Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: Қазақстан республикасында инклюзивті қоғамды дамыту балалар үшін бірігейік



Pdf көрінісі
бет64/68
Дата03.11.2023
өлшемі3,63 Mb.
#122018
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
4.2. Саясат саласындағы 
ұсынымдар
Құжаттарға, фокус-топтарға және терең 
сұхбаттарға бастапқы талдау жасау ба-
рысында жинақталған ақпарат негізінде 
Қазақстан Республикасындағы мүгедектігі 
бар балалардың қоғамға әлеуметтік араласу-
ын жақсарту үшін бірнеше негізгі салаларды 
анықтауға болады.
Анықтамаларды әзірлеу
– мүгедектікті 
анықтау, сондай-ақ мүгедектікті белгілеу 
үшін қойылатын критерийлер өзінің түсінігіне 
балалардың түрлі деңгейлердегі мүгедектігін 
қосу қажет деген талаптарға жауап бермейді, 
бұл қоғамға әлеуметтік тұрғыда қатысуына әлі 
де болса мемлекеттің араласуы талап етілетін 
балалардың шығып қалуына алып келеді. 
Мемлекет мынадай іс-қимылдарды жасай алар 
еді: 
• ұлттық стандарттар халықаралық стан
-
дарттармен, әсіресе баланың мүгедектігі 
бар екенін мойындауы үшін бала басынан 
кешіруге тиіс ең аз дегендегі бұзылыстарға 
қатысты стандарттармен сәйкестікке 
келтірілуі қажет;
• «шектеулі мүмкіндіктер» және «мүгедектігі 
бар» терминдерінің бұзылыстары неғұрлым 
аздау балаларды қажетті мемлекеттік 
қызметтер мен тауарлардан айыра отырып, 
өз бетімен берілмегеніне кепілдік беру үшін 
олардың нақты стандарттары мен ажырату 
критерийлері әзірленуге тиіс;
• «мүгедектігі 
бар 
балалар» 
немесе 
«мүмкіндіктері шектеулі балалар» секілді 
сөздер өзгертілуге тиіс немесе мұндай 
терминологияны балаға басылатын қара 
күйеден (стигма) және оқшауланудан бо-
сату үшін оларды заң терминологиясында 
қолданудан аулақ болған жөн.
Мониторинг құралдары 
– мүгедек адамдардың 
құқықтары мен талаптарына қатысты ағымдағы 
жағдай туралы жаңартылған ақпараттың бо-
луы үкіметтің мақсаттары мен осы сәтте қол 
жеткізілген ілгерілеушіліктерін уақытылы 
бағалауға жәрдемдесетін болады. Осы есептің 
1-қосымшасында негізгі көрсеткіштер бой-
ынша білім беру, медициналық қызмет 
көрсету, әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз 
ету, әлеуметтік жәрдемақы, қолжетімділік, 
бірігу, әділдік және мүмкіндіктері шектеулі ба-
лаларды қоғамдық өмірге қатыстыру секілді 
салаларға қатысы мерзімді түрде мониторинг 
жүргізу қажет болатын егжей-тегжейлі кесте 
ұсынылған.
көзқарасты өзгерту
– мүгедектікке деген 
көзқарас бірте-бірте өзгеріп келеді, оның 
ішінде мүгедектікке қатысты әлеуметтік таңба 
азая бастаған секілді. Мұндай оң үрдіс мынадай 
шаралармен ынталандырылуы мүмкін: 
• қоғамның 
мүгедектіктің 
себептерін 
қабылдауы мүгедектік әлдебіреудің «кінәсі» 
болып табылмайтынын атап көрсететін 
ақпараттық науқандардың ықпалына 
ұшырауы мүмкін, бұл мүгедектігі бар 
балалардың ата-аналарына олардың өздерін-
өздері әлеуетті әлеуметтік оқшаулануына 
қарсы күресте көмектесуі мүмкін;
• Мүгедектігі бар адамдардың қоғамға ара
-
ласуы мен көрінуін арттыратын ақпараттық-
ағарту және насихат жүргізу науқандары 
өткізілуі мүмкін. Бұл науқандардың негізгі 
аспектісі мүгедектігі бар адамдардың дені 
сау адамдар секілді мүдделері, мүмкіндіктері 
мен шектеулері бар екенін көрсетуге келіп 
тірелуге тиіс.
Мүмкіндіктерді ынталандыру 
– кез келген 
баланың әлеуметтік интеграциялануының 
негізгі аспектілерінің бірі әр бала толымды 
және мәнді өмір сүруге лайық деген көзқарасты 
ынталандыру болып табылады. Мүгедектігінің 
мәртебесіне қарамастан, әр бала құнды 
қабілеттерге ие адам ретінде қарастырылуға 
тиіс. Мүмкіндіктер мен қабілеттерді насихат-
тайтын мұндай акциялардың өтуін мыналар 
арқылы көтермелеуге болады: 
• мүгедектігі бар балалардың да балалар 
екенін, мүгедектігі жоқ балалар қандай 
ресурстарды қажет етсе, олар да сондай 
ресурстарға мұқтаж екеніне назар аудара-
тын ақпараттық науқандар арқылы. Олардың 
денсаулық сақтауға, білім алуға, пікірлерін 
білдіруге, саламаты келешек өмірге деген 
құқықтарына кепілдік берілген және олар 
бірдей, тең дәрежеде жүзеге асырылуға тиіс; 
• практикалық дәрігерлердің, мұғалімдердің 
және дұрыс болашақты жоспарлау-
да балалар мен олардың отбасылары-
на көмек көрсету үдерісінде негізгі рөл 
атқаратын әлеуметтік қолдау жүйесінің 
басқа мамандарының біліктілігін арттыру 
арқылы. Мұндай қызметкерлер отбасы мен 
мемлекеттің арасындағы алғашқы байланыс 
нүктесі болып табылатындықтан, олардың 
түрлі мұқтаждықтары бар балаларды ем-
деу, оңалту және қоғамға араласуының ұзақ 
94


Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: ҚазаҚстан республикасында инклюзивті ҚоғаМды даМыту
мерзімді жоспарларын әзірлеуге көмектесе 
отырып, мүгедектігі бар балалардың 
қорғаушысы болуының маңызы зор.
Балалар мен олардың отбасыларына 
қолдау көрсету
– мүгедектігі бар балалары 
бар отбасыларға қолдау көрсету әлеуметтік 
интеграцияның ажырамас бөлігі болып табы-
лады, өйткені отбасы насихат жүргізу және ре-
сурстарды бөлу үшін негізгі желіні қамтамасыз 
етеді. Мемлекеттік субъектілер де, сондай-ақ 
мемлекеттік емес субъектілер де отбасылардың 
тұрақтылығы мен әрекеттілігіне мыналар 
арқылы ықпал ете алар еді: 
• ата-аналар мен балаларды балаларға 
белгілі бір мүгедектік әкелетін ерек-
ше мұқтаждықтарға, мәселелер мен 
мүмкіндіктерге қатысты оқыту. Әрбір мұндай 
баланың мүгедектіктің белгілі бір түрін 
белгілі бір тәсілмен жеңе отырып, өмір 
сүруіне тура келеді, отбасылар оған бұл 
үдерісте көмектесуі үшін мүгедектіктің нақты 
түрлері туралы білуге тиіс;
• консультациялар білім беру үдерісінің бір 
бөлігі ретінде отбасыларға да берілуі мүмкін, 
өйткені бұл олардың өздерінің басындағы 
қиындықтарды және мүгедектікке байла-
нысты стрестерді түсініп, жеңе білулеріне 
көмектеседі; 
• отбасыларға білім мен тәжірибе алмасу 
желісін құру арқылы бір-бірімен өздерінің 
білімдерін және тәжірибелерін бөлісу 
мүмкіндігін беруге болады; клиникалар, ем-
деу орталықтары мен оқу орындары осын-
дай бейресми желілер үшін мықты орталық 
ретінде қызмет атқаруы мүмкін;
• мүгедектікке диагностика жасағаннан кейін 
отбасылар өздерінің балаларын тіркеу және 
әлеуметтік жәрдемақы алу үшін қолдануға 
тиіс әрекеттері сипатталып жазылған 
анықтамалармен және нұсқаулықтармен 
қамтамасыз етілуге тиіс. Мұндай 
нұсқаулықтарда сонымен қатар белгілі бір 
тауарлар мен қызметтерді алуға қойылатын 
талаптар да санамалап көрсетілуі мүмкін. 
жергілікті деңгейде оңалту және қолдау 
көрсету
– мүгедектігі бар балалары бар 
отбасыларға қызмет көрсету жағдайларының 
саны өткен жылы өсті. Мұндай отбасылардың 
қызметпен қамтылуын кеңейту бұл саладағы 
қызмет көрсету сапасының ерекше маңызды 
жақсарғанын көрсетті, алайда қауымдар 
деңгейіндегі интервенцияны көтермелеу 
арқылы қызмет көрсету сапасын одан әрі 
жақсартуға болады. Оны мынадай етіп жасауға 
болады: 
• тікелей мемлекетпен шартқа отырып жұмыс 
істейтін, сондай-ақ өз алдына тәуелсіз 
Психикалық дамуы тежелген балаларға 
арналған мамандандырылған мектепте, 
Астана қ. 
95


жұмыс істейтін жергілікті ҮЕҰ-лар қатарына 
қызмет көрсету желілерінің құрылуын 
көтермелеу. Пікірталас алаңдары мен басқа 
қоғамдық форумды ілгері жылжыту жергілікті 
қатысушылардың өзара ынтымақтастығы 
мен білім алмасуын одан әрі ынталандырар 
еді; 
• әрбір мүгедектігі бар балаға білім мен 
үйлестірудің орталық көзі ретінде қызмет 
ете алатын әлеуметтік қызметкерді /патро-
нажды бике немесе билік өкілін тағайындау; 
Ол бірыңғай білім көзін ұсыну арқылы ата-
ананың балаларға медициналық күтім жа-
сау, оларды білім берумен қамту, емдеу 
және оңалту бағдарламаларына қатысу 
және т.б. қатысты негізді шешім қабылдауға 
көмектесе алар еді. 
Инклюзивті денсаулық сақтау
– мүгедектігі 
бар балалардың өмір бойында өзгеріп отыра-
тын айрықша медициналық мұқтаждықтары 
болуы мүмкін. Медициналық көмек көрсетудегі 
мынадай жақсы өзгерістер денсаулықты 
нығайту арқылы әлеуметтік интеграцияны 
қамтамасыз ете алар еді. 
• ана денсаулығын қорғау және саламат
-
ты өмір салтын насихаттау мүгедектіктің 
даму қаупіне тосқауыл қоюға көмектесуі 
мүмкін. Түрлі бұқаралық ақпарат құралдары 
(мысалы, журнал мақалалары мен теле-
дидар бағдарламалары) болашақ аналар-
ды ұрықтың дұрыс дамуын қамтамасыз 
етулеріне үйретуге жәрдемдесе алады. 
• медициналық қызметкерден мүгедектікті 
анықтауы үшін қосымша оқу талап етіледі. 
Жабдықтар мен оны қалай пайдалану 
қажеттігі туралы білімнің де босанғанға 
дейінгі тиімді скринингті қамтамасыз етуде 
зор маңызы бар. 
• мүгедектікті басқаруда ата-аналар негізгі 
рөл атқарады. Олар балаларына мүгедектігі 
бар диагнозын қойғаннан кейін оларға 
қажетті когнитивті, моторлық және бұлшық 
ет дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету 
үшін не істеу керектігін үйренуге тиіс. 
• медициналық қызмет көрсету формат
-
тары ата-аналардың өз балалары үшін 
медициналық көмек іздеуін (тұрақты түрде) 
көтермелеу мақсатында кеңейтілуі мүмкін. 
Қолданылуы мүмкін балама қызмет көрсету 
форматтары күндізгі медициналық қызмет, 
үйде күтім жасау қызметін көрсететін меке-
мелерден немесе жылжымалы медициналық 
пункттерден тұрады. 
Инклюзивті білім беру 
– білім беру жүйесі 
балаларның қазіргі әлеуметтік қатысуын 
көтермелей, сондай-ақ олардың әрі қарайғы 
өмірі үшін қажетті білім мен дағдыларды 
бере отырып, әлеуметтік инеграцияланудағы 
маңызды орын болып табылады. Мүгедектігі 
бар балаларды білім беру жүйесіне қатыстыру 
қиын болуы мүмкін, бірақ бірқатар шара-
лар олардың ағымдағы инклюзия деңгейін 
жақсарта алар еді. 
Ғимарат пен жабдықтар толық интегра-
ция өткізгенге дейін жаңартылуға тиіс, бұл 
мүгедектерге арналған арбаны пайдалана-
тын балаларға арналған қабаттар арасындағы 
пандусты, көзі нашар көретіндер үшін тұтқалар 
мен жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды, 
қозғалыс функциялары бұзылған балаларға 
арналған неғұрлым аласа табалдырықтарды 
және т.б. қамтиды. 
Арнайы оқулар мен тренингтер мүгедектігі 
бар балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдер 
үшін қажет. Бұл орайда қысқа мерзімді және 
мерзімді үзбей өткізілетін курстарды, сондай-
ақ жоғары білімді ұсынуға болар еді, ол мектеп-
терде тиісті мамандардың болуын қамтамасыз 
етеді. 
Инклюзивті сыныптары бар мектептерге 
бір мұғалімге келетін оқушылар санының 
арасалмағын жақсарту үшін, сондай-ақ ло-
гопедтер, консультанттар және т.б. секілді 
мамандардың оқушылар мен мұғалімдерге 
көмектесуін қамтамасыз ету үшін қосымша 
қызметкерлер штаты қажет болуы мүмкін. 
Оқуды үйлестірушілер мен мұғалімдер үшін 
оларды көтермелеу және мүгедектігі бар бала-
ларды оқытудың жеке жоспарларын жасауына 
мүмкіндік беру қажет. 
Мүгедектігі бар балаларға кәсіптік бағдар 
бойынша консультациялар ұсынылуға және 
мүмкіндігінше, мұндай балалардың келе-
шекте нәтижелі мақсаттарға қол жеткізуіне 
көмектесетін болашақ мамандықтарын ескере 
отырып, оқу бағдарламалары ұсынылуға тиіс. 
Инклюзивті білім беруді енгізетін мектеп-
тер мұндай көшуге алып келетін өзгерістерге 
қызметкерлерді, мұғалімдерді және ата-
аналарды дайындауға тиіс. Бұл мүгедектік 
мәселесін ашық және адал талқылау, оқушылар 
мен мұғалімдердің назарын аудару және 
мұғалімдерді сыныптағы жұмысты басқарудың 
жаңа стратегиялары туралы хабардар ету 
қажеттілігін қамтиды.
96


Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: ҚазаҚстан республикасында инклюзивті ҚоғаМды даМыту


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет