Microsoft Word 1-8 тақырыптар лекция



Pdf көрінісі
бет47/80
Дата25.02.2022
өлшемі1,75 Mb.
#26435
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   80
Байланысты:
psihologia lecture

басты 
көрсеткіші 
– 
олардың 
иерархиялылығы.  Иерархиялық  мәртебе  бойынша  мақсаттар  төрт  негізгі 
типке  жіктеледі:  жетекшіліктің  жоғары,  орта  және  төмен  деңгейдегі 
мақсаттары  мен  атқарушылардың  немесе  қол  астындағылардың  жеке 
мақсаттары. 
Орта  деңгей  –  мақсаттары  осы  иерархияда  үлкен  рөл  атқарады, 
сондықтан  негізгі  құрылымдық  бөлімшелерге  қатыстылық  белгісі  бойынша 
ұйым  мақсаттарының  жіктемесі  айқындалады.  Бұл  –  мақсаттарды 
өндірістікке,  қаржылыққа,  кадрлыққа,  перспективаға,  инновациялыққа, 
зерттеулікке, әкімшілікке бөлу.  
Мақсаттарды 
жіктеудің 
екіншісі 
функционалдық 
көрсеткіштерге 
негізделген.  Ол,  негізінен,  жетекші  іс-әрекетін  сипаттайды.  Оның  кез  келген 
мақсаты белгілі бір басқару қызметімен қатынаста болады, ал осы қызметтер 
жүйесі мақсаттардың тағы да бір типологиясына негіз болады. 
Мақсаттар  уақытша  перспектива  көрсеткіші  бойынша  ұзақ  мерзімді, 
орта  мерзімді  және  қысқа  мерзімді  (перспективалы)  болып  жіктеледі.  Ұзақ 
мерзімді  мақсаттар  (1-ші  деңгей)  қысқа  мерзімді  мақсаттарды  беретін  (3-ші 
деңгей) орта мерзімділерді (2-ші деңгей) анықтайды. 
Мақсаттардың  уақытша  жіктемесі  көбінесе  олардың  мәнді  көрсеткіш 
жіктемесіне 
байланысты. 
Мақсаттардың 
негізгі 
үш: 
стратегиялық, 
тактикалық және жедел (оперативтік) типтері атап көрсетіледі.  


Мазмұны  бойынша  мақсаттардың  экономикалық,  ұйымдастырушылық, 
ғылыми,  әлеуметтік,  кадрлық,  техникалық,  политехникалық  және  басқа 
түрлері болады. 
Мақсаттар сыртқы және ішкі ұйымдық болып бөлінеді. 
Ұйым  мақсаттары  оларды  жүзеге  асыру  кезектілік  белгісі  бойынша  да 
жіктеледі:  кезек  күттірмес  (айрықша  басымдықтағы),  бірінші  кезектегі 
(басымдықты) және кейінге қалдырылған. 
Мақсаттар  сандық  және  сапалық  болып  та  бөлінеді.  Мысалы, 
«рентабелділікті  15%  арттыру»  –  сандық  мақсат,  ал  «әкімшілік  ақпаратты 
құрылымдық қайта ұйымдастыруды жүргізу» сапалық болып есептелінеді. 
Ұйым  мақсаттары,  сондай-ақ  қайталанатын  (стереотиптік)  және  бір 
мәртелік (бейімделу) болып та бөлінеді. 
Ұйым  өмір  сүруінің  белгілі  бір  кезеңдеріне  бағытталу  белгісі  бойынша 
жіктелу  мақсаттардың  төрт  категориясынан  тұрады:  басқару  жүйесін 
жобалау  мен  жасауға,  оның  дамуына,  тұрақты  қызмет  етуіне  және  жүйенің 
өмірлік циклінің аяқталуына байланысты.  
Мақсаттардың 
қарастырылған 
жіктемелері 
олардың 
жалпы 
ұйымдастырушылық 
белгілеріне 
жатады. 
Сонымен 
қатар 
олардың 
жіктемесінің үш негізгі психологиялық көрсеткіші бар: 
1.  Мақсаттарды  аса  ауқымдыға  (жалпы  ұйымдастырушылық),  шағынға 
(топтық) және жекеге бөлу; 
2.  Мақсаттарды  олардың  қою  айқындылығы  бойынша  айқындау 
(құрылымданған және құрылымданбаған);  
3.  Ұйымға  кіретін  индивидтер  мен  топтардың  бейресми  және  нақты 
мақсаттарын анықтау. 
Қарастырылған жіктемелердің алуан түрлілігі мен әртүрлі ауқымдылығы 
жетекші  іс-әрекеті  мазмұнының  көпжақтылығы  мен  оның  күрделілігін 
айқындайды. 
Мақсат  қою  қызметін  жүзеге  асырудағы  негізгі  талаптарды  да  игеру 
маңызды  әрекет.Мақсаттардың  кез  келген  типіне  қойылатын  талаптар 
«мақсаттардың негізгі сипаттамалары» ұғымын береді.  
«Жақсы қойылған» мақсаттың басты сипаттамасы – оның айқындығы, ол 
объективті және субъективті екі аспектіден тұрады [36]. 
Объективті  тұрғыдағы  айқындылық  мақсаттың  нақты  тұжырымдалуын, 
оны  қою  тәсілдерінің  нақтылығын  білдіреді.  Мүмкіндік  болса  мақсатты 
сандық  та,  сапалық  та  түрде  ұғыну  қажет  (мақсат  өлшемділігі  талабы).  Бұл 
мақсатқа қол жеткізу дәрежесін тексерудің объективтілігін қамтамасыз етеді. 
Айқындылық  субъективті  түрде  атқарушылардың  мақсатты  бастапқы  түрде 
тұжырымдалған ұғымда дәл қабылдауын білдіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет