Пайғамбарымыздың елшілері
Жағдайдың қалай өрбитіні әлі де болса белгісіз
болатын. Осы тұста Аллаһ расулы
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бір қадам жүріс жасап, сахабалары арасынан Хыраш
ибн Умәйяға өзінің Саләб атты түйесін мінгізіп,
құрайыштықтарға аттандырды. Пайғамбарымыздың
өз мақсатының соғысу емес, ұмра жасау екендігін тағы
бір рет құрайыштықтарға ескерту еді.
Хазірет Хыраш құрайыш арасына келер-келместен
Икрима ибн Әбу Жәхил қылышын қынынан суырып
алып, түйенің аяқтарын шапты. Өшпенділік пен ызаға
булыққаны сонша түйе түгілі хазірет Хыраштың
өзін жайратып салуға сәл-ақ қалды. Мұншама ашуға
булыққанын көріп, Ахабиш тайпалары дереу оны
тоқтатып, Аллаһ расулының елшісін өлтірткізбей, Хы-
рашты еркіне қоя беріп, келген ізімен кері қайтарып
жіберді. Хазірет Хыраш Аллаһ расулына қайта келіп,
құрайыштың қылығын түгел баяндап берді.
Жағдай күн санап ушығып бара жатты. Мұндай
жағдайда әрбір қадамды аңдап басу аса маңызды.
Құрайыштықтар өз қауіпсіздіктерін ойлап қатты
абыржулы күйде екендігі анық. Еш ойланбастан орны
93
Ұмра сапары және Хұдайбия
толмас зардаптарға жол ашарлық іс-әрекеттерге бара
бастаған болатын.
Аллаһ расулы
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
болса,
құрайыштың бетке ұстарларына өзінің мақсат-ниетін
айтып жеткізуге тас түйін бекінді. Олардың бір сәт
болсын мәселені ақыл мен қисынға салып қарауын,
өздері мен Бәйтуллаһ арасына бөгет жасамауын,
ұмра міндетін атқаруына кедергі келтірмеуін қалайда
айтып түсіндіріп, сөзіне сендіріп көруге тырысты. Осы
жолы құрайыштықтарға елші ретінде хазірет Омарды
аттандырмақ болды. Омар (р.а.) келіп өзін шақыру
мақсатын білгенде:
– Уа, Аллаһ расулы! – деп байсалды түрде сөз ба-
стады. – Құрайыштықтар мені өлтіруі мүмкін. Өйткені,
бәрі менің оларға деген қаталдығымды жақсы біледі.
Оның үстіне ол жақта мені қорғайтын Адый ұлдарынан
да бірде бір пенде жоқ. Уа, Аллаһ елшісі! Сонда оларға
елші ретінде менің барғанымды қаласаң, айтқаныңды
орындауға дайынмын! – деді.
Хазірет Омардың өз жанын ойлап, алаңдауы
мүмкін емес-тін. Нақ осы кезде хазірет Омар сынды
бір елшінің өлтірілуі еш күмәнсіз екі тарап арасын-
да соғыс өртінің тұтануына әбден жеткілікті сылтау
болар еді. Мынадай алмағайып бір сәтте соғыс өртін
тұтандырудан екі жаққа да пайда келмейтіні белгілі.
Мұның түбі не болары мүлдем беймәлім. Хазірет
Омардың айтқандары Аллаһ расулын ойға қалдырды.
Хазірет Омар ары қарай сөзін сабақтап:
– Уа, Аллаһ расулы! – деп сөзін жалғады. – Деген-
мен мен саған құрайыштың алдында менен әлдеқайда
қадірлі және құрметке ие, қорғайтын кісілері де бар,
олармен қатынасы маған қарағанда дұрысырақ бір
кісіні айтайын. Ол – Осман ибн Афуан, – деді.
94
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Мүминге парасаттылық өте маңызды. Хазірет
Омардың айтқандары расында да парасат пен
даналыққа тұнған келелі сөз болатын. Осы сөзден
кейін пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
хазірет Ос-
манды шақыртып:
– Уа, Осман! Құрайышқа барып, біздің соғысу
үшін емес, ұмра жасау үшін ғана келгенімізді оларға
түсіндір. Оларды Исламға шақыруды да ұмытпа,
– деп бұйырды. Хазірет Османға тапсырылған
міндет тек осымен шектелмеді. Осы уақытқа дейін
иман келтіргенімен Мәдинаға хижрет ете алмаған
меккелік мұсылмандармен байланысқа түсіп, оларға
таяуда Меккенің мұсылмандар қоластына өтетінін,
Аллаһ тағаланың жақында Меккеде өз дінін үстем
қылатынын, осыдан кейін діни сенімдерін жасырмай-
ақ еркін, ашық өтеп, жаңа діннің талаптарымен өмір
сүруге жол ашылғанын сүйіншілеп хабарлауды тап-
сырды.
Хазірет Осман таудай ауыр міндеттерді арқалап
Меккеге аттанып кетті. Ол Бәлдах деген жерге жеткен-
де, құрайыштықтар алдынан күтіп алып:
– Қайда барасың? – деп сұрады. Хазірет Осман өте
сақ болатын. Сондықтан:
– Мені сендерге Аллаһ расулы жіберді, – деп сөзге
бастады. Сендерді Аллаһқа иман келтіріп, Исламға
мойынсұнуға шақырамын! Аллаһтың бұл дінді түбінде
бәрінен үстем етіп, пайғамбарын жеңіске жеткізері
сөзсіз. Не барлығың бірден иман келтіріп, оның
дінін ұстанасыңдар, не болмаса жолымызды бөгеп,
кедергі жасауды доғарасыңдар. Сонда біз сендермен
емес, басқалармен соғысамыз. Мұндай жағдайда егер
Аллаһ расулы жеңіліске ұшыраса, онда сендердің де
қалауларыңның орындалғаны. Ал егер ол жеңіске
95
Ұмра сапары және Хұдайбия
жетер болса, онда таңдау жасау өз еріктеріңде. Не
басқалар секілді Исламға мойынсұнасыңдар, не бол-
маса барлығың бірігіп бізбен соғысасыңдар. Соғысқан
жағдайда қандай күйге түсетіндерің бесенеден белгілі.
Онсыз да соғыстан қалжырап, қайраттарың таусылуға
шақ қалды. Бетке ұстар көсемдеріңнің барлығы
біздермен болған соғыстарда қаза тапты. Ең бастысы,
Аллаһ расулы
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
сендермен соғысу
үшін емес, мойындарында құрбандық белгісі бар
құрбан малдарын айдап әкеліп ұмра жасап, малдарын
құрбандыққа шалғаннан кейін кері қайтатынын сен-
дерге жеткізу үшін арнайы мені жіберіп отыр, – деді.
Құрайыштықтар хазірет Османды тыңдап болып:
– Айтқандарыңды ұқтық. Алайда оның орындала
қоюы мүмкін емес. Мұхаммед дәл осы қалпында то-
сыннан келіп, қалаға кіруі мүмкін емес. Досыңа айта
бар, қалаға кіре алмайды, – десті.
Иә, құрайыштықтардың тас боп қатқан көңілдерін
жібіту мүмкін емес еді. Хазірет Осман құрайыштың
бетке ұстар тұлғаларымен кездеспей жатып, қара
халықтың мұншама қасарысуына тап болды. Өзіне
тапсырылған міндеттер де жайына қалар түрі бар.
Мына адамдарды бір мәмілеге келтіру мүмкін емес-
тей. Хазірет Осман осыларды ойлап, кері қайтуға
ыңғайлана бергенде алдынан Әбән ибн Сайд шыға
келді. Екеуі амандық-саулық сұрасқаннан кейін әлгі
кісі хазірет Османға қарап:
– Қандай талап-тілегің болса, қысылмай айт, –
деді. Тіпті Әбән атынан түсіп, өзінің атына хазірет
Османды мінгізіп, өзі Османның (р.а.) артына мінгесіп
отырып алды. Иә, хазірет Омардың айтқандары келіп
еді. Мәселе тығырыққа тірелген тұста ескі достық
кәдеге асты деген осы болса керек. Ашылмастай
96
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
көрінген қақпалар кенеттен айқара ашыла кеткендей
көрінді. Өйткені, бір жақтан Әбән:
– Оңға, солға, қалаған жағыңа бара бер, ешкімнен
қорқушы болма, – деп кепілдік берді. Сөйтті де: – Сайд
ұлдары Харамның ең құрметті кісілері, – деп, хазірет
Османның амандығына кепілдік беретінін жұртқа қара
өлеңмен жар салды.
Екеуі Қағбаға бірге келді. Хазірет Осман келген
бойда құрайыштың бетке ұстар азаматтарымен кез-
десе бастады. Әрбірімен жеке-жеке сөйлесіп, Аллаһ
расулының сәлемін жеткізді. Құрайыштықтардың
барлығы да:
– Мұхаммед дәл осы күйінде қалаға кіре алмайды,
– деп ешбір мәмілеге келмейтіндіктерін білдірді. Де-
генмен, хазірет Османды да шетке қақпай, жылы қабақ
танытып:
– Қаласаң, сен өзің келіп Бәйтуллаһты тауап жаса,
– десті. Алайда хазірет Осман:
– Аллаһ расулы
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
тауап етпейінше
мен де Бәйтуллаһты тауап ете алмаймын, – деп
мүшріктердің ұсынысын қабылдамады.
Иә, құрайыштықтардың түпкі ниеті белгілі болды.
Хазірет Осман уақыт оздырмастан Аллаһ елшісінің
басқа да тапсырмаларын орындау үшін сол күнге дейін
қиындық пен тауқымет тартқан меккелік мүмін ер
және әйелдермен жолыға бастады. Оларға:
– Аллаһ расулы сендерге мынадай сүйінші хабар-
ды айтуды тапсырды, – деп сөзге кірісті. Есіктерінің ал-
дында хазірет Осман сынды сахабаны көру, мұнымен
қоймай тікелей Аллаһ расулының өзінен жеткен ха-
барды есту олар үшін айрықша шаттық, бақыт бола-
тын. Осы сәтті алты жыл бойы зарыға тосқандар да
бар еді. Мұншама уақыт бойы Расулаллаһтан жырақта
97
Ұмра сапары және Хұдайбия
қалуға шыдау мүмкін емес-тін. Алайда, бәрі хазірет
Османнан Аллаһ елшісінің зиярат жасау үшін ғана
келгенін ұқты. Хазірет Осман оларға Аллаһ елшісінің
«Сендерді таяу уақытта қанатымның астына алып
қорғайтын боламын, сол уақыттан бастап Меккеде
ешбір жан иманын жасырмайтын болады» деген хаба-
рын жеткізді. Бұл қақаған қыс күнінде ескен көктемнің
лебі сынды жайлы хабар еді. Меккелік мұсылмандар
дінді ұстануға қысым жасалмауын қалайтын. Бүгін
өздеріне хазірет Осман елші ретінде келіп тұр. Ертеңгі
күні оның айтқандарының келетіні шүбәсіз. Османды
(р.а.) шығарып салып тұрып бәрі:
– Аллаһ расулына бізден дұғай-дұғай сәлем айта
бар! – деп қолдарын бұлғап, көз жастарына ерік беріп,
егіліп жылап қала берді.
Хазірет Осман Меккеде үш күн аялдап, өзіне
тапсырылған жұмыстың бәрін толық атқарды.
Достарыңызбен бөлісу: |