МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет143/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   155
уақыт жақындады 
қоштасу қажылығы
Қағба мүшріктерден тазарды. Бәйтуллаһ өзіне жа-
расатындай негізде құлшылықпен танысты. Енді оны 
тауап етушілер қолдарын шапалақтамады, киімдерін 
де жалаңаштанып, шешінбеді. Ардақты расулға 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
енді келіп қажылық міндетін өтеу 
үшін ешқандай кедергі қалмады. Оныншы жылдың 
Зилқағда айы келгенде, Аллаһ расулы 
(саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) 
сахабаларына жариялап, қажылық өтеу үшін Мек-
кеге баратындарын білдірді. Адамдар топ-топ болып 
Мәдинаға қарай ағылып, пайғамбарлар төресімен бірге 
қажылық жасауға асықты. 
Зилқағда айының бітуіне бес күн қалған бір сенбі 
күні түскі намаздың артынша, Мәдинадан жолға 
шықты. Зүлхұлайфаға дейін жетіп, түнді осында 
өткеруді ұйғарды. Таң атқанда, сахабаларына түнде 
өзіне Хақ тағаладан хабар келгенін, осы мүбәрак сайда 
намаз оқуды бұйырғанын айтты. Бір жағы осы сапарда 
қажылық пен ұмраға қатар ниет еткенін білдірді. 
Ихрамға кірмей тұрып әуелі ғұсыл дәретін алған 
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
әдемі иістер 
себініп, мерекеге бет алғандай қажылық сапарына 
шықты. Жолға шықпай тұрып, жанындағы көпшілікке 
ихрамнан тәкбір, тәлбияға дейін көп мәселені айтып 
түсіндірді. Өздерімен бірге құрбандыққа арнап жүз 
түйе де айдатты. Құрбандық екенін білдіріп, әрбіріне 
белгі салдырды. 


417
Уақыт жақындады 
Сахабалары әз елшінің тәлбияларына қосылып:
– Ләббәйкел–аллахумма ләббәйк. Ләббәйкә лә 
шәрикә ләкә ләббәйк. Иннәлхамда уән ниғмата ләкәл 
мүлк, лә шәрикә ләк, – деп көкті жаңғыртты. 
Хижрет жолымен жүрді. Кезек-кезегімен Бәйда, 
Мәлал, Шарафус-сайяла, Рауха, Ырқуз-зыбия, 
Мұнсараф, Әсая, Арж, Лахйы жамал, Сұқия, Әбуа, 
Жүхфа, Хумм, Әрзақ, Құдайд, Мүшәллал, Уфсан, 
Ғамим, Марруз-захран, Сариф пен Зи туа бекеттерінде 
тоқтап тынығысты. Зи туаға келгенде де тоқтап, сонда 
түнегенді жөн көрді. 
Зилхижжа айының төртінші күні еді. Аллаһ расулы 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
таң намазын оқытқаннан кейін ғұсыл 
дәретін алып, Меккеге беттеді. Күн еңкейген шақта 
Меккеге кірді. Бұл жолы да үстіңгі жағынан кірді. 
Келе сала Қағбаға барды. Рүкінде сәлем беріп, ар-
тынша тауап ете бастады. Алғашқы үш шаутта адым-
дарын жылдамдатып рәмл жасады. Қалған төрт шау-
тында болса, кәдуілгі жүріспен тамамдады. Тауабын 
бітіре салысымен Ибраһим мақамына бет түзеп: 
– Бәйтуллаһты біз адамдарға сауап алуы үшін бас 
қосу әрі сенімді жер еттік. Сендер де Ибраһим мақамын 
намаз оқитын жер етіңдер. Ибраһим мен Исмайылға да 
«Тауап етушілер, иғтикафқа кіргендер, руку мен сәжде 
жасаушылар үшін Үйімді тап-таза етіп ұстаңдар» деп 
бұйырдық, – деген мағынадағы аятты оқыды. Мақамды 
Қағбамен екі араға алып, осы жерде екі рәкат намаз 
оқыды. «Кафирун» мен «Ықылас» сүресін оқыды. 
Содан кейін жаңадан Рүкінге келіп сәлем бергеннен 
кейін, Сафаны бетке алды. Сол жерге жақындағанда: 
– Сафа мен Мәруа Аллаһтың белгілеген нышан-
дарынан. Кім қажылық я ұмра ниетімен Қағбаны 


418
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
зиярат етсе, сол жерлерді тауап етуі айып емес. Кімде 
кім парыз болмаса да шын пейілімен жақсылық 
жасаса, қайтарымын көреді. Өйткені Аллаһ шүкірдің 
қайтарымын береді. Ол аз амалға көп қайтарым жа-
сайды әрі барлық нәрсені біледі
167
, – деген мағынадағы 
аятты оқыды. 
Расулаллаһ Құранда айтылған кезегіне қарай 
сағиды Сафадан бастап, Мәруа мен Сафа арасын-
да ерсілі-қарсылы жүре бастады. Сафаның үстіне 
шыққанда, Қағбаға қарап, тәкбір айтқаннан кейін 
қолын жайып дұға етті. 
Артынан Хажунды бетке алды. Бұл жер саха-
баларымен бірге үш жыл қатты қиындықты бастан 
өткерген жер еді. Көкесі әрі ең үлкен жанашыры Әбу 
Талиб осында көз жұмып, аяулы жары, 25 жыл өзімен 
отасқан хазірет Хадиша анамыз да осы жерде бақиға 
аттанған болатын. Мазары да осында еді. Өте опалы 
кісі еді, сахабаларына да сондықтан опалы болудың 
жолдарын көрсетіп жатты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет