88
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Сендерге расында да өте ыңғайлы бір ұсыныс жа-
сауда.
Айтар ақылым, осы ұсынысты қабылдаңдар.
Мен оларды жіті бақыладым. Айтқандарыма жақсылап
құлақ асыңдар, егер оларды соғысуға мәжбүрлесеңдер,
қасық қандары қалғанша сендермен айқасудан тай-
ынбайды. Мен өз көзіммен көріп қайтқандарымды әлі
санама сіңіре алар емеспін. Тағы да қайталап айтам,
мен өз көсемдерін ерекше құрметтеуде олардан асқан
ешкімді көрген емеспін. Егер көсемдерін Бәйтуллаһты
зиярат етуден тиятын болсаңдар,
олар бастарына
қандай қатер төнсе де қарсы алуға сақадай-сай дайын
тұр. Кейбір әйелдердің өзі Мұхаммедтің жолында жан-
дарын құрбан етпейінше сендерге көсемдерін бере
қоятын түрі көрінбейді. Шешім қабылдамай тұрып осы
айтқандарымды жақсылап ойланыңдар.
Уа,
халқым!
Мен
сендерді
ескертіп,
сақтандырамын. Айтқан ұсынысымды қабылдаңдар!
Менің қорқынышым, егер де сендер құрбандықтарын
шалып, қағбаны зиярат етіп, қайтадан кері қайтуға
келе жатқан бұл кісіні
жолынан кері қайтарсаңдар,
өзгелердің де қолдауынан айрылып қалуларың бек
мүмкін.
Иә, расында да Уруә мұсылмандардан қатты
әсерленіп қайтты. Халқына қарата айтқан сөзі де ра-
сында әсерлі еді. Халық
бұны естіп екіұдай ойда
қалды. Әуелі жиналған топ арасында үлкен үнсіздік
орын алды. Артынша осы үнсіздікті бұзған бір дауыс
естілді.
– Бұлай айтпа, ей, Әбә Яфур! Осы сөзді сенен
басқа ешкімде айтқан емес. Біз қалай болғанда да бүгін
оны қабылдай алмаймыз. Бәлкім келесі жыл келгендері
дұрыс болар.
89
Ұмра сапары және Хұдайбия
Бұл сөздер Уруәнің місе тұтатын сөздері емес еді.
Сондықтан шыдай алмай:
– Ендеше бір бәлеге
тап болсаңдар өздеріңнен
көріңдер – деді де, өз адамдарын ертіп алып, Тайфке
қайтып кетті. Құрайыш үшін бұл күтпеген сәтсіздік
болды. Құдды қорғанның
қабырғасы сөгілгендей,
майданда жеңілістің алғашқы дәмін татқандай әсер
қалдырды.
Достарыңызбен бөлісу: