіс. Олай болса мұғалім еңбегінің сан қырлылығы осыдан өрбиді. Мұғалім адамның өз пәнін терең меңгеруі оның ең алғашқы қыры, кәсіби шеберлігін үздіксіз ұштай, шыңдай түсуі екінші қыры болмақ. Үшінші қыры - мұғалімнің тілді меңгеруі - тіл шеберлігі. Сөзді жетесіне жеткізе сөйлей білудің өзі - өнер. Себебі, тіл - тәрбие құралы. Төртінші қыры - байқағыштық сезімі-көрегендігі. Бесінші қыры - әр жүректі білім шұғыласымен нұрландырудың ең тиімді, ең төте жолын таба білетін жасампаздығы. Алтыншы қыры - жан-жақты дарындылығы. Жетінші қыры - үздіксіз, тынымсыз ізденімпаздығы. Сегізінші қыры - үлгі-өнегесі, мұғалім мәдениеті немесе педагогикалық әдеп-этикасы деуге болар еді. Себебі, мұғалімнің келбеті-сыртқы мәдениеті, қарым-қатынасы, өзін-өзі басқаруы, бақылауы, сөйлеу мәдениеті үздіксіз жаңарып, өзгеріп, үнемі жаңа сипатқа ие болып отыруы мұғалімдік мамандықтың ең басты этикалық сапалық белгісі.
Ұстаздық киелі әрі өте көне мамандық. Адамзатты ежелден ойландырып, толғандырып келе жатқан, қоғамдық құрылыс өзгеріп жатса да, қажеттігін жоймайтын маңызды мәселе-жас ұрпақты өмір сүруге дайындау. Бұл қиынның-қиыны. Себебі, әр адам-қайталанбас жеке тұлға.
Бүгінгі ұстаз шәкіртіне мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеу керек. Ол нағыз ұстаздың қолынан келеді. Иә, бүгінгі күн мұғалімнің көп ізденіп, тынымсыз еңбектенуін, сабақ берудің амал-тәсілдерін жетілдіріп отыруды қажет етеді. Өйткені, білім мазмұны, оқыту үрдісі өзгерісті талап етуде. Ал ұстаздар алдында шешімін таппай жатқан проблемалар да баршылық. Пәндерге байланысты көрнекі құралдарды жаңарту, көбейту, толықтыру, дидактикалық материалдардың, әдістемелік көмекші құралдардың аздығы оқулықтар мазмұны мен сапасы алаңдатады. Сонымен қатар, білім сапасын арттыруда жаңа технологиямен тұрақты жүйелі, нәтижелі жұмыс істеу үшін мұғалім сабағына жан-жақты дайындалуы керек. Ол үшін мұғалімге еркіндік, шығармашылық ізденіс, көп еңбек қажет, ал ол үшін жағдай керек.
"Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады", - деген екен Қытайдың дана ойшылы Конфуций. Сонымен мұғалім өткен тәжірибесін жаңамен ұштастыра алатын кәсіби қызығушылығы жоғары, танымы биік, бастаған ісінің нәтижесін көре алатын, ғылыми зерттеу жұмыстарын таңдай білетін, педагогикалық үрдістің заңдылықтарымен етене таныс, оқытудың әдістемелік жаңалықтарынан хабардар, оқыту үрдісін ізденімпаздықпен арттыратын өз ісінің шебері болуы керек.
Ақпараттар ағыны ағылған, түрлі хабарлар тасқыны тасыған жаңа ғасырда мұғалімде - озық техникалық, электрондық құралдарды, компьютерді жетік білетін өз пәнін өмірімен байланыстыра алатын, ақпаратшыл және ұлтының кемеліне келіп толысуына, рухани өсуіне, әдеби-мәдени дамуына басты ықпал жасаушы, ұлтжанды патриот болу керек.
Енді осыған сәйкес ХХІ ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптарға тоқтала кетейік: Біріншіден, мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет. Зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар мұғалім жалтақ болмайды. Өз ісін жетік біліп табанды жүргізетін мұғалім ғана түпкі нәтижеге қол жеткізе алады. Ондай мұғалім әрбір күніне есеп беріп отырады, азаматтық ар-ожданын үнемі қорғай алады. Екіншіден, педагогтік, психологиялық білімін жетілдіріп үйренумен қатар, сол білімін күнделікті ісінде шебер пайдалана білетін болуы керек. Мұғалім қай пәннен сабақ бермесін, ол баланы өмірдің әр саласына қатысты кез келген сұрағына жауап беруге даяр болуы керек.
Әр мұғалімнің педогогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс. Психологиялық басты заңдылық "Адам өзінің шығармашылық өзгерушілік қызметі арқылы адамдармен қарым-қатынас жасайды және жеке ойлау қабілеті зор жеке тұлға болып қалыптасады" дейді. Үшіншіден, міндетті орта білім беру, стандартты оқулықтарды пайдалану, ақпараттардың көбеюі, т.с.с. Өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйретпеген мұғалім қазір түпкі нәтижеге қол жеткізе алмайды. Төртіншіден, мұғалім ұйымдастырушылық, құрылымдылық, бейімділік сараптамалық қабілеттермен қатар өз бойындағы педагогикалық жағдаяттарды, дәйектерді, құбылыстарды талдай білуі және солардың пайда болуының себеп-салдарын анықтай білуге де бейім болуы шарт. Соның негізінде күрделі жағдайларда шешім таба алатын дәрежеге жету мүмкін. Бесіншіден, мұғалімнің адамгершілік, саяси идеялық ұстанымы жұмысында көрініс тауып, ол ұстанымда бала тәрбиесіне негіз етіп алуы шарт. Қысқасы, бала ықпал ету объектісі емес ынтымақтаса қызмет ететін тұлғаға айналуы қажет.
Ал, ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпасада түсінікті. Бұл - әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет. Сондай-ақ ұстаз күнбе-күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуы тиіс. Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады. "Ұстаз" сөзінің екі түрлі сипаты бар. Бірі - белгілі пәннен сабақ беретін оқытушы десе, екіншісі - жоғары беделді адамдарға ықпал етуші дана адам. Мектептегі ұстаз - баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде.
Бұл мұғалімнен өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Елбасымыздың осы жылғы Жолдауында "Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңарту қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет" - деп айқын атап көрсетті.
ХХІ ғасыр - қатаң бәсеке ғасыры. Елбасымыз халыққа арналған жолдауында "ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда жаңаша ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз" деген болатын.
Қашан да білімді ұрпақ - болашағымыздың кепілі. Егеменді еліміздің тағдыры - жас ұрпақтың тағдыры - бүгінгі ұстаздардың қолында.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет