Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: Қазақстан республикасында инклюзивті қоғамды дамыту балалар үшін бірігейік



Pdf көрінісі
бет61/68
Дата03.11.2023
өлшемі3,63 Mb.
#122018
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   68
Байланысты:
Мүмкіндігі шектеулі балалар ҚР

«2010 жылға дейін әлеуметтік қызметтерді 
ведомстволық мемлекеттік медициналық 
және әлеуметтік мекемелер ғана, сонымен 
қатар аудандық және қалалық бөлімдер 
жанындағы үйде күтім жасау қызметтерін 
ұсынатын пункттер ғана ұсынатын. 2010 
жылдан бастап біз ҮЕҰ шақыртамыз… 
мүгедектігі бар балаларға арналған күндізгі 
стационарлар желісі 2010 жылы ғана 
құрылды және Арал, Жалағаш ауданын және 
Кызылорда қаласын қамтиды; [ол] енді екі 
ауданға – Қазалы және Шілік аудандарына 
әлеуметтік сарапшылық комиссия мүгедектік 
тобын анықтағаннан кейін, баланың алуға 
құқығы бар тауарлар мен қызметтерді әртүрлі 
ұйымдар жеткізеді. Мысалы, Еңбекпен қамту 
және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 
жаялықтар, мүгедек арбасы, есту аппаратта-
ры және т.б. сияқты тауарлармен қамтамасыз 
етеді. Медициналық-әлеуметтік сарапшылық 
комиссия Психологиялық-медициналық-
педагогикалық кеңестің (ПМПК) көмегімен 
балаға қолайлы болатын білім түріне және 
деңгейіне қатысты білім беру жүйесіне 
ұсыныстар береді. 
Бірнеше респондент сондай-ақ мемлекеттік, 
халықаралық (ЮНИСЕФ және ПРООН 
сияқты) және үкіметтік емес ұйымдардың 
ынтымақтастық деңгейінің жоғарылағаны ту-
ралы айтты. 2009 ж. қабылданған заңдар ҮЕҰ 
ынтықмақтасатын мемлекеттік ұйымдарға 
үйде ұсынылатын күндізгі стационарлар 
мен медициналық көмек беретін қор құруға 
мүмкіндік берді. Респонденттердің бірінің сөзіне 
қарағанда , 2009 жылдан 2012 жылға дейін осы 
«мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа» 1,4 милли-
ард теңге бөлінді. Үкіметтік ұйымның өкілдерінің 
бірі өздерінің үйде ұсынылатын күндізгі стацио-
нарлар мен медициналық көмекті ұлғайту бой-
ынша ҮЕҰ-мен жұмыс істей бастағанын атап 
86


Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: ҚазаҚстан республикасында инклюзивті ҚоғаМды даМыту
ұлғайды. ҮЕҰ саны 2010 жылдан 2012 жылға 
дейін үш есе үлғайды… біз жылдан жылға 
мамандандырылған әлеуметтік қызмет 
ұсынылатын мүгедектігі бар балалардың са-
нын арттыруға тырысудамыз». (Директордың 
орынбасары; IN9)
ҮЕҰ-мен әрекеттестікті қаржыландыру үшін 
мемлекеттік қаражат ұсыну мемлекеттік 
ұйымдар көрсете алатын қызметтерді 
әртараптандыру табысты болып көрінеді. 
Мемлекеттің үкіметтік және үкіметтік емес 
ұйымдардың ынтымақтастығын ұлғайтуға екпін 
қоюы кеңес алу және қарым-қатынас жасау 
мүмкіндіктерін ұлғайтты. Педиатрлардың біреуі 
былай деді: 
«Мемлекет үкіметтік және үкіметтік емес 
ұйымдардың өзара қарым-қатынасына көп 
көңіл бөледі. Бұл қатынаста біз бірқатар кон-
ференциялар өткіземіз… Жылына бір рет не-
месе екі рет … мүгедектігі бар тұлғалардың 
істерімен айналысатын үкіметтік және 
үкіметтік емес ұйымдар жиналамыз. Біз 
көптеген мәселелерді шешеміз. Мүгедектігі 
бар баласы бар аналармен кездесу жасай-
мыз. Былтыр мен «дөңгелек үстел» форматын-
да өткен осындай конференцияға қатыстым. 
Бір жолы бізде осындай балаларға арналған 
ток-шоу өткізілді. Біз олармен тығыз қарым-
қатынаста жұмыс жасаймыз». (Дәрігер; IN20). 
Мүгедектігі бар балалармен жұмыс істейтін 
ұйымдардан ғана емес, осындай баласы бар от-
басылардан комментарий алу және пікірлерін 
білу үшін «дөңгелек үстел» басындағы кездесу-
лер әлеуетті құнды платформа болып табыла-
ды. Мемлекеттік тапсырыс жүйесі қызметтердің 
ауқымы мен тиімділігін ұлғайтуға көмек бергенін 
көптеген респонденттер атап көрсеткенімен
қаржыландырудың жаңа тактикасының теріс 
әсерлері болуы мүмкін. ҮЕҰ (үкіметтік емес 
ұйымдардың) бір респонденті көбінесе ҮЕҰ 
қаржыландыруды мемлекеттен ғана емес, 
халықаралық көздерден де іздейтінін атап 
көрсетті. Инвесторлар көбінесе балалардың 
дамуына ұзақ мерзімді салым сала алмайтын 
бағдарламалық компоненттерге мүдделі: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет