Мұхамеджан Сералиннің Гүлкашима дастанындағы махаббат тақырыбы және қазіргі дәуір шындығы



бет1/16
Дата16.10.2023
өлшемі237,46 Kb.
#116506
түріПоэма
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
65-82 емтихан жауаптары


Мұхамеджан Сералиннің Гүлкашима дастанындағы махаббат тақырыбы және қазіргі дәуір шындығы.
Мұхамеджанның екіші поэмасы "Гүлқашима"(1903) - қазақ халқының сол кездегі өмірінен алынып жазылған реалистік-романтикалық, сюжетті поэма. Негізгі идеясы адамның бас бостандығы, әйел теңдігі: тілегіне жете алмай өткен жастың, екі ғашық Гүлқашима мен Баймағамбеттің әңгімесі. Поэма үш бөлімнен: бірінші бөлім - жазушының көрген-білген бір оқиғасы, екінші бөлім - екі жастың ғашықтық әңгімесі, үшінші бөлім - автордың қорытындысы.
Мұхамеджан Сералиннің «Гүлкәшима» поэмасы - қазақ әдебиетіндегі тұңғыш реалистік поэмалардың бірі.
«Гүлкәшима» поэмасының тақырыбы - қазақ қызының бас бостандығы, суйіспеншілігі. «Гүлқашима» поэмасы кезінде поэзиядағы жаңа леп, жарқын құбылыс болды, мұндағы негізгі түйін — әйел теңдігі мәселесін шешудегі жаңа ізденіс еді. Шығарманың баскейіпкерлері ақыры қайғылы халге ұшырайды: Гүлкашима өзі сүймеген, сүймек түгіл беті-жүзін көріп-білмеген бір наданға қор болып, зарлап кете барады, ал Баймағанбет болса... «Мақсатқа ойға алған жетпеген соң» тірі жүргеннен өлген артық деп, өзін өзі өлтіріп тынады, ол басын өлімге байлауымен ескі салт-санаға ашық қарсылық білдіреді. Ақын бірін-бірі шын жүректен сүйген екі жастың мұндай күйге дұшар болуының басты себебі: «Қазақтың келіспеген ғадетінен» деп біледі; мұны ол екі бүкпесіз ашық айтады. Бірақ автор Баймағамбеттің өлімін құптамайды, ер азаматтың алдына ол халыққа қызмет ету мұратын кесе-көлденең тартады, бұдан сексен жыл бұрын жазылған асыл сөздер, адал ниетпен айтылған ақ бата әлі күнге көне тартқан жоқ алдыңғы аға буын Абай мен Ыбырайдың келер ұрпаққа қалдырған өсиетін қайталап, өзінен кейінгілерге, іні буынға соны аманат етіп тапсырып тұрғандай.
Поэма төрт бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімді автор «Сөз басында» деп атап, онда өзі куә болған бір жайды баяндайды. Болған оқиға желісі негізінен мыналар еді: Қалаға жәрмеңкеге бара жатқан автор жолда бір шал-кемпірдің үйіне қонады. Шал мен кемпірдің Баймұхаммет есімді әрі ақын, әрі оқыған жалғыз баласы сол күні үйде жоқ екен. Жәрмеңкенің тарқар шағында ақын бір ғажап хабар естиді. Тобыл өзенінің жағасында бір жас жігіт ғашықтық дертінен өзін-өзі бауыздап өлтіріпті. Бұл жігіт жаңағы шал-кемпірдің жалғыз баласы екен. Қазақ дәстүрімен көңіл айтуға келген ақынға әкесі мен шешесі Баймұхамметтің кітап, дәптер салған сандығын көрсетеді. Ол сандықтан Баймұхамметтің өлең жазған бір дәптері табылады.Екінші бөлім — «Баймұхаметтің дәптері» аталады. Бұл бөлімде Баймұхаммет пен Гүлкәшиманың ең алғаш қалай жолыққаны, өзара қалай хат алмасып тұрғаны, жігіттің қызға өзінің жүрек сырын баяндауы, айттырып қойған күйеуіне ұзатылар тойы, ұзатылып бара жатқанда ішкі сырын жігітке ашып, өзінің де Баймұхамметті бір көргеннен-ақ ғашық болғандығын айтып хат жазып кетуі.Үшінші бөлім — «Қалтадан шыққан қағаздағы сөз». Мұнда Баимұхаммет өз өмірін не үшін қиып бара жатқаны, себеп болған жайт – Гүлкәшимаға ғашық екендігі, сол ғашығына қосыла алмау себебі жырланған.Соңғы төртінші бөлім - «Сөз соңында», сөз ақын атынан айтылады. Ол оқушысына бұл қиссадан қандай ғибрат алдың деп сауал қойып, оған өзі жауап береді. Қазақтың жаман әдетінен екі жас кеп қорлық көрді. Біреуі сол қорлыққа шыдамай, сүйгеніне қосыла алмағанына қапа болып өзін-өзі өлтірді, екіншісі ата-ананың дегенінен шықпай, салт-дәстүрді бұзбай, сүйген жігітін тастап, айттырған күйеуіне ұзатылды. Бірақ ол да бүкіл өмірі қорлықта өтетін, өмір бойы шырағы өшкен сорлы дейді. Екі жасты қор етіп отырған қазақ дәстүрін, жаман әдетін сынайды. Жастарды өнер-білімге ұмтыл, халқыңа пайдаңды тигіз деп уағыз айтып аяқтайды. Мұхамеджан Сералин де өзінің аталмыш поэмасын кейінгі жастарға үлгі, ғибрат болсын деп жазған.«Гүлкәшима» поэмасының негізінен үш-ақ кейіпкері бар. Екеуі жас ғашықтар - Баймұхаммет пен Гүлкәшима. Үшінші кейіпкер — екі жастың іс-әрекетін бағамдап, пайымдап, оқушысына жеткізіп отыратын екі ғашық пен оқушы арасындағы дәнекер тұлға - ақынның өзі.
. Жалпы ақын поэмасында Гүлкәшима - жасы он бес, он алтылар шамасында сұлу қыз.Ақынның жас қазақ сұлуын бұлай суреттеуінде үлкен мән бар. Себебі автордың жас қазақ қызы – Гулкәшимаға артар жүгі мол. Ақын мінездеуінде Гулкәшима тек қана сұлу қыз емес, ақылды, салмақты, әр ісіне жауап бере аларлық ішкі қуаты мол, жауапкершілігі күшті жан. Ол өзіне ғашықтық сырын айтып хат жазған Баймұхамметке «Мұнан екі жыл бұрын кез келмедің, енді кеш. Мені күйеуге беретін болып атастырып қойды. Енді екеумізге қосылуға бұйрық жоқ» деп қыз беріп отырған өз елі мен ата-анасы алдында, өзі келін болып түскелі отырған күйеуінің, оның елінің алдында әрқашанда үлкен жауапкершілікте екендігін танытады:Ақын қиялындағы көркем ой жемісі – Гүлкәшиманың ата дәстүрге, діни сенімге адалдығы оның өз бақыты үшін, сүйіспеншілігі жолындағы күресіне тосқауыл қояды. Бұл жағынан алғанда Гүлкәшима шешімді әрекетке бармайтын, іс-әрекеті тұйық, шектеулі тұлға.
Бірінші, поэманың негізіне шын өмірде болған оқиғаның алынуы, сүйгеніне қосыла алмаған Баимұхамметтің өзін-өзі өлтіруі.! Сол оқиға негізінде ақынның осы поэманы жазып, онда өз еркінен тыс кейіпкер өлімін сол болған қалпында көрсетуі.Екінші, сүйіктісі Гүлкәшиманы - ата-ана, сол кезеңдегі қазақ қоғамының дегенінен шықпаған биязы қазақ қызын өз бақыты жолындағы күреске қоса алмай, бұйығы қазақ қызының санасында төңкеріс жасап өз соңына ерте алмаған кейіпкер - Баймұхамметтің өзіне-өзі қол жұмсауы. Өз өмірін сүиіспеншілік жолында қиюы.
Ұлы әрекет иесі - Баймұхаммет. Баймухаммет - ғашықтық жолындағы ұлы құрбандық. Баймұхаммет нық шешімді тұлға. Сүйгені үшін күреске әрқашан дайын. Бірақ ол күреске бұйығы қазақ қызы - Гүлкәшима жоқ. Сондықтан Баймұхамметке елімнен басқа жол қалмағандай. Баймұхаммет өз өлімімен бұл дүниеде, қазақ қоғамында қалыптасқан дәстүрге қарғыс айтқан жан.
Поэма сол кездегі қазақ даласындағы қоғамдық дертті мәселелердің бірі - әйел бас бостандығы мәселесін көтерудегі әм шешу жолындағы алғашқы адым. Ғашық жар, махаббат жөнінде қазақтың фольклорлық дүниелерінен бастап М. Сералиннің «Гүлкәшимасына» дейін талай сөз болған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет