1.1. баяндаманың негізгі
міндеттері
Бұл баяндаманың негізгі мақсаты - инклюзивті
қоғамды дамытуға жәрдемдесу мақсатында
Қазақстан Республикасындағы мүгедектігі
бар балалардың жағдайына талдау жасау.
Баяндама мүгедектігі бар балаларды инте-
грациялауды және олардың тең құқылылығын
тұтастай түсінуге
негізделген және соны-
мен қатар оларға ұсынылатын қолданыстағы
әлеуметтік саясат, заңнамалар, жүйелер
мен ресурстар аясында әрі қарай жетілдіруді
қажет ететін салаларды анықтауға тырысады.
Талдау мүгедектігі бар балалармен жүргізілген
озық тәжірибе мен мысалдарға негізделген,
онда Қазақстан Республикасы үшін
саясат
мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеуге тал-
пыныс жасалады. Мүгедектігі бар балалар үшін
әлеуметтік интеграциялану және мүмкіндіктер
теңдігін жүзеге асыруға, оларды бағалауға
көмектесетін нақты тетіктер мен көрсеткіштер
баяндаманың нәтижелері негізінде әзірленді.
Достарыңызбен бөлісу: