Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: Қазақстан республикасында инклюзивті қоғамды дамыту балалар үшін бірігейік


-кіріСтірМе. ӨМірден алынған ОҚИға: дИаС



Pdf көрінісі
бет49/68
Дата03.11.2023
өлшемі3,63 Mb.
#122018
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   68
9-кіріСтірМе. ӨМірден алынған ОҚИға: дИаС
Диас – бес жасар бала. Өзінің жасындағы кез келген бала секілді Диас та балабақшаға барады
бірақ оның балабақшасы инклюзивті балабақша болып табылады, өйткені Диас балалардың 
сал ауруымен ауырады. Мұндай диагноз қойылған балалардың қимыл-қозғалысын үйлестіріп, 
тепе-теңдігін сақтауы, анық сөйлеуі қиынға соғады әрі кейде оған психикалық бұзылушылық та 
қабаттасуы мүмкін. Бұл балабақшада ол сал ауруымен ауыратын жалғыз бала емес, мұнда дені 
сау балалар мен мүгедек балалар бірге оқып, бірге ойнайды, тамақты бірге ішеді, өлеңді бірге 
оқиды, тіпті, ән де айтады. Балалар айырмашылықтарға назар аудармайды, олар өздерін тең 
санайды!
Диас дені сау әрі керемет бала болып туылды. Перзентханадан шығарғаннан кейін үшінші күні 
Диастың аяқ-қолы құрысып, сіңірі тартылды. Ата-анасы жедел жәрдем шақырып, ол бірден жан 
сақтау бөліміне орналастырылды. Дәрігерлер оған бірден диагноз қоя алмай, соның салдары-
нан тиісті емін уақытылы бере алмады. Кейіннен олар баланың жағдайы оның миына біршама 
зақым келуімен байланысты деп шешті, ақыр аяғында бұл баланың сал ауруына шалдығуына 
алып келді. 
Бірнеше жыл бойы Диастың ата-анасы Самал мен Дәурен Диасқа ерте жастан қабылдау өте 
маңызды болып табылатын тегін медициналық көмекті алу үшін балаларына мүгедектігі бар бала 
мәртебесін ресімдеуге барынша жанын салып кірісті. Медициналық анықтама әлдеқашан бұрын 
берілсе де, Диас тек үш жасында медициналық-әлеуметтік сараптамадан мүгедектігі бар бала 
мәртебесін алды. «Осы уақыт ішінде мен балама мүгедектігі бар бала мәртебесін алуға өтініш 
берген кезімде комиссия мүшелері мені сау баламды ауру етіп көрсеткісі келеді деп кінәлады» 
деп, төрт баланың анасы ашу-ызасын жасыра алмайды. 
Мүгедектігі бар бала мәртебесін алғанның арқасында Диас енді жылына екі рет Республикалық 
оңалту орталығына барады, оның анасы ем алғаннан бері тек ілгерілеудің бар екенін айтады.
«Бір курсы бес жүз мың теңге тұратын мұндай қымбат емді біз ала алмаған болар едік»,- дейді 
Самал мен Дәурен. Мұндай емнің арқасында Диас жүре бастады және бұрынғыдан әлдеқайда 
жақсы сөйлейді. Өзі барып жүрген инклюзивті балабақшада онымен жоғары білікті мамандар 
жұмыс жасайды. 
Оңалту орталығы мен балабақша мамандарының арқасында Диас басқа балалармен оңай ара-
ласатын болды; ұялшақтығын қойды; қатарластарымен тіл табысты; түстерді тануды үйренді, кон-
структордан түрлі заттарды жинап үйренді. Астана қаласы әкімдігі Әлеуметтік қорғау департаменті 
ұсынған гидро және иппотерапияның арқасында Диас денесін тік ұстап, неғұрлым қалыпты әрі 
сенімді жүре бастады.
Диас әдеттегі бастауыш мектепке баруға тиіс. Диастың қимыл-қозғалысы бұрынғысынша 
шектеулі болғандықтан, яғни оның ұсақ моторикасы дамымағандықтан, Самал қобалжиды. 
Бірақ көрсетілген қолдаудың арқасында басқа мәселелер Самал мен Дәуренді мазаламайды. 
Жүздерінен қуаныш күлкісі мен алғыс сезімі төгілген Самал мен Дәурен: «Бізге басынан бастап 
көмек көрсететін осыншама көп ұйымдардың бар екенін білмегеніміз қандай өкінішті» дейді.
72


Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: ҚазаҚстан республикасында инклюзивті ҚоғаМды даМыту
тексеру 11 және 14-апта мен 15 және 16-апта 
аралығында орындалады және үш УЗИ 12 және 
14- апта мен 19 және 21-апта және 32 және 34-
апта аралығында орындалады. Бұл тексерулер 
хромосомалық аномалиялар, туа біткен анома-
лиялар және гипоксия сияқты жүктііктің соңғы 
кезеңіндегі сырқаттар сияқты әртүрлі әлеуетті 
қиындықтарды анықтауға бағытталған. Бұл 
зерттеулер әртүрлі аномалияларды анықтауға 
арналғандықтан, жүкті әйелдің олардан барын-
ша ерте кезеңде өтуі маңызды.
Респонденттердің бірі профилактикалық 
медициналық қызметер мен босанғанға дейінгі 
күтім маңыздылығын түсіндірді. Ол мүгедектігі 
бар балалардың әлеуметтік интеграция-
сы аналарға арналған түсіндіру жұмыстары 
мен медициналық қызметтерді жақсартудан 
басталуы керек деп санайды. Ол сондай-
ақ дәрігерлердің білімінің сапасын артты-
ру қажеттілігін және медициналық көмектің 
уақытында көрсетілу қажеттігін баса көрсетті: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет