Мүлік бөлінісі Microsoft корпорациясы бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етуде Windows операциялық жүйесі арқылы дүниежүзіне танылады. Қазіргі таңда корпорация жаңа өнімдер шығарумен айналысуда, олар: сервер бағдарламаларының жинағы, ойындар, бағдарлама құру құралдары т.б. Microsoft-тың Navision, Solomon, Great Plains компанияларын сатып алуының нәтижесінде жаңа әрі ірі Microsoft Dynamics (бұрын Microsoft Business Solutions деп аталған) бағыты пайда болды.
Қайырымдылық АҚШ-та Microsoft бірнеше мемлекеттік саяси институттарға қаржылай көмек көрсетеді, соның ішінде American Enterprise Institute, Cato Institute, стратегиялық және халықаралық зерттеу институты және «Наследие» қоры. Әлемнің көптеген мемлекеттерінде Microsoft Software Donation бағдарламасы бар. Бұл бағдарлама бойынша коммерциялық емес ұйымдарға немесе NGO-ға тегін бағдарламалар орнатылады. 2008 жылдың қаңтар айынан бастап, Dell компаниясымен қосылып, Африка елдерінде ЖИТС-қа қарсы қайырымдылық жоба ұйымдастырады. Ноутбуктың XPS версиясының сатылымынан түскен қаржыдан аталған дертке қарсы көмек ретінде арнайы қорға ақша бөлініп отырады. 2006 жылдан бастап Microsoft Сиэтлде ұйымдастырылатын гей-парадқа демеушілік көрсетеді.
2002 ж. соңынан бастап Алматы қаласында Microsoft кеңсесі жұмыс жасап келеді. Мақсаты: бағдарламалық қамсыздандыру нарығын дамыту және Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан аумақтарына жаңа технологияларды енгізу мен тарату.