Хұдайбия және сумен келген берекет
Сапар әлі де жалғасып жатты. Ақыры мұсылмандар
Хұдайбия деген жерге жақындағанда күтпеген тосын
жайға тап болады. Қасуа (пайғамбарымыздың мүбәрак
23
Сол күні аталмыщ кісі бір құздан құлап өліп, денесін жыртқыш жану-
арлар паршалап жеп кеткені де айтылады. Қараңыз: Уақиди, Мағази,
1/585; Салихи, Субулул-худа уәр-рәшад, 5/40.
73
Ұмра сапары және Хұдайбия
түйесі) жерге шөгіп, мұсылмандар тұрғызамыз деп
қанша әуре болса да орнынан қозғалмай қойды.
Қасуаның шөгуіне, оны орнынан тұрғызу үшін
сахабалардың әуре-сарсаңға түскеніне қарамастан
түйенің жатып алуына пайғамбарымыз да ешбір мән
бере алмай абдырады. Сахабалардың:
– Қасуа қырсықтық жасап жатыр, – дегенін
естіген бойда Аллаһ расулы дереу:
– Олай демеңдер. Қасуаның мұндай әдеті жоқ.
Бір кездері піл оқиғасы кезінде алып пілдің Меккеге
қарай жүрмей сіресіп жатып алғаны бар. Жаратушы
мұны да дәл сондай халге түсірді, – деді. Иә, ғаламда
кездейсоқтық болуы мүмкін емес. Сондықтан, әрбір
құбылыс пен әрекет Аллаһ тарапынан бір ишарат,
белгі болатын. Сонымен қатар осы жайттың өзі
сахабалардың Меккеге кіріп, нәтижесі белгісіз
жағдайға тап болуларынан әлдеқайда қайырлы
еді. Өйткені, мүшріктермен арадағы қатынас әбден
ушыққан мынадай жағдайда көп адамның қаны төгілу
ықтималдығы бар болатын. Мұнымен қоса сол күнге
дейін Меккеде өздерінің мұсылман екендіктерін жа-
сырып жүрген, тіпті, олардың мұсылман екенін
Мәдиналық мүміндердің өзі біле бермейтін қаншама
адам бар еді. Егер соғыс өрті тұтанып, қақтығыс
бола қалған күнде сахабалар аңдамайтын меккелік
мүміндердің қанын төгу ықтималдылығы жоғары еді.
Сонымен қатар, Меккеде күні ертең мұсылман бола-
тын көптеген жақсылыққа жаны құштар ізгі жандар
да бар еді. Олардың өздері, не болмаса үрім-бұтақтары
болашақта мұсылман болып, Аллаһ расулына шынайы
беріліп, адалдықтарын танытатын еді. Олар кейіннен
Ислам жолына бастарын тігетін қаһармандарға айна-
латын еді. Ендеше, қалай болғанда да бейбітшілікті
74
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
талап ететін кез келгені шүбәсіз. Осыны парықтаған
Аллаһ елшісі:
– Мұхаммедтің шыбын жанын құдыретті уысын-
да ұстап тұрғанның атымен ант етейін, бүгін маған
ішінде Аллаһты тағзым ету нышаны бар қандай шарт
қойылса да оны міндетті түрде қабылдаймын! – деді.
Иә, бейбітшілік пайғамбары бұл жолы да бейбітшілікті
таңдады.
Аллаһтан келген ишарат, белгіні парықтаған Аллаһ
расулы
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
Қасуаның бағытын өзгертіп
оны орнынан тұрғызып көрді. Міне қызық! Қасуа ор-
нынан тұрып, тіпті жүре бастады. Осы жағдай Аллаһ
елшісінің байламын онан сайын қуаттай түскен жайт
болды.
Мүміндер Хұдайбияның ең алыс тұсына дейін
бойлай орналасты. Күн аптап ыстық. Бәрін шөл қыса
бастады. Мұндай жағдайда мүміндер біраз уақытқа
дейін осы арада тұрақтауды ұйғарды. Сол себепті
Аллаһ расулы
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
ішінде аз ғана суы бар
бір құдықтың басына келіп, осы жерге түсіп, шатыр
тікті. Бұл маңайда осыдан басқа құдық та жоқ.
Аллаһ расулының жайғасқан жері Харам
аймағының тысында қалған еді. Алайда, Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
Меккенің харам аймағының ішіне
кіретін жерге дейін келіп, намаздарын үнемі осы
жерде оқып жүрді. Бірде екінді намазының уақыты
кіріп, қолына торсығын алып, дәрет алып жатты.
Пайғамбарымыз дәрет алып жатқанда сахабалар
аңтарылған кейіпте айналасына топтала бастады. Бір
жағдай болғаны белгілі. Осыны сезген пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
– Сендерге не болды? – деді сұраулы жүзбен.
75
Ұмра сапары және Хұдайбия
– Құрыдық енді, уа, Аллаһ елшісі! – деді сахаба-
лар жан-жақтан жамырай сөйлеп. Аллаһ расулы өзіне
сенімді кейіпте сахабаларына қарап:
– Мен сендердің араларыңда тұрғанда сендердің
құрып кетулерің мүмкін емес, – деді. Иә, көңілде
Аллаһ елшісі болса кім, қалайша құрдымға кетпек?!
Алайда, бір мәселе туындаған еді, осыны жеткізу
қажет. Сондықтан сахабалар:
– Уа, Аллаһтың елшісі! Бізде қолыңдағыдан басқа
ішетін де, дәрет алатын да бір тамшы су жоқ, – деді.
Иә, қалдағы су қоры түгелдей сарқылып су
тапшылығы шегіне жеткен болатын. Сахабалардан
Аллаһ расулынан бір мұғжиза күткен сыңайлары
байқалды. Осыны сезген пайғамбарымыз әуелі
қолындағы торсықтағы суды бір легенге құюды
бұйырды. Содан кейін мүбәрак саусақтарын әлгі
легеннің ішіне салып, дұға ете бастады. Сөйтті де:
– Қанекей, алыңдар, бисмиллаһ! – деп үн қатты.
– Ардақты сахабалар мұқият түрде жағдайды
бақылаумен болды. Кенет күтпеген мұғжиза орын
алды. Міне, қызық! Аллаһ расулының мүбәрак
саусақтарынан шүмектеп су аға бастады.
Манадан бері үнсіз бақылаған сахабалар қолдары-
на ыдыс-аяқтарын ала салып, пайғамбарымыздың
жанына қарай жапа-тармағай жүгірді. Әуелі шөлдерін
қандыра су ішіп алып, онан соң дәрет алып, тіпті
жануарлардың өзін суға қандырды
24
. Хұдайбияда
сахабалардың жүзі қайтадан күлімдеп, бойларына күш
24
Осы оқиғаны риуаят еткен хазірет Жабирге: «Сол күні қанша адам
едіңдер?» деп сауал тасталғанда, ол: «Сол күні жүз мың адам болсақ та
су баршамызға жетер еді» деп жауап беріп, артынан сол күні олардың
саны мың бес жүз шамасында адам болғанын айтқан. Қараңыз: Бұхари,
Сахих, 4/1526 (3921); Ахмед ибн Ханбәл, Мүснәд, 3/329 (14562); Дари-
ми, Сүнән 1/27 (27).
76
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
құйылып жігерлене бастады. Ыдыстар суға толып,
белгілі бір уақытқа дейін жететін су қорын қамтамасыз
етіп алды. Осы оқиғалардан кейін Ұлы Жаратқанның
расулы да
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
жүзі күлімдеп, қолдарын
көкке жайып: «Аллаһтан басқа тәңір жоқ екеніне және
өзімнің Аллаһтың расулы екендігіме куәлік етемін!»
деп, Раббысына мадақ айтты
25
.
Достарыңызбен бөлісу: |