Білім алуға ерекше қажеттіліктері бар балаларға деген қоғамның көзқарасы өзгерген сайын оларды әлеуметке бейімдеудің көптеген түрлері қарастырылуда. Мұндай ілгерілеу процестері ерекше балаларды қоғамға және білім ордасына біріктіру, яғни интеграциялау қажеттілігімен сипатталады.
Лев Семенович Выготский: - «Бала бойындағы кемістігін толықтырудың екі түрлі ерекшелігі бар, оның бірі – бала психикасының даму шамасына орай тәрбие талаптары, екіншісі – кемістігін қалпына келтірудегі өз бойындағы ерекшеліктері мен мүмкіндіктері»- деп атап көрсетеді. Сондай – ақ ол бала бойындағы кемістікті әлеуметтік жолмен толықтыруға болады деді, ол үшін кемтар балаларға үнемі қамқорлық көрсетіп, оқыту мен тәрбиелеу істерін жүйелі түрде жүргізіп отыру керектігіне ерекше мән берген.
слайд. 3. (фото) Әрбір баланың бойында мүмкіншілігі мен ерекшелігі болады, тек оны ашып, қолдау көрсетіп, дамыту қажет. Әр бала өзінше жеке тұлға болып табылады.
Бала дамуындағы психофизикалық дамудың ерекшеліктерін есепке ала отырып, мүмкіндігі шектеулі балаларды да жан-жақты дамыту мен қалыптастыру, оларға мүмкіндігінше дұрыс тәрбие берудің қажеттілігі ғылыми түрде дәлелденген.
Көру қабілеті бұзылған балаларға оқу процесін қабылдау және танымдық қабілеттерінің қалыптасу қиындығы тән құбылыс, өйткені дені сау бала, мүмкіндігі шектеулі балаларға қарағанда қоршаған ортаны
слайд.. (фото).Көру жүйесінің адам өміріндегі маңызы зор. Көру - бұл адам организмінің ең құнды және ең сезімтал жүйесі. Туғаннан бастап бүкіл өмір аралығында адамның көру жүйесі жетіліп қана қоймай, әр түрлі