МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет146/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   155
жалған пайғамбарлар
Мәдинаға қайтқаннан кейін жалғасқан елшілердің 
жіберілуі әрі топтарды қарсы келу кезінде күтпеген 
оқиғалар да кездесті. Бәлкім, Аллаһ расулының көзі 
тірісінде осындай оқиғалармен бетпе-бет келтіріп, 
ондай жағдайларда не істеу керектігін ұқтырған 
болар. Алғашқы хабар Йемен жағынан келді. Әсуадул-
анси атты біреу шығып, пайғамбарлығын жария-
лады. Көріпкелдік қасиетімен жанына аңғал жан-


426
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
дарды жинап, өзінің пайғамбар екеніне оларды 
сендірді. Пайғамбарымыздың хазірет Жарир арқылы 
жіберген хаттарының бірі соған арналды. Алайда 
ол Расулаллаһтың науқастығын пайдаланып, сөз 
тыңдамады. Сахиқ пен Шарик атты екі періштенің 
өзіне уахи жеткізіп тұратынын айтып, халық тап бола-
тын жағдайларды өзінің де айтып бере алатындығын 
алға тартты. 
Екінші бір хабар Ямама жағынан келді. Мүсайлама 
да пайғамбар екенін жариялап, маңайына кейбір аңғал 
жандарды жинапты. Анығында бұл кісі бірнеше ай 
бұрын Бәни Ханифа тобындағы адамдармен бірге келіп, 
мұсылмандықты қабылдап еді. Енді болса сиқыр мен 
балға сүйеніп, өзінің де мұғжиза көрсете алатындығын 
алға тартып
169
, кісі таңданарлық жайттар көрсетуге 
жанталасты. Тіпті күлкілі жағдайға да ұшырады. 
Пайғамбарымыздың істегеніндей өзінен де 
халыққа су мұғжизасын көрсету талап етілгенде, 
құдыққа барып аузына алған суды шайқап соның ішіне 
төкті. Алайда берекеттеніп, артады деген су керісінше 
тартылып кетті. Береке тілеп соған апарған сәбилерге 
құрмадан дәм татырғанда, сол сәбилердің әрбірі не таз, 
не мақау болып қалды. 
Билікке қатты құмартқандықтан, өзінің ел-
жұртқа күлкі болғанын да елемеді. Осы жолы Құранға 
ұқсас аяттар айтуға әрекет жасап бақты. Өзіне уахи 
түсетіндігін айтып, әр нәрсенің басын шалды. Осы кезде 
169
Мүсәтірлі өткір сіркеге еріткеннен кейін жұмыртқаны соған бір күн, 
бір түн салып қоятын. Әбден жұмсарғаннан кейін оны аузы тарлау 
ыдысқа салып, үстінен суық су құятын. Сөйтіп адамдарға қабығы бүтін 
күйінде жұмыртқаны сонда салғанын мұғжиза ретінде көрсететін. Ибн 
Касир, әл-Бидая уән-Нихая, 5/61, Сира, 4/95; Ибн Сәйидиннас, Уюнуғ 
асар, 2/284; Сүхайли, Раудул-ұнф, 4/354. 


427
Уақыт жақындады 
Аллаһ расулына бір хат жолдап, пайғамбарлығына 
өзінің де ортақ екенін білдірді. 
Хазірет Алиды жанына шақырған пайғамбарлар 
падишасы әлінен асқан бұл кісіге бір хат жазып, жер 
бетінің Аллаһқа тән екендігін, оны ешкіммен бөлісуге 
келмейтіндігін білдіргеннен кейін Аллаһтың жер бетін 
қалаған құлына тән ететіндігін ұқтырып, нәтижеде 
тақуа құлдардың жоғары тұратынын білдірді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет