Мұхтар Әуезов “Жетім” әңгімесі Тақырыбы: Ата-анасынан айырылған жетім баланың өмірі. Идеясы



Дата07.05.2023
өлшемі6,97 Kb.
#90897
Байланысты:
Мұхтар Әуезов “Жетім” әңгімесі Тақырыбы Ата-анасынан айырылған -melimde.com


Мұхтар Әуезов “Жетім” әңгімесі Тақырыбы: Ата-анасынан айырылған жетім баланың өмірі. Идеясы

Мұхтар Әуезов “Жетім” әңгімесі
Тақырыбы:Ата-анасынан айырылған жетім баланың өмірі.
Идеясы:Тағдырдың тәлкегіне түсіп,өмірдің ащы дәмін ерте татқан жетімдерді жылатпауға,оларға жанашврлық танытуға үндеу.
Образға жіктеу
Қасым
Романтикалық
Эпикалық
Трагедиялық
Авторлық баяндау
Табиғат балаға қатал, суық көрінеді. Жан-жақта жүдеу тартып, жұмырланған боз төбелер қайғылы сырымен, дүние шерімен сазарғандай. Бетіндегі ақ көде, сары селеуді сүйретіліп, сумаңдап соққан түн желі желпи қозғап сілкінтіп тұр. Қарауытқан көлеңкелі сайлар қара түннің қараңғы сырын бауырына жиып, әлденеге сақтап тұрғандай болады. Белгісіз тұңғиық жүрегін жаныштады. Әрі салқын, әрі қорқынышты күйді есіне түсіргендей болады.
Портрет
Аз заман өткенде бұрынғы толық ажарлы Қасым аппақ болып қуарып жүдеп, ылғи қабағы түйіліп, қайғы сызымен түксиіп алды.
Пейзаж
Жаз ортасының қоңыр кеші. Ұлытаудың бөктерінде кештің қоңыр салқын желі еседі. Күн батып, ымырт жабылып барады. Күнбатысты қалың қара бұлт басқан, айналада күңгірт тартқан төбелер қоңырқай тартып, түн тыныштығына қарай бойсұнған сияқты.
Монолог
— Әжетай, мені кімге тастап кеттің?! Мені неге ала кетпедің, менің қаңғып қалғаным ба? Менің шынымен сорлы, шынымен жетім болғаным ба?
Диалог
Қасымға әмірлі дауыспен ақырып:
— Артымнан еріп жүр, әлсіз денеңнің шаршап талғанына қарама! Аяғыңа кірген тікенге, жырған тасқа қарама! Өліп қалсаң да артымнан еріп отыр!
— Ағатай, жетіммін...—дей беріп еді, алакөз қайта жарқ еткенде, артынан жүгіріп кетті.
Шығарма тілі
Эпитеттер
-Бұлардың беті — қалың таудың іші.
-Жаутаңдаған көзі жылы шырай іздеп келе жатқанда, алдында бұрынғыдай зәрленіп тұрған Исаны көрді.
-Мұңды қабақпен алды-артына қарай береді.
-Сол кезде Қасымды шешесінің қабырына қарай тартқан жетім жүрек өзге денесінің іркілейін дегеніне ерік бермей, ілгері дедектетіп алып жүріп кетті.
-Жылы көзі белгісіз бірдемені күткендей болады.
Плеоназм
-Түнде кездесетін жын-шайтандар, қара түндей жалмауыздар... сау адамды қағып кететін перілер.
-Сорлы қылып қақсатпа, қарлықтырып зарлатпа, көрде мені күңірентпе!» — деп тілеп еді.
Перифраз
-Әжесі осы тілектің үстінде жүріп кетті.
-Әжесі демі үзілген мүйнетіне шейін қарсы алдында, аяқ жағына Қасымды отырғызып қойып, содан көзін алмай жатып үзілген.

Метонимия
-Жақын, жанашыр туысқаны жоқ болса да, маңайындағылар әжесінің өлігін үйден алып шығарда, кішкентай Қасым үлкейген кексе кісі айтатын зардың бәрін айтып, шешесінің үстіне жығылып, айрылғысы келмей құшақтады.
-Қасымның әке-шешесінен отыз шақты қой, он шақты қара қалып еді.
Гипербола
-Тас қабақты, жұлдыз көзді, түндей қара түсті қара кемпір тау ішін құйындай құтырып, кезіп жүргендей.
-Бірақ көңіліне жетімдік, әлсіздік қайғысы зіл қара тастай орнап қалды.
Дисфемизм
-Маңайындағы көрші қатындар, сенімсіз топас шалдар.
-Аздан соң өзге балалар «тілазар, кәпір, бармайды» деген атпен құтылып қалатын
Теңеу
-Бұл мүйнетте адамның әні де алыста күркіреген күндей, үзіліп соққан бөктердің желіндей табиғаттың өзінен шыққан бір қуат сияқты еді.
-Түнде ел жатқанда жетім қозыдай тас бауыр болып қалған Қасым жат ұяда ұйықтай алмай, көрпенің астында үндемей жылап жатқанда, Иса мен Қадишаның әңгімесін есітіп еді.
-Таудың қараңғы сырлы сайлары жартастың қалың көлеңке басқан қара күйедей тұңғиық қап-қара беттері түндегі таудың қараңғы пәлелерін ішіне бүгіп жиып тұрғандай көрінеді...
http://melimde.com

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет