МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет113/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Көпшілікке 
намаз 
оқытқаннан 
кейін 
сендер жаныма келіңдер. Елдің көзінше Исламды 
қабылдағандарыңды жариялаңдар. «Біз сендердің 
діндегі бауырларыңбыз. Әйел, бала-шағаларымыз 
мәселесінде 
Расулаллаһты 
шапағатшы 
етіп, 
мұсылмандардан, мұсылмандарды араға салып 
Расулаллаһтан шапағат сұраймыз» деңдер. Сол кезде 
мен өз үлесімді бағыштаймын, басқалардан да өз 
үлестерін бағыштауды талап етемін, – деп жол көрсетті. 
Бұдан бөлек, оларға тәухид сөзін қалай айтып, куәлік 
келтіретіндіктері, намаздан кейін жұртпен қалай 
сөйлесу керектігі турасында кеңес берді. 
Осы уақытта түскі намаздың уақыты кіріп, кезек 
Пайғамбарымыздың тәлім бұйырған стратегиясының 
орындалуына 
келді. 
Рұқсат 
берілер-берілмес 
сөйлеушілерін алдыға шығарып, Пайғамбарымыздың 
өздеріне үйреткеніндей мақсаттарын білдірді. 
Сахабаларға қарата әсерлі сөйлеп, тұтқындарын кері 
қайтаруды сұрады. Жұрттың көзінше жаңа бір парақ 
ашылғандай. Олардың сөзінен кейін мейірім жаршы-
сы Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
жұртқа қарады. 
Әуелі Аллаһқа шүкір айтып, мінсіздігін ұлықтағаннан 
кейін:
– Күмәнсіз, бұлар бауырларың. Тәуба етіп осында 
келіп отыр. Өз басым менің үлесіме бұйырғандарды 
өздеріне қайтаруды дұрыс көріп отырмын. Сендер-
ден көңілі қалаған болса, осылай істесін. Аллаһ алғаш 
олжа бұйыртқанға дейін өз үлесіне тигенін бергісі кел-
мегендер болса, ерік өздерінде. 
Ардақты сахабалар түсінік тұрғысынан парасатты 
жандар еді. Бұл сөздегі терең астарды дереу түсінді. 
Тұтқындарды босату керек еді. Сондықтан бәрі 
бірауыздан: 


333
Хауазиндықтардан жеткен хабарлар
– Уа, расулаллаһ, бұл бізге де ұнайды, – десті. Өз 
еріктерімен үлестерінен бас тартты. 
Алайда елшілер сұлтаны Расулаллаһ 
(саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм) 
бұның тек мешіттегілермен ғана шектелмей, 
қоғамдағылардың бәріне тән еткісі келді. Сол үшін: 
– Дәл қазір біз сендерден қайсыларыңның рұқсат 
беріп, қайсыларыңның бермегендеріңді анық біле 
алмаймыз. Ең дұрысы, сендер үйлеріңе қайтыңдар, 
мәселені араларыңда талқылаңдар. Содан кейін 
араларыңнан бір кісі келіп, жағдайды бізге білдірсін, – 
деді. 
Көп өтпей Ансар мен Мұһажирлердің өкілі 
Пайғамбарымызға келіп: 
– Біз өз үлесімізді Аллаһ пен расулы үшін қидық, 
– деп, бәрінің осыған тоқталған сүйінші хабарын 
білдірді. 
Сол күні ардақты сахабалар арасында осы 
ұсынысты қабылдамаған Бәни Таймның шешені Ақра 
ибн Хабис, Бәни Фараза басшысы Үәйна ибн Хисн, Бәни 
Сүләймнің өкілі Аббас ибн Мирдастан басқа ешкім 
қалмады. Аллаһ елшісі бұларға босатқан әр тұтқын 
үшін алғашқы олжадан алты түйе уәде еткенде, Үәйна 
ибн Хисыннан басқалар дереу келісті. Бірақ Үәйна 
бұған да көнбеді. Дүниелік малды көздеген ашкөздікті 
көргенде Пайғамбарлар падишасы Үәйнаны меңзеп: – 
Аллаһ тағалам, оның үлесіне тигенді азайт, – деп дұға 
етті. 
Барлық ұсыныстарды қабылдамаған Үәйна 
тұтқындар арасына кіріп, бай бір тайпаның анасы 
болар деп ойлап, кәрі бір кемпірді таңдады. Мақсаты: 
осы кемпірді қайтаруды сұрап келушілерден көбірек 
ақша алу еді. Алайда оның бұл пиғылы іске аспады, не 


334
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
тұтқыннан, не оны босат деп келгендерден бес тиын да 
ақша ала алмады. 
Екінші жақта Хауазин тобы Аллаһ елшісінің ха-
барын өз басшылары Малик ибн Ауфқа жеткізді. Оған 
бас амандығын қорғап қалуды айтты. Маликты уайым 
қыса бастады. Мұсылмандықты қабылдауға келсе, 
отбасы мен мал-мүлкінің өзіне қайтарылатындығын 
Сақифтықтар естісе, өзін қорғаннан шығармай қамап 
тастауы мүмкін еді. Ешкімге сездірмей бір түйе дай-
ындатып, Денхаға жіберді. Түйемен жіберген жалшыға 
өзі барғанша сонда күтуді тапсырды. Өзі түннің бір 
уақытында тұрып, атына мінді де тура Денханың 
жолына түсті. Малик ибн Ауфтың кетіп қалғанын жан 
адам сезбеді. Денхаға келіп, түйесіне мінген Малик 
Жиранаға бет алды. Тіке Аллаһ расулының жанына 
барды. Ұялды, бірақ шынайы бақытқа енді қол жеткізген 
еді. Оның келгеніне қуанған Аллаһ елшісі уәде 
еткеніндей отбасы мен мал-мүлкін өзіне қайтарып, оған 
қосып жүз түйе берді. Бұндай жомарттық пен шынайы 
қонақжайлылықты көрген Малик сезімін өлеңмен 
жеткізіп, жер бетінде Пайғамбарымыздан асқан жо-
мартты, ізгі жанды көрмегенін, Пайғамбарымыздың 
ертең болатындардан хабар бергенін айтып жатты.
Пайғамбарлар төресі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
Жирана-
да болған кезінде, бірінен кейін бірі тосын жағдайлар 
орын алып жатты. Осында болған күндердің бірінде 
жанына бір уақыттарда өзін алып Бәни Сағыд еліне 
апарған сүт анасы Халима Садия мен күйеуі Харис ибн 
Абдилузза, жанында Пайғамбарымыздың емшектес 
бауыры Абдуллаһпен бәрі келе қалды. Пайғамбарлар 
төресі бұл жүздесуге қатты толқыды. Дереу шапанын 
шешіп, сүт анасы мен күйеуін құрметтегендіктен аста-


335
Хауазиндықтардан жеткен хабарлар
рына төсеп отырғызды. Емшектес бауыры Абдуллаһты 
қарсы алдындағы орынға отырғызды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет