Мұхит қорлары. 3. Мұхитты зерттеу және қорғау. Мұхитты зерттеу және оны қорғау - адам баласының маңызды міндеті. Мұхитты зерттеуде экспедициялық кемелердің маңызы зор. Олар ғылыми-зерттеу лабораторияларымен жабдықталған (мысалы, Жан Ив Кусто кемесі). Арнаулы аппараттар, батискафтар үлкен тереңдіктерде зерттеу жұмысын жүргізуге мүмкіндік береді. Мұхит зерттеушілердің қарамағында тереңдікті анықтауға мүмкіндік беретін компьютерлер жөне басқа да күрделі құралдар бар (мәселен, «Альвин» сүңгуір кемесі ғалымдарды 2500 м тереңдікке дейін апарады).
Қазіргі кезде дүние жүзіндегі мемлекеттер бірігіп, мұхиттағы зерттеулерді ЮНЕСКО (БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы) басшылығымен жүргізіп жатыр.
Мұхитты ғарыштан зерттеу соңғы кездегі жаңа әдістердің бірі болып табылады. Ғарыштан теңіз ағыстары, оның атмосферамен байланысы, мұхиттың органикалық дүниесін бағалау және болжау жұмыстары жүргізіледі.
Жердің жасанды серіктерінен түсірілген суреттер Солтүстік Мұзды мұхит арқылы өтетін теңіз жолының мұз жағдайын алдын ала біліп отыруға мүмкіндік береді. Сол сияқты ғарыштан мұхит түбінің жер бедерін зерттеу, судың ластануын бақылау, экологиялық апатты аймақтарды белгілеу жұмыстары да жүргізіледі.
Мұхиттағы жануарлардың саны азайып кетпеуі үшін шексіз аулауға тыйым салынады. Мысалы, жыртқыштық пен ауланудың нәтижесінде көк киттерге жойылып кету қаупі төнді.
Қазіргі кезде кейбір мемлекеттер су асты фермаларында ( балдырларды, мидияларды, устрицаларды, теңіз ұлуларын өсіреді.
Судың ластануы мұхиттағы организмдерге орасан зор зиян келтіреді. Мұхитты ең көп ластайтын зат - мұнай. Ол мұнай таситын кемелерді тиеу, түсіру, оларды жуып тазарту жұмыстары және кейде кеменің апатқа ұшырауы салдарынан суға қосылады. Мұхит бетінде түзілетін мұнай қабаты балықтарды уландыр организмдерді жоюға апарады. Сонымен бірге мүхиттың ради( заттармен ластануы да радиоактивті айтарлықтай қауіпті. Олар ядролық жарылыстардың және өндірістің радиоактивті қалдықтарын мұхитқа төгудің нәтижесінде суға қосылады.
Осыған орай, мұхит суын ұтымды пайдалану және оны жайында халықаралық конференциялар жүргізіледі.
Мұхит ластануы Мұхит ластануы, Дүниежүзілік мұхиттың ластануы – адамдардың әрекеті нәтижесінде мұхит (теңіз) суларындағы табиғи процестердің бұзылуы. Ластаушы заттардың өте көп мөлшерде жиналуы салдарынан жылдан-жылға мұхиттың өзін-өзі тазарту мүмкіншілігінің төмендеуі – онда тіршілік ететін организмдердің құрып кетуіне немесе шектен тыс көбеюіне алып келеді. Мысалы,теңіз жұлдызының (Asteroіdea) тым көбейіп кетуінен Австралия жағалауындағы Үлкен Барьерлі рифтің түбінде “тікенді шеңбер” қалыптасуда. Сондай-ақ Дүниежүзілік мұхиттың, әсіресе мұнай өнімдерімен ластануы әлемдік мұхит пен атмосфера арасындағы газ алмасу процесіне кері ықпал етеді, соның салдарынан Жер атмосферасындағы газ қоспаларының концентрациясы үздіксіз артуда; жағалауға жақын және атыраулық аймақтарды қоса есептегендегі теңіздік ортаға заттардың немесе энергияның тікелей не жанамажолмен түсуі теңіз биотасының дамуына кедергі келтіріп, судың сапасын нашарлатады. Бұл жағдай тірі организмдер мен адамныңденсаулығына қауіп төндіреді.