77
Ұмра сапары және Хұдайбия
– Раббыларың сендерге не айтып жатқанын
білесіңдер ме? – деп сауал тастады. Пайғамбарлық
тәрбиені көрген жан-жүрегі пәк абзал жандар мұндай
сауалға қалай жауап қататыны белгілі еді.
– Аллаһ және расулы ең дұрысын біледі!
Сөз кезегі қайтадан Аллаһ расулына келген бола-
тын. Ол жағдайды жалпы жұртқа арналғандай етіп,
ешкімді бөліп-жарып ренжітпестен айтпақ болған
ойын ортаға тастады. Әуелі:
– Аллаһ
былай бұйыруда, – деп сөзін баста-
ды. Тағы да Жәбірейіл-Әмин келіп, көктердің арғы
жағынан жаңа хабарлар жеткізгені белгілі болып еді.
Әрбір жаңа оқиғада иләһи бұйрықтарға қарай әрекет
етуге ыждағаттылық танытатын сахабалар жамағаты
Аллаһ елшісіне мұқият құлақ түрді.
Пайғамбарымыз
сөзін ары қарай жалғастырып:
– «Құлдарымның арасында кейбірі мүмін, кейбірі
кәпір болған күйде таң атырды. Мүмін болып таң
атырғандар: «Аллаһтың тартуы және рақымының
арқасында жауын жауды» дегендер. Міне, олар
Маған иман келтіріп, жұлдыздардың ықпалын
жоққа шығарғандар. Ал енді «мына
жұлдыздардың
арқасында бізге жауын жауды» дейтіндер болса, олар
Мені жоққа шығарып, жұлдыздарға иман келтірген
бейбақтардың нақ өзі!» – деді.
Осы сөзімен, Аллаһ расулы ешкімнің атын атап,
түсін түстеместен, ешкімді бөліп жарып ренжітпестен
біреулердің жаңсақ сенімін түзетіп, себептерге ал-
данып, «Мусәббибул-Әсбап»
болып табылатын
себептердің Жаратушысын парықтай алмау сынды
адасушылыққа беттемеуі үшін сахабаларына ескерту
жасады.
78
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Осы кезде сахабалар арасынан Амр ибн Салим мен
Буср ибн Суфян Аллаһ расулына қой мен түйе сыйлады.
Содан кейін хазірет Амр осыған ұқсас бір сыйлықты
жақын досы Сағд ибн Убәдәға да тарту етіп, кейін
ол сыйлықты Аллаһ расулына сыйлады.
Осы жайтқа
қатысты пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
– Амр мына отарларды да бізге сыйлады. Аллаһ
тағала Амрдың берекетін арттырсын! – деп дұға етті.
Содан кейін сыйға келген малдар бауыздалып, етін
сахабалар арасында таратуды бұйырды. Бауыздалған
қой мен түйе етінен өзі де басқалармен теңдей үлес
алып, осылайша қиын-қыстауда бірге болумен қоса,
молшылық кездерде де мүмін жүректердің
бірге
соғатынын паш етіп, жұртқа өшпес өнеге көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: