Мұхтар Шаханов Желтоқсан алаңы



бет4/4
Дата10.12.2022
өлшемі26,58 Kb.
#56254
1   2   3   4
Байланысты:
Өлеңдер

Ерлан Жүніс


Жаңбыр


Жаңбыр, жаңбыр – жалқы жүрек, жалғыз мұң,
Жалғыз мұңға күз суретін салғыздым.
...Жерге түскен жапырақты көтерші,
Мұңымыздан ауыр емес ол біздің!


Күзгі аспанның күрсінісін, кемсеңін,
Жүрекке сап салмақтадым, өлшедім.
...Құлап жатқан тамшыларды көтердім,
Көз жасыңнан ауыр емес ол сенің!


Күзді арманға сенбейді деп кім айтты,
Бізді арманға сенбейді деп кім айтты!
...Алматыға жауған жаңбыр неліктен,
Астанада жүрген мені мұңайтты?


Саят Абенов
Кейде қатты айғайлағым келеді 
Іштей тынған қиын екен себебі 
Айналамда алдайтындар аз емес 
Аңғал жаным бәріне де сенеді 


Кейде қатты айғайлағым келеді 
Іштей тынған қиын екен себебі 
Көз алдымда көлбеңдейді біреулер 
Аңғал жаным бәріне де көнеді 


Кейде қатты айғайлағым келеді 
Іштей тынған қиын екен себебі 
Білмейтіндер біле жүрсін бірақ та 
Аңғал жаным бәрін сезіп көреді 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет