Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: Қазақстан республикасында инклюзивті қоғамды дамыту балалар үшін бірігейік



Pdf көрінісі
бет7/68
Дата15.09.2022
өлшемі3,63 Mb.
#39197
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   68
Инклюзивті білім беру
1) Білім беру мекемелері олардың қолжетімділігін 
қамтамасыз ету үшін жаңғыртылуға тиіс, ол, мы-
салы, нашар көретіндер үшін тұтқалар немесе 
жаяу жол орнатуды, тірек-қозғалыс аппаратта-
ры бұзылған балалар үшін пандустар мен аласа 
табалдырықтар және т.б. жасауды көздейді. 
2) Арнайы білім беру және дағдыларға үйрету 
мүгедектігі бар балалармен жұмыс істейтін 
мұғалімдер үшін жүргізілуге тиіс, өйткені 
көптеген мұғалімдер инклюзивті сыныптарды 
басқаруға дайын емес. 
3) Инклюзивті сыныптары бар мектеп-
терге бір мұғалімге оқушылар санының 
арасалмағын жақсарту үшін де, сондай-ақ 
логопедтер, мұғалімдердің көмекшілері, кон-
сультанттар және т.б. секілді мамандарға 
қолжетімділікті қамтамасыз ету, оқушылар мен 
мұғалімдерге көмектесу үшін де қызметкерлер 
(мамандандырылған) көбірек қажет. 
4) Жеке оқу жоспарлары оқу 
бағдарламаларының мүгедектігі бар 
балалардың мұқтаждықтарына жауап беруіне 
кепілдік беруі үшін мүгедектігі бар балаларға 
арнап әзірленуге тиіс, мұнда сыныптағы оқу 
қарқыны мүгедектігі бар балалар үшін де, 
сондай-ақ оларсыз да сәйкес келуіне ықпал ету 
қажет. 
5) Мүгедектігі бар балаларға кәсіптік және 
мансаптық бағдарлар ұсынылуға тиіс. Мұнда, 
мүмкіндігінше, оларға болашақта нақты 
өндіргіш мақсаттарға қол жеткізуге көмектесе 
алатын жеке кәсіптік оқу бағдарламалары 
ұсынылуға тиіс. 
6) Инклюзивті білім беруді ендіретін мектептер 
мұндай қайта құруларға әкелетін өзгерістерге 
қызметкерлерді, оқушылар мен олардың ата-
аналарын дайындау қажет.
10


1.1. баяндаманың негізгі 
міндеттері
Бұл баяндаманың негізгі мақсаты - инклюзивті 
қоғамды дамытуға жәрдемдесу мақсатында 
Қазақстан Республикасындағы мүгедектігі 
бар балалардың жағдайына талдау жасау. 
Баяндама мүгедектігі бар балаларды инте-
грациялауды және олардың тең құқылылығын 
тұтастай түсінуге негізделген және соны-
мен қатар оларға ұсынылатын қолданыстағы 
әлеуметтік саясат, заңнамалар, жүйелер 
мен ресурстар аясында әрі қарай жетілдіруді 
қажет ететін салаларды анықтауға тырысады. 
Талдау мүгедектігі бар балалармен жүргізілген 
озық тәжірибе мен мысалдарға негізделген, 
онда Қазақстан Республикасы үшін саясат 
мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеуге тал-
пыныс жасалады. Мүгедектігі бар балалар үшін 
әлеуметтік интеграциялану және мүмкіндіктер 
теңдігін жүзеге асыруға, оларды бағалауға 
көмектесетін нақты тетіктер мен көрсеткіштер 
баяндаманың нәтижелері негізінде әзірленді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет