МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет115/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Хабис, Үәйна ибн Хисн мен Хаким ибн Хизам секілді 
адамдарға жүз түйеден берілгенде, өзіне қырық 
түйе берілгенін қоғамдағы орнына қарай алалау деп 
қабылдады. Өлеңінде өзіне тиген үлесті Ақра ибн 
Хабис пен Үәйна ибн Хиснның бөлісіп алғанын, 
ақысының кеткенін тілге тиек етті. Шынтуайтында, 
Ақра ибн Хабис пен Үәйна ибн Хиснға берілгендер 
соған лайықтылықтың нәтижесі емес, тек көңілдерін 
Исламға жылыту үшін еді. Ал басқалар өздеріне тиген 
үлеске разы болуы, өздерін басқалармен салыстырмауы 
керек болатын. Өйткені Аллаһ елшісіне кей кісілердің 
исламға жақындату үшін оларға беруді бұйырған бо-
латын. Пайғамбарымыз да жағдайларға қарап отырып, 
ол кісілердің мұсылмандықты қабылдауын жеңілдету 
үшін оларға көбіректен берген болатын. 
Оның айтып жүрген сөздері, өлеңдері құлағына 
жеткенде, Аллаһ расулы әуелі оны өзіне шақыртты. 
Оған: – «Менің үлесім мен атым Үбәйдтің үлесін Ақра 
мен Үәйна екеуіне бөліп берді» деп жүрген сенсің бе? 
– деп сұрады. 
Осы кезде Аллаһ елшісінің жанында тұрған хазірет 
Әбу Бәкір Аббастың өлең шығармайтынын, бұлай 
сөйлей алмайтынын алға тартып, бұны айтпаған болуы 
мүмкін екенін білдіріп, әлгі өлеңді өзі бір рет оқыды. 
Алайда бұл өлеңді айтқан Аббас ибн Мирдастың өзі 
еді. Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
сахабаларына 
бұрылып: 
– Барыңдар да оның тілін кесіңдер! – деп бұйырды. 
Сахабалар алғашқыда бұл сөзді тіке мағынасында 
түсініп, Аббастың тілін кесуге дайындалды. Алайда 
артынан ол сөздің сұрағанын беріп, үнін өшіру екенін 
түсінді. Сондықтан ол тілі кесілуден де құтылып, бұған 


339
Хауазиндықтардан жеткен хабарлар
қоса, өзгелер секілді жүз түйе алу арқылы өзінің үнін 
де өшірді. 
Исламға тарту мақсатында кей кісілерге көбірек 
мал беріліп жатқан тұста Аллаһ елшісіне Тәмим тайпа-
сынан Зүлхуайсира атты біреу келіп: – Уа, Мұхаммед, 
бүгінгі әрекетіңнің бәрін көріп тұрдым, – деді. 
Дауыс шыққан жаққа қараған Аллаһ расулы: 
– Иә, не көрдің? – деп сұрады. 
– Әділеттілікті ұстанбағаныңды көрдім, әділетті 
болсаңшы, – деді. Бұл сөз Аллаһ расулының көңіліне 
тиді. Сол себепті: 
– Егер мен әділ болмасам шаруам бітті деген сөз, 
– деді кейіп. – Артынан «Саған қандай өкінішті, егер 
әділет менің қасымда құны бар артықшылық болма-
са, онда кімнің қасында әділеттілік туралы айтуға 
болады» деп шүйлікті Зүлхуайсираға. 
Бұған куә болған хазірет Омардың да ашуы келді. 
Пайғамбарымыздың жанына жақындап келіп: 
– Уа, расулаллаһ! Мына екіжүздінің еркін маған 
беріңізші, кәлласын ұшырайын, – деп рұқсат сұрады. 
Хазірет Омардың бұл әрекеті де Аллаһ расулын 
алаңдатты. Сөйтті де әуелі: 
– Бұлай істеуден Аллаһ сақтасын, – деді. Өзіне 
тіл тигізсе да сахабалар арасында орны бар әлгі кісіге 
қылыш көтерілгенін қаламады. Алайда бір ескерту 
жасады. Көкірек көзімен болашақты болжап былай 
деді:
– Оны өз жайына қалдырыңдар. Өйткені болашақта 
сол сияқты басқа да адамдар шығатын болады. Олар 
діни білімде тым тереңге барады. Құраннан бас ал-
майды. Алайда бұл өңештерінен ары бармайды. Оқтың 
садақтан шыққанындай діннен алыстайды. Оқ атылып 
кеткеннен кейін садақта оның ізі қалмайды, оқтың ор-


340
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
нында да із қалмайды. Өйткені ол әлдеқашан нысанаға 
жетіп, жануардың қарнын тесіп, қанға былғанған. 
Бұған қоса, сендер олардың намаздарының жанын-
да өз намаздарыңды, оразаларының қасында өз 
оразаларыңды азырқанатын боласыңдар!
Аллаһ елшісі әлі келмеген сол күндерді айтып 
үмбетін ескертті. Яғни Ислам дінін көбірек адамдарға 
жеткізу үшін, басқаларға қол ұшын беру үшін арада 
достық көпірлер құрып, мүмкіндіктер іздеп, диалогқа 
жол іздегендермен қатар бұл істі артық деп біліп 
жақтырмай қарайтындар да болатынын, бірақ ештеңеге 
қарамай дұрыс деп білген межеге қарай жылжу 
керектігін білдірді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет