МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет32/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

Уруә ибн Мәсғуд
Құрайыштың Уруәнің айтқан ұсынысынан 
ұтылатын ешбір жөні жоқ еді. Сондықтан оны елші 
ретінде аттандырды. Уруә пайғамбарымызға келген 
бойда сөзге кірісіп кетті:
– Ей, Мұхаммед! Мен Қағб ибн Луәй және Амир 
ибн Луәйді сауын түйелерімен, бала-шағаларымен 
қоса Хұдайбия алқабы маңайына тастап алдыңа келіп 
отырмын. Ахабиш тайпалары және оларға бағынышты 
басқа да қауымдар барлығы саған қарсы жұдырықтай 
жұмылып, күш біріктірді. Олар тайлы-тұяғымен 
қолыңнан ажал құшпайынша сені Бәйтуллаһқа 
жақындатпауға ант-су ішіскен. Мына жағдайда 
сендер екі ұсыныстың бірін таңдауға мәжбүрсіңдер: 
не өз қауымыңды өлімге айдап саласың, не болмаса 
мына айналаңдағы адамдар сені жалғыз тастап, опық 
жегізетін болады. Әсілі, сенен бұрын өз қауымы мен 
ағайын-туысын қырып-жойған ешкім болған емес. 
Уаллаһи, мен сенің айналаңнан абыройлы ешкімді 
көре алмай отырмын. Мыналардың барлығы қайдан 
келгендері беймәлім, қырық құрақ адамдар. Жүздері 
де таныс емес, шыққан тектерін де білмеймін. Егер 
соғысатын болсаң, мынаның барлығы сені тастап
тым-тырақай қашып кетеді. Ал сен жауыңның қолына 
тұтқынға түсесің. Сен үшін бұдан жаман, бұдан ауыр 
не бар?
Уруәнің айтқандары адам төзетін сөздер емес 
еді. Осы тұсқа дейін Аллаһ расулының артында 
әдептілікпен үнсіз тұрған хазірет Әбу Бәкірдің де 
шыдамы таусылды. «Тым-тырақай қашады» дегенді 
айтуға қалай дәті барды? Иә, осы жерде тұрғандардың 
барлығы қылышпен парша-парша болып туралмайын-
ша мүшріктердің Аллаһ расулының бір тал шашына 


84
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
да қол тигізе алмасы анық еді. Ендеше, мына Уруәнің 
сазайы өзі түсінетін тілде берілу керек еді. Басқа 
кездері Аллаһ расулының алдында бір ауыз сөз айту-
дан да ұялып, қысылатын әдептілік қаһарманы хазірет 
Әбу Бәкір (р.а.) тұрған жерінде:
– Сен Латтың бұтындай далбаса сөз айтуыңды 
доғар енді! – деп ақырды. Сөйтті де: «Оны жалғыз 
тастап, тым-тырақай қашады дегенің мына біздерміз 
бе сонда?» деп дауыс көтерді.
Хазірет Әбу Бәкірдің Уруәға сазайын бере жауап 
қатуы сахабалардың да көңілінен шықты. Олар да 
осыны айта алмай тістеніп отырған болатын. 
Уруә күтпеген жерден мынадай қарсылыққа 
тап болғанына аң-таң болды. Алайда, сөз сөйлеген 
адамның кім екенін тани алмады. Өйткені, ардақты са-
хабалар жүздерін тұмшалап алған еді. Дауыс шыққан 
жаққа қарай бұрылып:
– Мынау кім өзі? – деп сұрады. Оны айнала 
қоршағандар:
– Әбу Бәкір! – деп дауыстады. Уруә Әбу Бәкірдің 
атын ести сала біраз үнсіз тұрып қалды. Ойына кезінде 
бір кісіні өлтіріп алып соның құнын төлей алмай 
қиналғанда, Әбу Бәкірдің көмек бергені түсті. Өйткені, 
сол кезде ең жақын достарының өзі екі-үш түйе 
көлемінде ғана көмек көрсетіп жатқанда хазірет Әбу 
Бәкір бұған бақандай он түйе беріп, мәрттік танытқан 
еді. Сөйтіп Уруәні қиын жағдайдан құтқарып қалып 
еді. Осыны еске алып тұрып:
– Аллаһтың атымен ант етемін! Кезінде маған 
жасаған және мен саған қарымын қайтара алмаған 
сол бір жақсылығың болмағанда саған тиісті жауапты 
берер едім, – деп үн қатты. 


85
Ұмра сапары және Хұдайбия
Сахабалар Уруәнің тағы бір әдепсіздігіне төзіп 
тұра алмады. Ол әр жолы сөзге бастағанда Аллаһ 
расулының мүбәрак сақалына жабысуға ұмтылатын. 
Хәндәк күні мұсылмандықты қабылдаған Муғира ибн 
Шубә
27
қылышын қынынан суырып алып, Уруә Аллаһ 
елшісінің сақалына ұмтылғанда қолын қылышымен 
нұқып жіберіп отырды. Сөйтіп: 
– Мына қылыш қарныңды жарып тастамай 
тұрғанда Аллаһ расулының сақалына жабысуыңды 
доғар! Ешбір мүшрік оған қолын тигізуді ойына да ал-
масын! – деп айғайлады. 
Әрбір әрекетінде хазірет Муғираның қылышымен 
нұқып жіберіп отырғаны жанына батқан Уруә ақыр 
соңында қатты ашуланып: 
– Қарғыс атсын сені! Қандай қатал әрі дөрекі 
адамсың өзі? – деп кіжінді. Содан кейін Аллаһ расулы-
на қарап:
– Мына басыма келген жайды қара! Маған бұлайша 
қорлық көрсетіп тұрған қай сахабаң өзі? – деп сұрады 
да, артынан:
– Уаллаһи! Араларыңда мынадан асқан дөрекі, 
жаман адам болмаса керек, – деп күйінді. 
Осы тұста Аллаһ расулы күлімсіреп тұр еді. Құдды 
Уруаға күні кеше онымен жолдас болған адамның 
бүгін қандай деңгейге жеткенін көрсеткісі келгендей:
– Бұл бауырыңның ұлы Муғира ибн Шубә болады! 
– деп жауап қатты.
27
Мұғира ибн Шубә арабтар данышпан ретінде санаған төрт кісінің 
бірі әрі ең танымалы болатын. Хандақ соғысы болып жатқанда 
мұсылмандықты қабылдап, Мәдинаға хижрат жасап келген еді. 
Уруәнің келгенін көрген бойда хазірет Мұғира қылышын асынып, 
жүзін тұмшалап алып, Аллаһ расулының жанында оны қорғап тұрған 
еді. Қараңыз: Ибн Әсир, Усудул-ғабә, 3/39-40; Ибн Хажар, Бидая, 8/53. 


86
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Муғираны қалай танымасын? Зейіні мен 
данышпандығы тұрғысынан араб түбегінде одан асқан 
адам жоқ болатын. Адам түпкілікті өзгерсе осылай-
ақ болар. Уруә таңданыспен қайран қалып, аңырайып 
қарады да қалды. Содан кейін:
– Сакиф тайпасымен арамызда мәңгілікке 
дұшпандық отын тұтатқан сен емес пе едің? – деді.
Бұл сөзін Уруә сөзден жеңіліп қалмас үшін, әйтеуір 
сөз таластырып қалу мақсатында айтқан болатын. 
Әйтпесе, бір кісінің мұншалықты түпкілікті өзгеруі 
Уруәға қатты әсер еткен болатын. Ол тек хазірет Муғира 
емес, барша сахабаның хал-әрекеттерін таңданыспен 
бақылап, олардың мұншама үлкен өзгеріске қалай 
түскендерін ақылы жетпей таңданып тұрған болатын. 
Олардың ардақты пайғамбарымыздың мүбәрак аузы-
нан шыққан түкіріктің өзін жерге түсірмейтіндіктерін 
көріп, таң тамаша болды. Бір істің жасалуын қаласа, 
болды барлығы бірдей зыр жүгіріп, Аллаһ расулының 
қас-қабағына қарап тұрады екен. Ол дәрет алғысы 
келсе, сахабалар қолына су құю үшін бір-бірімен 
таласқа түсердей ұмтылып жатқанын көрді. Оның 
мүбәрак шаштарының өзін жерге түсірмей қағып алып, 
ілтипат көрсетеді екен. Айбатынан тартынып, оның 
мүбәрак жүзіне тіктеп қарамайды. Аллаһ расулының 
алдында әдептілік сақтап, қажет болмаса сөйлемей, 
үнсіздік сақтайтындықтарын көрді. Қажеттілік болған 
күннің өзінде оның алдында өте бәсең әрі сыпайы дау-
ыспен үн қататындықтарына куә болып қайран қалды. 
Ақыры, әңгіме өз мәресіне жетіп, Аллаһ расулы 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
Уруәға да Будәйлге айтқандарын 
қайталап айтты. Мақсаты – қан төгу емес, бейбіт 
келісімге келіп, сахабаларымен бірге ұмра жасау екенін
шегеліп айтты.


87
Ұмра сапары және Хұдайбия


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет