МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет144/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   155
Арафат 
Дүйсенбіден бастап төрт күнді Меккеде өткізген 
Аллаһ расулы 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
сахабаларымен бірге 
бейсенбі күні сәске уақытында Минаны бетке алды. 
Нәмира деген жерде өзіне бір шатыр тігілді. Сол жерде 
Пайғамбарымыз бес уақыт намазын оқыды. Батны уа-
диден өтіп, Арафатқа келгенде, сахабаларына қарап, 
хұтба оқыды. Маңайында жүз жиырма мың сахаба 
бар еді. Бәрі де Расулаллаһтың сөздерін мүлт жібермей 
тыңдады. 
– Уа, адамдар! – деп бастады хұтбасын. Сөйтті де 
сөзін былай деп жалғады:
167
«Бақара» сүресі, 2/158. 


419
Уақыт жақындады 
– Айтқандарымды жақсылап тыңдаңдар! Өйткені 
мен осы жылдан кейін дәл осы жерде өздеріңмен қайта 
кездесе алмаспын.
Пайғамбарлар төресінің де дәм-тұзы аяқталар деген 
ой ешкімнің ойына кіріп-шықпаған еді. Соны бүгін өз 
аузымен еске салды. Тыңдап тұрған жұрт үрейленіп, 
бәрінің жүрегін мұң басты. Жақсылыққа енді толық 
қауыштық па деген күні Расулаллаһ 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
қоштасатынын білдірген еді. Мынаны айтты:
– Осы аймақтың харам етілгеніндей, қандарың 
мен малдарың, осы күндерің, осы айларың да сендер-
ге харам! Абайлаңдар, жахилия кезеңіндегі әдеттердің 
бәрі жойылды. 
Жахилиядағы құн дауы жойылды. Ең алғаш 
жойған құн дауым Рабия ибн Харистың құны. Оны 
Бәни Сағыд мекенінде емізуге берілген кезде Хұзайл 
тайпасы өлтірді. 
Жахилия кезіндегі үстеме пайызға да тыйым 
салынды. Ең алғаш өзім жойған пайыз Аббас ибн 
Абдулмутталибтың пайыз алашағы, күмәнсіз пайыз 
толықтай жойылды. 
Әйелдер мәселесіне сақтықпен қараңдар және 
Аллаһтан қорқыңдар. Өйткені сендер оларды Аллаһтың 
аманаты ретінде алып, Аллаһтың сөзі (неке) арқылы 
өздеріңе адал еттіңдер. Олардан талап ететін ақыларың, 
ұнатпаған адамды үйге кіргізбеуі. Егер осыны істесе, 
тек сол жағдайда ғана қатты кетпей оларды жөнге сала 
аласыңдар. Әйелдердің тамағы мен киімін тиісінше 
қамтамасыз ету сендерге міндет. 
Менен кейін жақсылап ұстансаңдар, тура жолдан 
таймайтындай сендерге құнды нәрсе қалдырып бара 
жатырмын: ол Аллаһтың кітабы!


420
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Бұлар Расулаллаһтың жоқ кезінде әлеуметтік 
құрылымның дұрыс жұмыс істеуі үшін қажетті негізгі 
мәселелер еді. Пайғамбарымыз өзі араларынан кетпей 
тұрып, оларды осы мәселелерде ескертіп, болашаққа 
нық қадам басып, дін ісін мәңгілікке жалғастыру үшін 
үмбеттің назарын аударған болатын. Оның осы сөздерін 
Рабия ибн Үмәйя секілді кісілер алыста тұрғандарға 
жеткізу үшін қатты дауыстап, қайталап тұрды. Осы-
ларды айтқаннан кейін сахабаларына бұрылып былай 
деді:
Ертең сендерден мен туралы сұрайды. Не 
айтасыңдар?
Сахабалар үлкен таңданыспен бастарын көтеріп 
қарап:
– Бізге дінді насихаттап жеткіздің, өз міндетіңді 
орындадың, біз осыған куәлік етеміз, – деп жауап берді. 
Арафат тауынан асқан бұл дауыс Фаран тауларына 
дейін жетіп жаңғырды. Олардың осы сөзін естігенде 
Аллаһ расулы 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
сұқ саусағын көрсетіп: 
– Аллаһ тағалам, куә бол! – деп осы сөзін үш рет 
қайталады. 
Осы сәт азан айтыла бастады. Түс пен екінді намаз-
дарын қосып оқыды. Намаздан кейін Рахма тауының 
етегіне келген Расулаллаһ осында тұрып уақфа жасады. 
Құбылаға бет түзеп, сол күннің кешкі уақытына 
дейін жалбарына дұға етті. Нұржүзді жан Раббысынан 
рақым тіледі. 
Тағы да Жәбірейіл әмин келіп, Расулаллаһқа уахи 
түсіп жатқан белгі байқалды. Ол аят мынау еді: 
«Мен бүгін діндеріңді тамамдадым. Сендерге деген 
нығметімді толыстырдым. Сендер үшін дін ретінде 
Исламға разылық таныттым»
168

168
«Маида» сүресі, 5/3. 


421
Уақыт жақындады 
Бұл Нұр тауында Хира үңгірінде басталған 
үдерістің соңғы жемісі еді. Осыны ести сала шетке 
шығып жылағандар болды. Бұны Расулаллаһ байқап 
қалды. Хазірет Омардың жанына жақындап барып: 
– Неге жылайсың? – деп сұрады. Хазірет Омар 
жауап беретіндей жағдайда емес еді. Сонда да бойын 
жиып: 
– Жылаймын, – деді, – өйткені осы уақытқа дейін 
дінімізде ылғи өрлеуге куә болдық. Енді құлдырауға 
куә боламыз ба деп қайғырудамын. 
Бұл хазірет Омардың парасаттылығы еді. 
Расулаллаһ 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
оған: 
– Рас айттың, – деді. 
Кейіннен артына мінгестірген Үсамамен бірге 
Мүздалифаға қарай бет алды. Ақшам мен түнгі намаз-
дарды азан және екі қаматпен қосып оқыды. 
Мина
Зилхижжа айының оны күні еді. Уақыттың кіре са-
лысымен таң намазын да Мүздалифада өтеген Сүйікті 
елші Машарил-харамға келіп құбылаға бұрылып, 
қолын жайып дұға етті. Тәкбір, тахлил, зікірмен айна-
лысты. 
Күн тумай тұрып қайтадан Қасуасына мініп, 
Минаға келді. Бұл жолы артына Фадл ибн Аббасты 
мінгестірді. Бұл кезде Ибн Аббасқа дауыстап, шайтанға 
атуға тас жинауын тапсырды. Мұхассир сайына кел-
генде, түйесін желдіре түсті. Өйткені бұл жер Піл 
иелерінің тып-типыл болған жері еді. 
Іле Минаға келді. Күн жаңа атты. Ақаба 
жамрасының жанына келіп, түйесінің үстінде тұрып 
шайтанға тас ата бастады. 


422
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Қайтадан сахабаларына бұрылған пайғамбарлар 
падишасы әуелгі хұтбаның жалғасы ретінде мынаны 
айтты:
– Еш күмәнсіз, уақыт, жеті қат көк пен қара 
жер Аллаһтың әуел баста жаратқан бағытына келіп 
орнықты. Бір жыл, он екі ай. Бұлардың төртеуі 
харам айлар, үшеуі қатарынан келеді: Зилқағда, Зил-
хижжа және Мұхаррам. Кейінгілері Шағбан мен 
Жамадиуләууәл арасындағы Режеп айы. 
Шайтан сендердің осы аймақтарыңда өзіне 
құлшылық жасалатындығынан үмітін үзді. Алайда 
сендер елемеген кейбір мәселелер шайтанды қуантып, 
соның пайдасына асатыны анық. 
Қажылық міндетіне қатысты рәсімдерді бүгін 
менен үйреніңдер, өйткені бір жылдан кейін қажылық 
міндетін өтей алмаспын деген ойдамын. 
Сахабаларына осыны айтқан Аллаһ расулы 
(саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) 
осыдан кейін тәсілін де өзгертіп, дәл қазір 
қай айда, қай күнде екендіктерін сұрады. Сахабалар: 
– Ең дұрысын Аллаһ және расулы біледі, – деп 
сыпайылық танытты. Олар ай мен күнге басқа есім 
береді деп ойлады. Осы себепті: 
– Зилхижжа айы емес пе? – деп сұрады олардан.
– Иә, – десті. Осы жолы мекенге байланысты сұрақ 
қойды: 
– Бұл қай аймақ?
Басқа есіммен атар деп ойлаған сахабалар: – Ең 
дұрысын Аллаһ және расулы біледі, – деп сыпайылық 
танытты. Оларға: – Бұл жер харам аймағы емес пе? – 
деп сұрады. «Иә» деген жауапты естігенде: 
– Осы аймақ, осы ай, тап осы күндеріңнің харам 
болғаны секілді Аллаһқа қауышқанға дейін қандарың 
мен малдарың, ар-намыстарың да харам. 


423
Уақыт жақындады 
Әр сөзінен қоштасып жатқаны байқалғандай. 
Жиырма үш жылдық жүріп өткен жолға барлай қарап, 
жамағатын алдағы күнге дайындағысы келгендей. 
Жаңағы сұрақтарды неге үсті-үстіне сұрағанын енді 
түсінгендей. Бір жағынан сахабаларымен қоштасып
екінші жағынан оларды дәріс ауанына тартып, ирфан 
саяхатына бастағандай. Артынан назарларын аударып 
былай деп сұрады:
– Міндетімді орындай алдым ба?
Өзі тәрбиелеген сахабаларынан пайғамбарлық 
міндетін орындап-орындамағанын сұрауда еді. Саха-
балар шарасыздықтан: 
– Иә, – деп дауыстады. Осы сәт Расулаллаһ: 
– Аллаһ тағалам, өзің куә бол! – деді. Артынан са-
хабаларына мына насихатты айтты:
– Менің айтқан осы сөзімді осында болғандар 
болмағандарға жеткізсін. Өйткені айтушыдан асып 
түсетін небір тыңдаушылар болады. Менен кейін бір-
бірінің басын шабатын кәпірлер секілді болмаңдар!
Сахабаларына осы насихатты жасағаннан кейін 
кезек малдарды құрбандыққа шалуға келді. Сол күні 
Аллаһ расулы 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
өз жасына теңестіріп 
құрбан шалды. Қалған отыз жетісін бауыздауды хазірет 
Алиге тапсырды. Содан кейін жанына сахабаларының 
біреуін шақырып шашын қиғызды. Сахабалар мүбәрак 
шашын жерге түсірмеу үшін алақандарын жайып 
тұрды. Жерге түскендерін де жеке-жеке алып, көздеріне 
жас ала қадір тұтып жатты. Хазірет Әбу Бәкір секілді 
кейбір сахабалар болса, қоштасар алдында бір шетке 
шығып, Расулаллаһқа көз алмай ұзақ қарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет