Технологиялары



Дата10.02.2023
өлшемі16,19 Kb.
#66700
Байланысты:
daris 10


CRICPR/cas Технологиялары

CRISPR технологиясы тірі заттар және жасанды синтетикалық ДНҚ геномымен керемет нәрселер жасауға мүмкіндік беретін нақты және қуатты құралға айналды. Алайда, CRISPR технологиясының көмегімен генге араласуға кедергі келтіретін кейбір контрмерлердің қажет болып қалатын көптеген жағдайлар болады. Мұндай контрмерлер тірі заттарды олардың генетикалық кодына байқаусыз немесе қасақана араласудан қауіпсіздендіре алады. Жақында Broad Institute институтының зерттеушілері гендік редакциялау технологиясының жұмысын тиімді бұғаттай алатын күрделі органикалық молекулаларды тауып шықты.


ДНК және CRISPR-Cas9 молекулалары арасындағы барлық өзара әрекеттестікті тиімді бұзатын, қолдануға лайықты CRISPR-ингибиторлардың молекулаларын тауып алу үшін зерттеушілер мамандандырылған бағдарламалық жасақтама арқылы 15 мыңнан астам түрлі органикалық молекулаларды зерттеді. CAS 9 ферментін ДНҚ молекуласымен біріктіруге кедергі болатын BRD0539 деп аталатын ерекше құрылым зерттеушілердің көнілін аударды. Алайда, осы кішкентай молекулалардың қызмет деңгейі олардың шоғырлануына тікелей байланысты, бұл нақты уақыт режимінде осының барлығын басқаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, BRD0539 құрамы қан плазмасында бола тұрып, тұрақтылықты сақтайды және қажет болған жағдайда денеден оңай шығарылады.
Ген инженериясы адамға бұрын кездеспеген ағзаларды жасақтаумен қатар, генетикалық ауруларды жоюға мүмкіндік береді. Дегенмен, ген инженериясының жеткен жетістігі әзірге ауыз толтырып айтарлықтай жоғары емес. Өйткені CRISPR/Cas9 технологиясы әлі күнге дейін оң көрсеткішке қол жеткізе қойған жоқ. 

CRISPR/Cas9 жүйесі — ДНҚ-қайшылар. Бұл технологияны ген инженериясы саласындағы революция ретінде қарастырады. Оның көмегі арқылы адам геномін өңдей алады: олардың қауіпті мутация үрдісі жүріп жатқан бөлігін алып тастап, тұқым қуалайтын түрлі аурулардың тасымалдушысынан құтылуға болады.


CRISPR/Cas9 технологиясы ғалымдардың қолынан емес, табиғаттың әсерінен дүниеге келді. Бұл бактериялардың ағзасында өмір сүріп, бактериофагтармен қатар, өзге паразиттермен күресетін молекулярлы механизм. Яғни, адам денесіне түскен инфекциямен күресетін иммунитет жүйесінің негізігі қызметіне сәйкес жұмыс істейді. CRISPR — ДНҚ-ның ерекше бөлімі. Олардың құрамында бір кездері тегінде кездескен, бірақ, күшті қорғаныс жүйесі нәтижесінде жарыққа шықпаған ДНҚ-вирустардың кішкентай бөлігі орналасады. Бұл бөліктер спейсер деп аталады.


CRISPR қалай жұмыс жасайды?


Бактериофаг бактерияның ішіне түскен сәтте, crРНҚ деп аталатын спейсер шаблоны түзіледі. Түзілген РНҚ тізбегі Cas9 нәруызымен бірігіп, вирусты ДНҚ-ны кесіп тастайды. Дегенмен, оны жүзеге асыру үшін алдымен crРНҚ өзіне сәкес келетін вирусты ДНҚ бөлігін табуы тиіс. Кейін, Cas9 өзге тараптан келген нуклейн қышқылын жойып жібереді.

CRISPR несімен ерекшеленеді?


Бұл технологиялар ғалымдарды дәлдігімен қызықтырған болатын. «Антивирусты» жүйе үшін маңызды қызмет – миллиондаған тізбектің арасынан вирусты ДНҚ анықтап, оған қарсы шабуыл жасай білу. Бастысы, оны өз геномімен шатастырып алмау. Табиғатта бактерияның бұл қызметі эволюция нәтижесінде жетіліп, адамның генінде де өзгерістер бола алатынын көрсеткендей.

CRISPR негізгі міндеті қандай?


Генді бұзбай, тізбектегі біртектілік қалыпты сақтай отырып, ағзаның мінсіз қалыптасуын қамтамасыз ету – технолгияның міндеті. Өйткені, жылдан жылға аурулардың жаңа түрі пайда болып, сипаты өзгеріске ұшырап жатыр. Оның емін табу үшін адамзат тағы бір ғасырын жоғалтады. Ал, бұл технологиялар уақыт пен күшті сақтауға әрі ұрпақтың сау болуына септігін тигізері анық.


Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/tehno/49377

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет