Ми қыртысындағы қызметтердің орны



бет3/5
Дата11.02.2023
өлшемі32,33 Kb.
#67014
1   2   3   4   5
Байланысты:
ми қыртыстары

Аралық ми
Аралық ми (12-сурет) екінші ми көпіршігінен пайда болған, жарты шарлардың ішкі бетінде, сүйелді дене мен күмбездің астында орналасады, құрамына екі көру төмпешігі кіреді (әр жарты шарда). Олардың арасында үшінші қарынша деп аталатын жіңішке саңылау сақталған (бұрынғы ми көпіршігінің ізі). Үшінші қарыншаның түбінен төмен төмпешік асты (гипоталамикалық) аймағы орналасқан, ол гипофизбен (ішкі секреция безі) екі жақты байланыстармен тығыз байланысып, нейроэндокринді жүйе түзеді.
Көру төмпешігі (таламус) әр жарты шарда бар. Екі көру төмпешігі бір-бірімен сұр дәнекер арқылы байланысқан. Сұр дәнекерде екі көру төмпешігі ядроларын біріктіретін жолдар өтеді. Көру төмпешігі үш негізгі ядролардан тұрады: алдыңғы, ішкі және сыртқы. Сыртқы және ішкі ядролардың түйіскен жерінде ортаңғы ядро, немесе Льюис денесі, орналасады. Гистологиялық тұрғыдан көру төмпешігі ядролары ганглиозды көпполюсті жасушалардан тұрады. Сыртқы ядролар жасушаларында хроматофильді дәндер болады. Көру төмпешігі жоғарғы жағынан миелинді талшықтар қабатымен жабылған. Көру төмпешігінің ядролары екі жақты кең байланыстары арқылы ми қыртысымен және қыртыс асты құрылымдарымен қатынасып жатады. Көру төмпешігіне төмен жатқан бөліктерден, ортаңғы, артқы мидан және жұлыннан жүйке жолдары келеді; өз кезегінде көру төмпешігінен де сол бөліктерге кері қарай жүйке жолдары кетеді.
Көру төмпешігіне төменгі бөліктерден келетін жүйке талшықтары сезімталдықтың әртүрлі импульстарын әкеледі. Солай көру төмпешігінің сыртқы ядросына ішкі (медиальды) ілмектің және де жұлын-мишық жолының талшықтары, үштік жүйкенің сезімталдық жолы, кезбе және шығыр нервтерінің талшықтары келеді.
Көру төмпешігінің ядролары көптеген байланыстар арқылы аралық мидың басқа да бөліктерімен қосылады. Осылайша, көру төмпешіктерінде барлық түрлі сезімталдық жолдарының аяқталуы шоғырланады.
Көру төмпешігіне ерекше құрылым тығыз жанасып жатады – тізе тәрізді денелер. Әр жарты шарда ішкі және сыртқы тізе тәрізді денені ажыратады. Тізе тәрізді денеде көру сезімталдығының бірінші нейроны мен есту жолдарының екінші нейроны аяқталады, және де есту жолы ішкі, ал көру жолы – сыртқы тізе тәрізді денеге келеді. Тізе тәрізді денелерде осы денелердің ядроларын түзетін сұр заттың жинақталған жерлері болады.
Көру төмпешігінің артында (кішкене төменірек) ерекше құрылым – эпифиз (ішкі секреция безі) орналасқан.
Зерттеулер көрсеткендей, эпифиз организмнің бірқатар маңызды функцияларын басқаруда ерекше роль атқарады. Эпифизден басқа да эндокриндік бездердің қызметін реттеп отыратын гормондық белсенділігі бар заттар бөлінген. Эпифиз организмнің күн мен түннің ауысуына бейімделуі мен бағдарлануына мүмкіндік беретін мүше қызметін атқарады деп болжанған. Оның гормоны организмнің бірқатар жүйесінің жұмыс істеу ырғақтылығына, соның ішінде жыныстық циклға, әсер етеді. Эпифиз қызметінің тежелуі балаларда ерте жыныстық жетілуге әкеледі. Эпифиз функциясының бұзылысы балаларда орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануы кезінде жиі байқалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет