Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: Қазақстан республикасында инклюзивті қоғамды дамыту балалар үшін бірігейік



Pdf көрінісі
бет52/68
Дата03.11.2023
өлшемі3,63 Mb.
#122018
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   68
Байланысты:
Мүмкіндігі шектеулі балалар ҚР

«Ой, Құдайым-ай, мынау әлі сол қыз ғой
шықсын, шықсын, әлі түгі де өзгермеген, 
кетіңіздер». (6-ата-ана; ФГ6)
Кейбір респонденттер кеңес берумен айна-
лысатын медициналық және мемлекеттік 
мамандардың орынды кеңес бермегенін ай-
тады, себебі олар баланы масыл деп санай-
ды. Көптеген респонденттер олардың мүгедек 
балаларға құрметпен қарамайтыны, стиг-
ма сақталатыны және мүгедектік тұлғаларға 
жиренішпен қарайтыны туралы айтады. Әртүрлі 
мүдделі топтардың қарым-қатынасы мүгедектігі 
бар балалардың қоғам өміріне, сыныптағы 
өмірге толық қатысуына кедергілер бар 
екенін көрсетті. Мүгедектігі бар балалардың 
қоғам өміріне қатысуына байланысты әлеуетті 
қиындықтардың бірі мүгедек емес балалар та-
рапынан болатын жәбірлеулер. Балалардың 
өздері бұл туралы айтпағанымен, мүгедектігі 
жоқ балалардың ата-аналары әлеуетті қатерлер 
туралы ескертті:
:«Мен олардың жай ғана бала екенін айтар 
едім. Балалар әдетте бірін-бірі мазақтай 
береді. Бұл күнделікті өмірдегі құбылыс... 
Егер қазіргі жастармен сөйлессеңіз, таң 
«Балам-ай» толық күн болатын 
балаларды дамыту орталығында , 
Астана қ.
75


қаласыз. Мен мүгедектігі бар балалардың 
сау балалармен бірге оқуына қарсы емеспін, 
бірақ олардың жасына көңіл бөлу керек. 
Біріншіден төртінші сыныпқа дейінгі бала-
лар дұрыс түсіне бермейді деп ойлайық. 
Егер біреу құлап қалса, олар оған көмектесе 
қоймайды, олар оған күліп, мазақтай бастай-
ды». (2-ата-ана; ФГ8)
«Мен ата-аналардың бәрімен келісемін. 
Біз балаларға үйретеміз, бірақ қанша 
айтқанмен олар бала ғой, олар өздеріне 
айтылған сөздерді ұмытып, ойынға айналып, 
мазақтауы да, сотқарлық істеуі де мүмкін. 
Осылайша, олардың жеке қауіпсіздігі үшін 
біз балаларды (мүгедектігі бар балаларды) 
осындай қылықтардан қорғай білуіміз ке-
рек». (3-ата-ана; ФГ8)
Мұғалімдердің қырағылығын арттыру жәбірлеу 
масштабын азайтуы мүмкін, бірақ бұл мәселе 
мүгедектігі бар балалардың сыныптағы ба-
лалардан өте ерекшеленуіне байланысты 
мәселе күйінде қалуы мүмкін. Мүгедектігі жоқ 
балалардың ата-аналары инклюзивті білім 
берудің мақсатқа лайықтылығы туралы әртүрлі 
пікір білдірді:
«Былайша айтқанда... инклюзивтік мектеп-
тер құру қажет. Атап айтқанда, мүгедектігі 
бар балалар не үшін қоғамнан аластатылуы 
тиіс?» (4-ата-ана; ФГ7). 
«Егер бала адекватты болса, онда ол баланы 
неге қалыпты сыныпта қалыпты балалар-
мен оқытпасқа? Керісінше ол өскен соң өзін 
дәл басқа балалармен тең сезінетін болады. 
Бірақ егер бала адекватты емес болса, онда 
оған мамандар көмек беруі үшін тиісті меке-
меде оқытылуы тиіс». (5-ата-ана; ФГ7).
«Бәрі мүгедектік түріне байланысты. Менің 
ойымша, бұл да аса маңызды. Шынында 
да, кез келген жүйке ауруы бар бала 
басқаларының көңілін бөлетін болады. 
Мысалы, мұндай жағдайларға біз ұшырастық: 
біз сыныпқа келгенде, бір баланың психика-
сында ауытқуалар болды. Ол жан-жағындағы 
заттарды лақтырып жатты. Балаларды 
айтпағанда, менің өзімнің есім шықты. Бұл 
мәселеде қандай да бір шектеулер болуы 
тиіс». (2-ата-ана; ФГ7).
Егер бала жалпыға бірдей мектепке алынатын 
болса, көптеген ата-аналар мүгедектік деңгейі 
белгілеуші фактор болуы тиіс деп санайтынын 
білдірді. Дәл осы уақытта кейбір мүгедектігі 
жоқ балалардың ата-аналары мүгедектігі бар 
балаларға көп көңіл бөлінетініне байланысты 
біршама қарсылықтарын білдірді. Бір баланың 
анасы айтты:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет