МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет20/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

Олжа бөлісу
Бәни Құрайза қауымынан мол олжа түсті. Бұл 
олжаны үш мың сахаба өзара бөліске салды. Қолға 
түскен барлық олжа ортаға салынып беске бөлінді. 
Сосын әрбірінің үстіне бір-бір жебеден қойылды. 
Оқтың бірінде Аллаһ үшін деген жазу болды. Бұл жебе 
шыққан бөлік шетке шығарылды. Бұл Аллаһ елшісіне 
тиесілі еді. Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
олжаның 
бұл бөлігін Махмия ибн Жезге беріп өзі қалған олжаны 
бөліп бере бастады. 
Жаяу сарбаздарға берілген бөлікке қарағанда 
аттылы сарбазға бөлінген олжа екі есе көп болды. Тек 
үш аттылыға ғана жаяу әскермен бірдей берілді. Ат-
тылар мен жаяу сарбаздардың бәрін қосқанда үш мың 
жетпіс кісі болатын. Нүбәтаның қамал үстінен дома-
латып жіберген диірмен тасынан шейіт болған Халлад 
ибн Суайд пен сол күні қаза тапқан Әбу Синан ибн 
Михсанға да олжадан бөлінді. 
Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
сол күні соғысқа 
қатысса да Сафия бинти Әбдімүттәліп, Үмму Умара, 
Несібе, Үмму Селит, Үммул Ғала әл-Әнсария, Сумайра 
бинти Қайс, Үмму Сағд ибн Муғаз және Кәбшә бинти 
Раафи секілді әйел сахабаларға олжа орнына сыйлық 
үлестірді.
Сағд ибн Муғаздың қазасы
Сағд ибн Муғаз ұзын бойлы, ірі денелі, аққұба 
келген, жарасымды сақалы бар аса келбетті кісі бо-
латын. Жараланғанына бір ай болған кезде жарасы 
қайтадан асқынып, қатты қансырады. Бір күні Аллаһ 


47
Хандәк соғысы 
елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
қасына Әбу Бәкір мен Оспан 
секілді сахабаларды ертіп оның көңілін сұрауға келді. 
Бәрі де оның жағдайына қарап, көрер жарығының аз 
қалғанын сезді. Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
оның қасына барып басын ұстады. Осы сәтте оның жа-
расынан шашыраған қан Аллаһ елшісінің 
(саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм) 
қолына тиді. Пайғамбарымыз қолын жайып:
– Уа, Аллаһ тағалам! Сағд сенің жолыңды берік 
ұстанып, менімен бірге аянбай күресті. Жанын 
қинамай алып, өзіңнің қамқорлығыңа ал гөр! – деді. 
Пайғамбарымыз 
сахабасы 
үшін 
Аллаһтан 
жарылқау тіледі. Аллаһ елшісінің 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
осынау куәлігіне көңілі шаттанған Сағд еріндерін жы-
бырлатып былай деді:
– Уа, Аллаһтың елшісі! Саған Алла разы болсын! 
Мен сенің пайғамбар екендігіңе шын көңіліммен 
сенемін! – деді.
Сағд қайтыс болған түні Жәбірейіл періште 
Пайғамбарымызға 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
келді. Басына ақ 
сәлде орапты, қоңыр үнмен:
– Уа, Аллаһтың елшісі! Түнде жеті қат көктен өтіп, 
ғарышқа самғаған кім? – деп сұрады.
Мұны кейбіреулер жақсы түсінді. Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
дереу Сағд ибн Муғаздың үйіне 
қарай жүгірді. Пайғамбарымыздың қатты жүгіргені 
соншалық, өзімен бірге шыққан сахабалардың ешбірі 
оған ілесе алмады. Сахабалар:
– Уа, Аллаһтың елшісі, саған ілесе алар емеспіз. 
Осынша асығуыңның себебі не? – деді. Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
– Ханзаланы жууға кешіккеніміз секілді Сағдқа 
да кешігіп, оны періштелер жуып қоя ма деп алаңдап 
келемін! – деп асығыс жауап қайырды. 


48
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Үйге келгенде барлығы керемет бір көрініске куә 
болысты. Сағд ибн Муғаз жан тапсырған екен. Ол 
жатқан бөлме періштелерге толып кетіпті.
Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
бірінші Сағд ибн 
Муғаздың анасымен көрісті. Содан кейін Сағдтың 
сүйегі жуылып кебінделген соң Пайғамбарымыздың 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
алдына әкелінді. Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
Сағдтың сүйегін сыртқа алып 
шығуды бұйырды. Содан кейін өзі бас болып жаназа на-
мазын оқуға дайындала бастады. Мәйітті сыртқа алып 
шығушылардың таңданысында шек болмады. Өйткені, 
мәйіттің сүйегі жеп-жеңіл еді! Бәрі таңданысын жасыра 
алмаған күйде былай деді:
– Уа, Аллаһ елшісі! Алпамсадай Сағдтың сүйегінің 
мұншалық жеп-жеңіл бола қалуына таңданбасқа ама-
лымыз жоқ. Әлде Бәни Құрайза қауымына үкім бер-
геннен кейін осындай болды ма?
– Жоқ, қателесесіңдер, – деді Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм)

– Оны періштелер көтеріп келе жатыр!
Сағдтың жаназасын Аллаһ елшісінің 
(саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм) 
өзі шығарды. Мәдина Бақи қабірістанына кет-
кендей әсер қалдырды. Сағдтың қабірі қазылғанда да 
халық қабір басында тұрды. Мәйіттің жамбасы жерге 
тиген бойда Пайғамбарымыздың 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
реңі өзгеріп сала берді. Ол үш қайтара «Субханаллаһ» 
– деді. Бұл сөзді сахабалар да қайталады. Бақи зираты 
тәкбір мен тәсбіх сөздеріне толып кетті. Көпшіліктің 
көзіне жас үйіріліп, Сағдты қимай қоштасып жатты. 
Пайғамбарымыздың 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
көзінен аққан 
жас сақалын жуып кетті. Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) 
көз жасын алақанымен сүртіп, айналаға қарады.


49
Хандәк соғысы 
Сағд ибн Муғаздың анасы да мазарға келді. Ол 
кісіні сахабалар қабір басынан жырақ алып кетуге ты-
рысты. Бірақ Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
– Сағдтың анасын қоя беріңдер! – деді. Екі ұлының 
бірі Ұхыд соғысында шейіт болса, екіншісі де баян-
дап кеткеніміздей Аллаһ жолында құрбан болды. Қос 
қанатындай болған екі ұлынан да айрылған кейуа-
на бір жағынан емешегі езіліп жыласа, бір жағынан 
екі ұлының да дін жолында құрбан болғанын көңілге 
медеу тұтып, іштей қуанып тұрды. Сондықтан да:
– Аллаһ тағаланың мейірім-шапағатына бөлене 
берсін! Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын! 
– деген тілегін жаудырды. Мәйіт көрге қойылып, үсті 
топырақпен толықтай көмілгенге дейін қабір басында 
тұрған Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
Сағд ибн 
Муғаз үшін дұға етіп, үйіне қайтты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет