МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет99/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

Ансарға үн қату
Осы кезде Сафа жотасына шығып, биіктеу жерден 
Бәйтулллаһқа көз тастап, қолын жайып Аллаһқа дұға 
етті. Мақтау, шүкіршілік айтып жалбарынды. Біршама 
уақыт осылай тұрғаннан кейін шын көңілмен дұғасын 
жасағаннан кейін Пайғамбарымызға уахи түсіп 
жатқаны білінді. Жаңа бір хабар келіп жатыр еді. 
Уахи күйі өткеннен кейін Расулаллаһ кең тыныс 
алды. Іле: – Уа, Ансар қауымы! – деп дауыстады. 
Әдейі Ансарларды шақырды. Өйткені түскен хабар 
Ансарларға қатысты еді. Дәл осы кезде олар төмендеу 
жерде Пайғамбарымыздың қайта Мәдинаға қайтып-
қайтпайтынын сөйлесіп жатқан. Аттары аталғанын 
естігенде: 
– Ләббәйк, уа, Расулаллаһ! – деп жүгіре жетті. 
Оларға мынаны айтты: – Сендер «Бұл кісі еліне келді. 
Енді туыс-жақындарының қасында қалып, мауқын 
басар. Бізбен қайтпас» деп жатырсыңдар. Солай емес 
пе? 
Расында олар осыны өз араларында әңгімелеп еді. 
Мекке азат етілді, енді осында қалып қояды-ау деп 
уайымдағандары рас. Өйткені Мәдинаға Расулаллаһсыз 
қайтқылары келмеді. Бастарын иіп: – Айтқанымыз 
рас, уа, расулаллаһ! – деп мойындады. Аллаһ расулы 
бұны естігенде: – Менің атым жоқтай маған «Адам» 
деп дауыстаудасыңдар. Жо-жоқ! Мен Аллаһтың құлы 
әрі елшісімін. Сендерге әрі Аллаһқа хижрет еттім. 
Ендеше, менің өмірім де, өлімім де сендермен бірге. 
Расулаллаһтың бұл сөзі оларға қатты әсер етті. Бәрі 
күңіреніп жылап жіберді. Осы сәт Пайғамбарымызға 
жақындап келіп: – Уаллаһи, біз ол сөзімізді Аллаһ пен 
расулына деген әсіре махаббатымыз себепті айтып 
едік, – деді. 


290
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Онсыз да басқаша ойламақ емес. Мекке азат етілді 
деп бөрікті аспанға атып қуанышқа кенеліп жатқан 
тұста сегіз жыл өздерімен бірге болған пайғамбарлар 
төресінен жырақтап қала алмас еді. Күні кешеге дейін 
онымен жауласып келгендерге енді аманаттап кете 
баруы өздеріне қиын соқпақ. Ендеше, бұл сөздерді 
шынайылықпен айтып тұр. Ғаламның рақым нұры да: 
– Күмәнсіз Аллаһ та, Расулаллаһ та сендердің 
жағдайларыңа түсіністікпен қарап, айтқандарыңды 
мақұлдауда, – деді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет