Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: Қазақстан республикасында инклюзивті қоғамды дамыту балалар үшін бірігейік



Pdf көрінісі
бет13/68
Дата03.11.2023
өлшемі3,63 Mb.
#122018
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   68
II. ҚаЗаҚСтан 
реСПублИкаСын-
дағы Мүгедектігі 
бар балалардың 
жағдайына 
талдау
«Асыл бөбек» тірек-қозғалыс аппараттары бұзылған балаларға арналған 
мамандандырылған балабақшада, Астана қ. 
21


Мүгедектігі бар адамдар мен балаларды 
қорғауға, қоғамға неғұрлым жетілген интегра-
циялану мен мүмкіндіктер теңдігін қамтамасыз 
етуге бағытталған күш-жігер аясында Қазақстан 
2008 жылы 11 желтоқсанда БҰҰ Мүгедектер 
құқықтары туралы конвенциясына қол қойды. 
Бұл мүгедектігі бар адамдарды одан да гөрі 
көбірек қорғау және олардың өмірлерін жақсарту 
үшін халықаралық ұстанымның бар екенін тағы 
бір рет көрсетті. Қазақстанның заңнамалары 
мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік көмек 
алу, мамандандырылған мекемелер ұсыну
тегін білім беру (бастауыш, орта және кәсіптік 
оқу, сондай-ақ белгіленген талаптарға сай ба-
лалар үшін тегін жоғары білім), медициналық 
мекемелерде мамандандырылған ем алу 
және т.б. кепілдік береді. Солай бола тұрса 
да, көптеген мәселелер шешілмеген күйінде 
қалып отыр, елдік есептер неғұрлым кешенді 
күш –жігерге мұқтаж көптеген облыстардың 
бар екенін көрсетеді. 2012 жылы ҚР Еңбек 
және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 
2012-2018 жылдарға арналған Қазақстан 
Республикасындағы Мүгедектердің құқықтарын 
қамтамасыз ету және және өмір сүру сапасын 
жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске 
асыруға кірісті. Бұл жоспар елдің БҰҰ Мүгедектер 
құқықтары туралы конвенциясын ратификаци-
ялау туралы шешіміне жауап ретінде әзірленді 
және балаларды қосқанда халықтың әр алуан 
тобының қажеттіліктерін қамтиды (ЮНИСЕФ, 
2012 ж.). Осы талдауда мүгедектігі бар 
балалардың санына, заңнамалық актілермен 
қамтылу толықтығына, институционалдық 
құрылымына, қаржылай қорғауына және ел 
халқының осы санатына қызмет көрсетуіне 
қатысты Қазақстандағы қазіргі жағдайдың 
қандай екендігі туралы мәселелер белгіленген. 
Бұл тарауда қол жеткізілген ілгерілеушіліктер 
мен болашақ мұқтаждықтарға неғұрлым толық 
түсінік беру үшін мүгедектігі бар балалар 
проблемаларының аспектілері қарастырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет