МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет123/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
тып отырған екі ірі мемлекеттің бірі еді. Бүгін болмаса 
да ертең міндетті түрде олармен бетпе-бет келінетіні 
анық. Өйткені Ислам өздігінен күннен күнге аяғына 
тік тұрып келе жатты. Ал бұны көре тұра басқалардың 
қарсы әрекет жасамауы мүмкін емес еді. 
Аллаһ елшісі сахабаларына соғысқа дайындалуға 
бұйрық берді. Маңайындағы тайпаларға да хабар 
салып, осындай сындарлы уақытта олардың да қолдау 
білдіргенін қалады. Меккеге де осы ниетпен хабар 
салды. 
Бұрынғы соғыстарда қайда, кіммен, қалай 
соғысатындары құпия ұсталып келсе, осы жолы 
бәрі де ашық болды. Өйткені маусым әрі физикалық 
жағдайлар әрі алдарынан шыққан дұшпан тұрғысынан 
бұның білінуі, соған қарай дайындық жасалуы қажет. 
Өйткені сол күні Мәдина ең құрғақ мезгілге тап 
келіп, елдің көлеңкеден сыртқа шығуға батылы жете 
бермейтіндей уақытты бастан өткеріп жатты. Жемістер 
енді-енді пісе бастағандықтан, ел биылдың өнімін енді 
алуға дайындалуда еді. Далада күн қатты ысып, бау-
бақшаларда адамды өзіне тартатындай көлеңке болды. 
Осы себепті кей кісілер ашық қарсылық білдіріп: – 
Мынандай ыстықта соғысы несі? – деп жатты. Көмекке 
келген Жәбірейіл әмин олардың осы сөзін қайталап, 
тозақ отының жанында бұл ыстық ештеңе емес деген 
хабар жеткізді
128
.
Тәбүк күні ақиқат дін үшін жанын салған мүминдер 
мен мәселеге қолының ұшын ғана тигізіп, жүрегіндегі 
екіжүзділіктен біртүрлі арыла алмағандардың арасын 
айқындады. Бір жақта Пайғамбарымыздың үндеуін 
шын ниетімен қабыл алып, жаңа тебіреністерді бастан 
өткерсе, екінші жақта пайғамбар үндеуіне қосылғысы 
128
«Тәуба» сүресі, 9/81,82. 


359
Шуақты әлемдегі кеңпейілдік
келмей жер табандағандар
129
, Тәбүк соғысына барғысы 
келмей ойға келмейтін неше түрлі сылтау айтқандар да 
болды
130
.
Жәдд ибн Қайс жанындағы бір топ адаммен Нәбәуи 
мешітіндегі Пайғамбарымызға келіп :
– Уа, расулаллаһ, – деді. – Мен сіңірі шыққан кедей 
әрі сырқат адаммын, бармауға үзірім бар. Осында 
қалуыма рұқсат ет, – деді. 
Сабыр сақтап әуелі оны тыңдаған Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
: – Дайындығыңды жаса, баруға сенің 
мүмкіндіктерің бар, – деді. Алайда Жәдд өз шешімінен 
тайынбай: – Маған рұқсат бер, мені бүлікке итерме-
леп қайтесің. Уаллаһи, қауымым біледі, араларында 
менен өткен әйелқұмар адам жоқ. Егер ол жақтарға 
бара қалсам, Бәни Асфардың әйелдерін көрсем шыдай 
алмай кетермін, – деді. 
Расулаллаһ бұл тұрпайы сөзді естігенде жүзін 
басқа жаққа бұрып, ашулы үнмен: – Бопты, саған 
рұқсат бердік, – деді. 
Жәдд ибн Қайстың ұлы Абдуллаһ әкесінің 
қылығын естігенде, күйініп: 
– Сен 
неге 
Расулаллаһтың 
айтқанын 
тыңдамайсың?! Бәни Сәлима жұртында сенен асқан 
бай жоқ. Сөйте тұра соғыстан бас тартқаның не? – деді 
әкесіне. 
Жәдд ұлына былай деді:
– Әй, ұлым! Мынандай құрғақшылық, аптап 
ыстық, бет күйдіретін жел тұрғанда мен кім, 
Бәни Асфарға баратын адам кім? Дәл қазір үйімде 
отырғанның өзінде Бәни Асфар десе, төбе шашым 
тік тұрып қорқамын. Қандай батылдықпен олармен 
129
«Тәуба» сүресі, 9/38, 39.
130
«Тәуба» сүресі, 9/41, 42.


360
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
соғыспақпын? Мынаны біл, балам, мен қазірде-ақ 
мұсылмандардың жеңілетінін сезіп тұрмын. 
Ұлы Абдуллаһтың әрине бұған иланбасы анық. 
Әкесіне бұл қылығының екіжүзділік екенін бетіне 
айтқанда, әкесі ұлын шапалақпен салып жіберіп
ұлының үнін өшірді. Алайда үні өшпейтін бір жол бар 
еді. Көп өтпей Жәбірейіл әмин келіп Жәдд ибн Қайстың 
сөзіне назар аудартып, анығында бүлікке түскендердің 
солар екенін білдірді
131

Осы кезде бірқатар адамдар соғысқа бармау үшін 
өздеріне бір іс ойлап тауып, Пайғамбарымыздың 
алдына келіп: 
– Уа, расулаллаһ, қараңғы әрі жаңбырлы түндері 
ауру әрі кәрілердің де намазға келуі үшін бір мешіт 
салдық. Сол жерге барып бізге намаз оқытсаңыз? – 
деді. 
Сырттай қарағанда мақтауға тұрарлық іс болып 
көрінгенмен, олардың ішкі ниеті ауру я кәрі кісілердің 
намазы емес еді. Олардың пиғылы Исламға қарсы 
тұруда өздеріне бір орталық дайындау болатын. Сол 
себепті Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
: – Дәл 
қазір жолға дайындық үстіндемін, келгенде бәлкім бас 
сұғармын, – деді. Бұл сөзі әрі арадағы жіпті де үзбеді, 
әрі олардың күмәндануына да жол бермеді. Бір жағы 
жамандықтың бір ошағын да өзіне белгіледі. 
Тәбук соғысына бармау үшін түрлі сылтау айта 
келгендердің ұзын саны сексеннен асты. Аллаһ 
расулы сырттай олардың бәріне де рұқсат еткенмен, 
ішкі жағдайларын Аллаһқа тапсырды. Тек шынайы 
мүминдермен ғана дайындық жасады. Бірақ Бәни 
131
«Тәуба» сүресі, 9/49.


361
Шуақты әлемдегі кеңпейілдік
Ғыфардан келген отыз кісілік топқа рұқсат бермей, 
олардың Тәбүкке қатысуын қалады
132
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет