Мұхамеджан Сералиннің Гүлкашима дастанындағы махаббат тақырыбы және қазіргі дәуір шындығы


Міржақып Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романы



бет15/16
Дата16.10.2023
өлшемі237,46 Kb.
#116506
түріПоэма
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
65-82 емтихан жауаптары

Міржақып Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романы

М.Дулатовтың әдеби мұрасында ерекше орын алатын туындысы - "Бақытсыз Жамал" романы (1910). Қазақ әйелінің тағдырын толғайтын алғашқы прозалық туындылар саналатын Т.Жомартбаевтың "Қыз көрелік", С.Көбеевтің "Қалың мал", С.Торайғыровтың "Қамар сұлу" романдары бір-біріне ілесе жазылып 1912-14 жылдары жазылғанын еске алсақ, "Бақытсыз Жамал" осы үлкен арна-ағынға жол ашқан бастау болды. Роман көп ұзамай орыс тілінде жарық көрді.


Міржақып әйел теңдігі мәселесін поэзиялық шығармаларында да арнайы тақырып етіп, қыздарды малға сатуды, жесір әйелді еркінен айыратын әмеңгерлікті өткір сынның нысанасына алып, махаббат сезімін, адамгершілікті қастерлеуді уағыздаған. Сүйгеніне қосыла алмай, еріксіз мал берген адамға қосақталған бақытсыз Жамалдың трагедиялық өмірі - жүздеген, мыңдаған қазақ қыздарының, әйелдерінің басындағы жағдай болатын. Сондықтан әйелдің бас бостандығы, еркіндігі, өз сүйгеніне қосылып, өмір сүруге мүмкіндік алуы қазақ өміріндегі ең бір түйінін шешуші қажет мәселе болатын. Міржақып әйелдің арын аяққа басатын ескі әдет-ғұрыпқа үзілді-кесілді қарсы шығады. Жамал бейнесін суреттеудегі жаңалығы да осы түпкі идеясына, озат ой-пікіріне негізделген. Жамалдың қорлыққа көнбей қарсылық білдірген табандылығы, өжеттігі де еркіндікке ұмтылып, арманына жетуді аңсаған талай қазақ қыздарының жүрегіне сәуле беріп, қысылып-қиналғанда ширықтырып, қайраттандырған болатын.
Роман көлемі үлкен емес, шағын повесть қатарлы. Бірақ оған қарап, жанрлық анықтамасына күмән келтіруге болмайды. Бұл тарам-тарам желілері бар, оқиғалы сюжетке құрылған шығарма. Сол желілерді қатар дамытып, жүйе-жүйесімен тартымды баяндайтын композициялық құрылымы да жинақы. Қысқасы, сол кездегі оқырман қауымның ерекшеліктерін ескере келгенде, бұл туынды енді ғана аяғынан тұрып келе жатқан жазба әдебиетіміздің көкжиегін едәуір кеңейтіп жіберген құбылыс болды. (Жамал, сүйгені Ғани, күйеуі Жұман, әкесі Сәрсенбай, шешесі Шолпан, өгей анасы Қалампыр т.б.)
Қорыта айтқанда, Міржақып шығармашылық өнерінің жаңашылдық сыйпаты идеялық- көркемдік ізденістерінің аса құнды, қуатты болғандығынан, дүниетанымы мен сезім әлемінің, өнерпаздық дарынының ешкімге ұқсамайтын қасиеттері молығынан екені ешбір талас тудырмайды. Олай болса, М.Дулатов поэзиясы, сан-салалық шығармашылық мұрасы халық игілігіне әрқашан да қызмет ете беретін асыл қазына екені ақиқат.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет