Ми қыртысындағы қызметтердің орны



бет2/5
Дата11.02.2023
өлшемі32,33 Kb.
#67014
1   2   3   4   5
Байланысты:
ми қыртыстары

Екіншілік алаңдар, біріншілік алаңдардың үстіне құрыла орналасып, бас пен көздің бұрылуы, бас пен дененің бұрылуы, қолдың ұстап алу қозғалысы, жалпы және артикуляциялық бұлшық еттердегі ауысулар сияқты қозғалыс актілерін ұйымдастыруда күрделі интегративтік қызмет атқарады.
Сөйлеу қызметінде мидың доминантты жарты шарының үшіншілік алаңдары ең үлкен маңызға ие болады. Қыртыстың барлық бөліктерінен және мидың төменгі бөлімдерінен күшті импульстер алып, қыртыстың үшіншілік алаңдары белсенділік күйлерін ойластырылған мақсаттар мен ниеттермен сәйкестікке келтіре отырып, оларды реттеуде маңызды роль атқарады. Белсенділік күйін реттеумен қатар, мидың префронтальды аймақтары адамның мінез-құлқының қалыптасуына қатысады. Мидың префронтальдық алаңдарының өсу қарқыны 3-4 жаста және 7-8 жаста күшейеді, бұл нерв жүйесі дамуының жауапты сын кезеңдеріне сәйкес келеді.
Маңдай қыртысының төменгі бөлімдері лексикалық және грамматикалық құрылымдардың қалыптасуымен байланысты. Адамның саналы қызметінің реттелуі сөйлеудің қатысуымен іске асырылады. Психикалық процестер сөйлеу қызметінің негізінде қалыптасып, соның негізінде өтеді. Сөйлеу қызметі дамудың ерте сатыларында жайылған сипатта болады, ал кейін бара-бара қысқара отырып, ішкі сөйлеуге ауысады, сондықтан маңдай бөліктерінің бағдарламалаушы, реттеуші және қадағалаушы әсері сөйлеу қызметімен тығыз байланысты. Адам миының маңдай бөліктері кез-келген саналы қызметпен бірге ере жүретін белсенділіктің шұғыл жоғарылауына тікелей қатысады.
Қорытындылай келе, рефлекторлық сақина деп аталатын күрделі өзін-өзі реттейтін жүйенің қалыптасуын қамтамасыз ететін үш қызметтік бірлестіктің тығыз байланысын атап өту керек. Оның әрбір бөлшегінің құрамына афференттік және эфференттік құрамдас бөліктер кіреді және психикалық қызметтің сипатын анықтайды (А. Р. Лурия, А. Н. Леонтьев).
Өз бетінше дайындық сұрақтары:



  1. Қызметтердің үлкен жарты шарлар қыртысындағы орнының мәселесі қай кезден бастап дамыды?

  2. Осы мәселеге деген қандай негізгі көзқарастар болды?

  3. Локалистикалық бағыттың мәнісі неде?

  4. Қыртыстың эквипотенциалды қызметі туралы пікірді қалай түсіндіңіз?

  5. Бұл пікірлер неге негізделді және олардың қарама-қайшылығының шешілмеу себебі неде болды?

  6. И. М. Сеченов пен И. П. Павлов еңбектерінің қыртыстағы қызметтердің орны жайлы мәселенің шешім табуына қосқан үлесі қандай?

  7. Қыртыс құрылысындағы 3 түрлі аймаққа сипаттама беріңіз?

  8. Осы аймақтардың тығыз байланысы нені қалыптастырады?

  9. Жүйке жүйесі дамуының жауапты сын кезеңдері қай жаста болады?

  10. Қыртыстың маңдай бөлігінің негізгі қызметтік маңызы неде?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет